«Мен-концепциясының» құрылымы.
«Мен-концепциясы»
Шынайы «Мен»
Идеалды «Мен»
Бағалаушы компонент
Жүріс-тұрыстық компонент
Когнитивтік компонент
Жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
Жас өспірімдік және оның шағының шектері. Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екінші әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Дене күшінің дамуы.
Балаң жастық – адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы. Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе алып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсінектерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліетерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік – эконнмикалық факторлар әсер етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескерту өте маңызды.
Ересектермен қатынасы
Ең біріншіден ата-аналарымен қатынасы. Ата-аналар әсері шектеліне бастайды, енді олар төменгі мектеп жасындағындай бала өмірінің барлық аймақтарын қарай алмайды. Құрбы-құрдастар пікірі достық қатынастарда, көңіл көтерулермен байланысты, музыкамен, модамен байланысты сұрақтарда аса маңыздырақтау. Алайда жасөспірімнің құндылықтық бағыттануы, оның әлеуметтік проблемаларды түсіну, оқиғалар мен қылықтардың адамгершіліктік бағалануы бұнда негізінен ата-ана позициясына тәуелді болып келеді.
Сонымен қатар жасөспірімдерге жақын ересектерден эмансипацияға ұмтылу тән. Ата-аналарды, олардың қамқорлығы мен махаббатын қажетсіне отырып, жасөспірімдерты дербестікке, өзінділікке үлкен ұмтылыс сезінеді. Екі жақ үшін де бұндай қиын кезде қандай қатынас құрылатындығы негізінен жанұяда қалыптасқан тәрбиелеу стиліне және де ата-аналардың қайта құрылу, яғни өз балаларының ересектік сезімін қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты.
Қарым-қатынасудағы негізгі қиындықтар, қақтығыстар жасөспірімнің оқуына, жүріс-тұрысына, досты таңдауға және т.б. ата-аналық бақылаудан пайда болады. Бақылау әр түрлі болады. Жасөспірімнің дамуы үшін ең жағымсызы бұл авторитарлы тәрбиелеу кезінде қатал, тотальді бақылау және жасөспірімді бос жіберу кезіндегі бақылаудың мүлдем жоқ болуы.
Жанұялық қатынастарда бақылаудан басқа ата-аналардың нені күтетіндігі, балаға деген қамқорлық, оған берілетін талаптардың кезектестігі не кезектессіздігі және де, әрине, бұл қатынастардың эмоционалдық негізі – махаббат, баланы қабылдау немесе қабылдамауы өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |