Тарау 1
МИФОЛОГИЯЛЫҚ МЕКТЕП
Жалпы сипаттамасы. Ф.И.Буслаев – орыс мифологиялық мектебінің негізін қалаушы.Ғылыми жолының басталуы. Буслаев еңбектеріндегі мифологиялық тұжырымдамалар. Ғалымның теориялық еңбектерінің эволюциясы.Буслаев және орыс фольклорындағы антропологиялық мектеп. Буслаев- көне орыс әдебиеті тарихшысы. Салыстырмалы мифологиялық мектебі (кіші мифологтар): А. Н. Афанасьев,О. Ф. Миллер, А. А. Котляревский. Орыс мифологиялық мектебіндегі революциялық мектеп (И.А.Худяков, И.Г.Прыжов, П.Н.Рыбников). А.А.Потебнидің мифологиялық концепциялары. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы мифологиялық зерттеулер.
Әдебиет туралы академиялық ғылымның, ең алдымен фольклористиканың филологиялық зерттеулердің ерекше саласы ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарған орыс мифологиялық мектебі XIX ғасырдың 40-50 жылдарының басынан бастап қарқынды дами бастады. Осы уақыт ішінде орыс мифологиялық мектебі ғылыми зерттеудің жаңа әдістемесі қолданылған бірқатар тарихи-әдеби және фольклорлық-этнографиялық жұмыстарды жария етті. Бұл әдістемеге салыстырмалы-тарихи зерттеу әдісі негіз болды, тілдің, халық поэзиясы мен халықтық мифологияның байланысын орнатуға, яғни, ХІХ ғасырдың бастапқы кезеңіндегі неміс ғалымдары ағайынды Гриммдер әдебиет және халық әдебиеті ғылымына енгізген көзқарастар мен зерттеу әдістеріне негізделген. Орыс тарихнамасында орыс мифологиялық мектебінің Гримм мектебімен байланысын мойындау дәстүрге айналған болатын. Сонымен қатар, орыс мифологтары да соңғы жылдарға дейін неміс мектебінің тікелей ізбасарлары мен шәкірттері ретінде қарастырылды.
Неміс ғалымдары ағайынды Гриммдердің мифологиялық тұжырымдамалары ұлтшылдық идеяларға толы болғанмен бірнеше рет ғылыми әдебиеттерде аталып өткен. Орыс ғалымдары мифологияға түбегейлі басқа позицияда жүгінді. Мифтерді халықтық дүниетанымның көрінісі ретінде қарастыра отырып, ғалымдар халықтың шығармашылық жолдарын анықтау, оның ғасырлар бойғы мәдениетінің мәнін ашу міндетін қойды.
Орыс мифологиялық мектебінде Батыс Еуропа мектебінің төңірегінде пайда болған барлық дерлік негізгі мифологиялық тұжырымдамалар кеңінен көрініс тапты. Ерекше ғылыми бағыт ретінде орыс мифологиясында кіші мифологтар мектебі немесе салыстырмалы мифология мектебі айқын аңғарылды.
Ф.И.Буслаев
Мифологиялық мектептің Ресей аумағында пайда болуы орыс халқының ғұлама ғалымы Ф.И.Буслаев(1818-1897) есімімен тығыз байланысты. Ғалым әдебиет пен халық поэзиясын, ежелгі орыс және Византия өнерін, лингвистика мен археологияны ғылыми зерттеудегі маңызды рөлге ие. Буслаевтың осы білім салаларының әрқайсысындағы еңбектері тек орыс қана емес, сонымен қатар әлемдік филология ғылымының дамуындағы тұтас кезеңді құрады.
Буслаевтың ғылыми мұрасын қазіргі тіл, әдебиет және халық шығармашылығының тарихшылары жоғары бағалайды. "Әдіснамалық тұрғыдан, - деп жазады Н. К. Гудзи, - Буслаевтың еңбектері, әсіресе орыс тарихы мен халық поэзиясы жайындағы еңбектері ол өзінің көзі тірісі кезінде де-ақ ескірген, оны өзі де жақсы білді, солай өз шәкірттеріне де жол ашты. Дегенмен бұл еңбектерге салынған ғылыми ізденістер әлі де болсын өз мәнін жойған емес, олардағы нақты материалдың байлығы да, өзінің табиғатының қасиеті бойынша өзін қазіргі академиялық ғылым шеңберімен шектейтін ғалымға қол жетімді жалпылама ойдың кеңдігі де ескірген жоқ". Буслаевтың көптеген ғылыми идеялары уақыт сынынан өтті.
1874 жылы Буслаев «Странствующие повести и рассказы» атты кең көлемдегі мақаласын жариялады, бұл мақалада- өзара әдеби қарым-қатынас теориясы тұрғысынан- халықтар арасында-фольклорлық-әдеби материалды зерттеудегі мифологиялық тұжырымдамаларға айтарлықтай қарсы шықты. 1873 жылы Буслаев А.Н.Веселовскийдің «Шығыс пен батыстың әдеби қарым-қатынас тарихынан («Из истории литературного общения Запада и Востока») атты докторлық диссертациясын жоғары бағалайды. Сүлеймен мен Китоврас ( Соломон и Китоврас) жайлы славян ертегілер мен Морольфе мен Мерлин туралы батыс аңыздары (1872) турасында Буслаев бірнеше ой-пікір білдірген.
Жалпы, Буслаевтың ғылыми қызметі, ғылым жолы, бүкіл еуропалық ойдың тууымен, оның ішінде, әсіресе, тіл білімі саласының жалпы жандануымен, ғылымдағы жаңа бағыт салыстырмалы-тарихи әдісті бекітумен сәйкес келді. Оның негізі ретінде Ф.Бопптың, Р.Расктың және, Я.Гриммнің «Неміс грамматикасы»(«Немецкая грамматика»), «Неміс тілі тарихы» («История немецкого языка») атты еңбектерде қаланды.
Еуропалық ғалымдардың еңбектерімен танысу арқылы,оның ішінде, В.Гумбольдт, ағайынды Гриммдердің еңбектері Буслаевтың өзіндік теориялық көзқарастарының қалыптасуына айтарлықтай әсер етті, сонымен қатар ғалымның ғылыми қызығушылығының көлемін айтарлықтай кеңейтті.
Буслаев өзінің ғылым жолын лингвист-ғалым ретінде бастайды. Ғалым бірнеше неміс ғалымдарының еңбектерінде нәтижелі жетістікке жеткен салыстырмалы-тарихи талдау әдістемесін өзінің ана тіліне,яғни, орыс тілі мен туған тарихын зерттеуге қолдануға ұмтылады. Ғалымды В.Гумбольдт пен Гриммдердің кез-келген тілдегі халықтың рухани өмірінің көрініс туралы лингвистикалық теориясының маңызды ұстанымдары жігерлендіреді. «Лингвистің ең қажетті мақсаты иемденетін кезі - деп жазады ол кейінірек – әріптер мен жалғауларды зерттеумен шектеліп қана қоймай, тілді үйренуге, сол халықтың рухани өмірін зерттеуге ұмтылған шағы» дейді. Расымен де, ХІХ0 ғасырдың 40-60жылдардың өзінде де, лингвист-Буслаевтың ерекшелігі оның кең құлашты мәдени-тарихи бағдары немесе бағыты болды. Қазіргі орыс тарихи тіл білімінің дамуына үлкен үлесін қосқан ғалымның 1844 жылы шыққан алғашқы кең көлемді «Ана тілді оқыту хақында» («О преподовании отечественного языка») еңбегінің өзінде Буслаев орыс халқының мәдениеті мен халық поэзиясының тарихымен ажырамас бірлікте, байланыста орыс тілінің тарихын қарастырды.
Буслаевтың өзінің туған халқының поэзиясы жайлы айтулы еңбектері, ХІХ ғасырдың 50 жылдарында өзі жазған ежелгі орыс әдебиеті мен ежелгі орыс өнері турасындағы «Орыс халық әдебиеті мен өнерінің тарихи очерктері» («Исторические очерки русской народной словесности и искусство»(1861) атты екі томдық еңбегіне енді.
Достарыңызбен бөлісу: |