Білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы ақпарат Еуропалық Одақ 2007-2013 жылдарға арналған «Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақ стратегиясы: Қазақстанға жаңартылған басымдықтар»



жүктеу 314.29 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі314.29 Kb.



Білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық

туралы ақпарат
1. Еуропалық Одақ

2007-2013 жылдарға арналған «Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақ стратегиясы: Қазақстанға жаңартылған басымдықтар» бағдарламасында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың өзара әрекеттесуі келесі бағыттарда жүргізіледі:

- өңірдегі мемлекеттердің жоғары оқу орындары мен Еуропалық Одақтағы серіктестермен ынтымақтастықты нығайту;

- техникалық және кәсіптік білімді дамыту.

Еуропалық Одақ Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім жүйесінің дамуына белсенді түрде атсалысуда.

2010 жылдың 1 тамызынан бастап Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беру мен оқытуға көмек көрсету» атты жаңа жоба іске асырылуда.

Еуропалық білім қоры, Британ кеңесі, Техникалық ынтымақтастық бойынша герман қоғамы, Интернациализациялауды дамыту мен біліктілікті арттырудың халықаралық орталығы сияқты халықаралық серіктестердің қатысуымен 7 жоба іске асырылуда (Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік, кедейшілікті төмендетудің дағдысын дамыту, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту).

2010 жылғы 11-12 наурызда Будапешт, Вена қалаларында өткен Болон процесіне қатысушы елдердің Білім министрлерінің II Болон Форумында Қазақстан Республикасы Болон процесіне қосылды.

Қазақстан Республикасының Болон декларациясына қол қоюы жоғары білім жүйесінің халықаралық деңгейде танылуында маңызды рөль атқарады.

2010 жылы Министрліктің қызметкерлері Еуропалық Кеңестің Жоғары білім және зерттеулер комитеті мүшелерінің отырысына, еуропалық өңірдің жоғары біліміне жататын Біліктілікті тану конвенциясы комитетінің бесінші сессиясына, Болон процесіне мүше-мемлекеттердің жұмыс тобына қатысты.

Ұлттық білім жүйесі әлемдік білім кеңестігіне кірмей дамымайды.

60 қазақстандық жоғары оқу орны Болон декларациясының негізі болып келетін Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.

Қазақстандық жоғары білім беру мекемелері еуропалық және орта азиялық жоғары оқу мекемелерімен бірге ТЕМПУС, Эразмус Мундус халықаралық жобаларында белсенді қатысады.

Эразмус Мундус жобасы бойынша 2009-2010 оқу жылына 2 консорциум қаржы алды:



- Technische Universiteit Eindhoven (Нидерланды) Германия, Швеция, Испания, Словения, Португалия, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елдері университеттерінің қатысуымен.

- Erasmushogeschool Brussel (Бельгия) Германия, Литва, Болгария, Финляндия, Польша, Испания, Чехия, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елдері университеттерінің қатысуымен.

Қазақстанның жоғары оқу орындары – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің қатысуымен 3 жоба Темпус IV бағдарламасы бойынша қаржыландырылады.

Қазақстан Республикасының Еуропалық мәдени конвенциясына қосылуы мен Болон Декларациясына қол қоюы Еуропалық жоғары білім кеңістігінің толық құқықты мүшесі болуына мүмкіндік туғызды.

Бұл Қазақстанның Еуропалық жоғары білім кеңістігінің барлық іс-шараларына қатысуын және Еуропалық Одақтың Қазақстанға келесі жобаларды іске асыруға қаржат бөлуін қарастырады:

- Қазақстанның жоғары білім жүйесінің Еуропалық жоғары білім кеңістігіне кірігуі;

- Қазақстанда тіл, мәдениет және азаматтық қоғам саясатын дамыту;

- Қазақстанның білім саласында мәдениетаралық саясатты қолдау.



БҰҰ

Қазақстан алғаш тәуелсіздік алған күнінен бастап БҰҰ-мен және оның арнаулы мекемелерімен тығыз жұмыс істеуде.

Білім және ғылым саласында БҰҰ Балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) және БҰҰ–ның білім, ғылым және мәдениет ұйымымен ынтымақтастық жүргізілуде.
ЮНИСЕФ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы ынтымақтастық 1992 жылдан бастап орнатылған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің арасындағы ынтымақтастық бес жылдық кезеңге қол қойылған Елдік бағдарлама негізінде жұмыс жасап келеді. 2005-2009 жылдарға арналған Елдік бағдарлама бюджеті 3,5 милион долларды құрады.

2010 жылы БҰҰ Балалар қоры ҚР Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Әділет, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесіп «Отбасына бағытталған балалық шақты қорғау» және «Балалар үшін әділеттілік» атты екі құрамдастан тұратын 2010-2011 жылдарға арналған балалық шақты қорғау бойынша екі жылдық жылжымалы жоспарға қол қойды.

Жоспарға сәйкес жергілікті және орталық деңгейде балалық шақты қорғаудың тиімді механизмдерін нығайтуға бағытталған іс-шаралар іске асырылды.

ЮНИСЕФ-пен бірлесіп:

- отбасылық және балалық сәтсіздікті ерте анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізіліп, нәтижесінде «Отбасы тұрмысының қолайсыздығын ерте анықтаудың мониторингі» атты жинақ шығарылды.

- жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сонымен қатар интернаттық мекемелерге түспей қалған балаларға арналған мекемелерді деинституциционализациялау.

- Қазақстанға арналып «Сәбиге дос қалалар» жобасының тұжырымдамасы жасалды.

- Кеңес және САТР орталығының базасында инклюзивті білім беру орталығының моделі құрылды.

Отбасына қолдау корсету үшін қауымдастық деңгейінде екі орталық (ОҚО және ШҚО) құрылды. ОҚО әкімдігі орталықтардың жұмысын қамтамасыз ету үшін екі милион теңге бөлді.

БҰҰ-ның Балалар қорымен бірге келесі жобалар іске асуда:

«Сәбиге дос қалалар» жобасы

Жоба шеңберінде Отбасы және балалық шақты қолдау орталығы (Өскемен қаласында), Мәдени-сауықтыру және спорт орталығы (Сәтпаев қаласында), Проблемалық отбасы орталығы (Сарань қаласында) ашылды.

.

«Ұлттық тегін телефон желісі «150» жобасы

2010 жылдың 17 мамырынан бастан аталған жоба Қазақстанның барлық өңірінде асырылуда. Өмірде қиын жағдайға тап болған әрбір бала осы желіге жәрдем сұрап хабарласа алады мысалы, психологиялық, эмоционалдық, сексуалдық, және дене зорлығы, ата-анамен келіспеушілік, мектепте, достармен қарым-қарым қатынаста.


ЮНЕСКО

Министрлік пен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық жыл сайын бекітілетін ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес іске асады.

Жоспарға сәйкес мәдениетаралық және дінаралық сұхбат, мәдениет және мәдени мұраны қорғау саласында бірқатар жұмыстарды атқару, сондай-ақ білім, мәдениет, ғылым, ақпарат және коммуникация саласында іс-шаралар өткізу қарастырылған.

«Білім барлығына» бағдарламасының мақсаттарына жету үшін Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлі Офисімен белсенді жұмыс атқарылуда.

Аталған бағдарламаның мақсаттарын іске асыру үшін Білім жөніндегі Орта Азия елдері мен Қазақстан форумы өткізіліп тұрады (2 Форум Қазақстанда 2002, 2007 жж. өткізілді).

ЮНЕСКО-ның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы ЮНЕСКО Кафедраларының шеңберінде жүзеге асады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 5 ЮНЕСКО кафедрасы жұмыс істейді. Сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиалық ұлттық университеті базасында 6-кафедраны ашу бойынша келісімге қол қою туралы келіссөздер жүргізілуде.

ЮНЕСКО-ның көмегімен төмендегілер әзірленді:



  • 7-17 жас аралығындағы балаларға СПИД инфекциясының алдын алу бойынша кіріктірілген курс бағдарламасының оқу құралы;

  • Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған СПИД инфекциясының алдын алу бойынша оқу бағдарламасы;

  • жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған «СПИД инфекциясының алдын алу» бойынша оқу бағдарламасы оқу құралы.

Осы бағыт бойынша ЮНЕСКО-ның қолдауымен 4 семинар-тренинг ұйымдастырылды.

2009 жылы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт ЮНЕСКО-ның қолдауымен 2 гранттық жобаны іске асырды:

- Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар жөнінде қазақстандық мұғалімдердің білімін даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру – 1 кезең:

- Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар жөнінде қазақстандық мұғалімдердің білімін даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру – 2 кезең.

ЮНЕСКО-мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық әртүрлі нысанда жүзеге асырылуда: конференцияға қатысу, халықаралық жобаларға Қазақстан ғалымдарының сараптамалық және консультативтік қатысу, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2010 жылдарға арналған жұмыс жоспары шеңберінде бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру.

Осыған байланысты, Ш.Ш. Уәлихановтың 175 жылдығы Алматы, Қызылорда, Көкшетау қалаларында халықаралық және республикалық деңгейде атап өтілген.

ЮНЕСКО-ның аясында өңірлік гляциология орталығын құру жөніндегі дайындық жұмыстарын аяқтау шеңберінде (2-санат) UNDP және Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның кластерлік офисінің қолдауымен География институты Орталық Азиядағы гляциология проблемалары атты халықаралық семинар өткізді (Алматы қаласы 2010 жыл 15 қараша ).

Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері ЮНЕСКО-ның жобаларына сарапшы - консультант ретінде шақырылуда: 2008 жылы «Орта Азиядағы мәдениетаралық диалог және мәдени әртүрлілік», 2010 жылы «XIX ғ. екінші жартысы –XX ғ. басындағы Орта Азия және Кавказдағы әлеуметтік және мәдени инновацияны салыстырмалы зерттеу» және т.б.

«ЮНЕСКО-ның бүкіл дүниежүзілік мұралар тізіміне Орта Азия мен Қытайдағы Ұлы Жібек жолын қосу, қазіргі таңда А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты алдын ала тізімді дайындаған. 30 тарихи және мәдени ескерткіштер іріктелген. «Ұлы Жібек жолы» номинациясына 4 дәрежелі ескерткіш алынған.

ЮНЕСКО-ның жобасы аясында «Отырар алқабының құжаттамасы – ЮНЕСКО-ның бүкіл дүние жүзілік мұралар тізіміне бастапқы дайындық кезеңі», бірыңғай деректер базасын және есептік ақпараттық қоймасын құру жөнінде жұмыстар атқарылған.

Осыған орай, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты «Ғылым және руханият» атты ЮНЕСКО-ның кафедра веб-сайтын құру жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыстар 2010 жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда.


2. Грекия Республикасымен және ИКҰ-мен білім және ғылым саласында ынтымақтастық туралы ақпарат жоқ.
3. Австрия Республикасы

Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберінде жүзеге асырылады.

2005 жылдан бастап осы күнге дейін Австрия Республикасында білім алу үшін 11 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды, оның ішінде:

- магистратура бағдарламасы бойынша 3 стипендиат оқуды бітірді;

- Konservatorium Wien оқу орнында бакалавр бағдарламасы бойынша 1 стипендиат білім алуда;

- Diplomatische Akademie Wien оқу орнында магистратура бағдарламасы бойынша 2 стипендиат білім алуда;

- тілді дамыту курстарында 3 стипендиат оқиды;

- академиялық оқуға орналастыру үшін 2 стипендиатпен жұмыс жүргізілуде.

2010 жылға Қазақтан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын иегерлеріне оқу және ғылыми тағылымдаман өту үшін ұсынылған алдыңғы қатарлы Австриялық жоғары оқу орындарының және ғылыми орталықтар мен зертханалардың тізіміне:

- Венаның дипломатиялық академиясы;

- Вена университеті;

- Венаның медициналық университеті енді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы әзірленді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы (2010 жылғы 16 ақпаннан №2-05-6/415 хаты) контрагентке жолданды. Жауап күтілуде.
Голландия

Осы күнге дейін Голландиямен білім және ғылым саласында ынтымақтастық орнатылмаған.


4. Түркия Республикасы

Түрік Республикасымен білім беру саласындағы ынтымақтастық 1992 жылдан бастап жүзеге асырылады.

1997 жылғы 4 наурызда Анкара қаласында Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Түрік Республикасы Ұлттық білім министрлігінің арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол койылды.

Аталған хаттамаға сәйкес, Түрік Республикасының Үкіметі тарапынан жыл сайын Түркияның ең үздік оқу орындарында оқу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына квота бөлінеді. 2010 жылы 125 орын берілді. Қазақстан тарапы бакалавриат, магистратура мен аспирантура бағдарламалары бойынша басым мамандықтар тізімін өзі анықтайды.

2007 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі техникалық және кәсіптік білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

2009 жылдың 22 қазанында Анкара қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге қол қойылды.

2007 жылдың маңызды бір оқиғасы – Астана қаласында «НұрОрда» атты қазақ-түрік лицей-кешенінің ашылуы. «НұрОрданың» бұрын ашылған қазақ-түрік лицейлерден айырмашылығы – онда оқушылар 1-сыныптан бастап оқытылады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі даярлау бағдарламасы жүзеге асырылады.

Барлық білім беру мекемелері компьютерлік техникамен, мультимедиалық оқыту жүйесімен жабдықталған. Кітапханалары қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі оқу, ақпараттық, шығармашылық әдебиетке толы.

Қазақ-түрік лицейлерінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, сондай-ақ “KATEV” халықаралық білім беру қоры мен оқушылардың ата-аналары қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.

Екі ел университеттері арасында тікелей қарым-қатынас жылдан-жылға нығаюда. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Алматыдағы Сүлеймен Демирель атындағы мемлекеттік емес университеті, Жамбылдағы есеп-кредит-экономикалық колледжі, «Достық» білім беру орталығы, «Шахлан» атты Қазақстанда тұратын және жұмыс істейтін Түрік азаматтарының балаларына арналған бастауыш мектебі жемісті қызмет етуде.

2009 жылы Түркістанда түрік тарапының қаржысына Халықаралық қазақ-түрік университетінің медициналық факультетінде 40 млн. АҚШ долларына клиникалық-диагностикалық орталық ашылды. Емхананың жабдықталуы медициналық қызмет көрсету саласының барлық халықаралық стандарттарына сай. Алдыңғы қатарлы шетел университеттеріндегі медицина бөлімдерінің тәжірибесіне сәйкес, бұл орталық та Түркиядан озық мамандарды шақырып, оқу мен емдеу үрдістерінің ықпалдасуын жоспарлайды.

Түркияның Жоғары білім кеңесінің деректері бойынша, 1992 жылдан бастап бүгінге дейін Түркияның оқу мекемелерінде 3150 қазақстандық студент оқыды.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында Түркияның 490 азаматы оқиды. 2009-2010 оқу жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындары Түркияның 92 азаматын оқуға қабылдады. 2009 жылы 124 түрік азаматы қазақстандық оқу мекемелерінде оқуды бітірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2009 жылғы Түркияға ресми сапары кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасында ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2010 жылғы 25 мамырда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Түркі өркениеті: кезеңдерді байланыстыратын буын» атты халықаралық еуразиялық конгресс өтті. Конгрестің бағдарламасы шеңберінде ғылыми-зерттеу орталығының – Түркі академиясының тұсаукесері назарға ұсынылды. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев пен Түрік Республиканың Президенті А. Гюль қатысты.

Конгреске қатысушылардың арасында тарихшылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тілтанушылар, алыс және жақын шетелдердің ғылыми өкілдері болды. Жалпы алғанда, барлығы – 350 көрнекті ғылыми өкілі, соның ішінде 50 шетелдік түркітанушы қатысты.

Ғылым мен техника саласындағы негізгі ынтымақтастық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Түрік Республикасы Ғылым және техника кеңесі (TUBITAK) арасында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми ұйымдары Түркияның ғалымдарымен және ғылыми ұйымдарымен қарым-қатынасты жалғастыруда.
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт Ұйымымен білім және ғылым саласында ынтымақтастық туралы ақпарат жоқ.
5. Финляндия

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын әзірледі.

Келісім мыналарды көздейді:

- оқу орындары мен ғылыми мекемелердің арасында тікелей қарым-қатынастың орнатылуы;

- студенттермен, оқытушылармен, ғалымдармен және мамандармен алмасу;

- дайындық, қайта даярлау және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын алдынғы қатарлы шетелдік жоғарғы оқу орындарының және ғылыми орталықтар мен зертханалардың тізіміне Хельсинки университеті қосылды.

Осы уақытта 1 стипендиат Ханкен Экономика Мектебі университетінің «қаржы-ақпараттық жүйелерді жетілдіру» (магистратура) мамандығы бойынша оқуын аяқтады және 1 стипендиат Тампер университетінде "мемлекеттік басқару және әлеуметтік саясат" (докторантура) мамандығы бойынша білім алуды.


6. Беларусь Республикасы

2009-2010 оқу жылында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде 6758 ұлты беларусь оқушы білім алуда. 72 беларусь оқушы қазақ мектептерінде, қалғандары – орыс мектептерінде білім алады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ұлты беларусь 753 студент дәріс алуда.

2009 жылғы 10 маусымда Минск қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді (2003 жылғы 29 қазандағы №1705). Аталған келісімде оқытушылармен алмасу қарастырылған (бакалавриат - 3, магистратура - 2 және докторантура - 1).

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқуы үшін ұсынылатын шетелдің жоғары оқу орындарының тізіміне академиялық оқу үшін Беларусь Республикасының 3 университеті кірді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физика және жоғарғы технология институты жанынан нанотехнология зертханасын құру мақсатында атомды-күштік микроскопия әдісін жоғарғы мультифрактальді талдау бойынша ақпараттандыру бағдарламасы әзірленді.

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-техникалық холдингі» акционерлік қоғамы Беларусь Республикасының Физика – органикалық химия институты арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шарт жасалған. Аталмыш шарт аясында өсімдік тектес құрамды жаңа синтезді физиологиялық белсенді қосылғыштарды ажырату және олардың құрылымын айқындау бойынша біріккен жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, Беларусь Республикасымен Қазақстандағы шикізат өсімдіктерінен дәрілік препараттарды тіркеу және жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылуда.
Украина

2010 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Аталған келісім шеңберінде студенттермен алмасу қарастырылған (30 - бакалавриат, 10 магистратура).

Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде 2009-2010 оқу жылында ұлты украин 35249 оқушы білім алуда, олардың 17324-і қыз бала. 268 украин оқушы қазақ тілінде білім беретін мектептерде, қалғандары орыс тілінде білім беретін мектептерде білім алуда.

1993 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Украинаның жоғары оқу орындарында оқу үшін 50 стипендия тағайындалған (2008 жылы - 28 стипендия, 2009 жылы – 10 стипендия, 2010 жылы – 12 стипендия).



7. Венгрия Республикасы

Қазақстан Республикасы мен Венгер Республикасы арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізі:

- Қазақстан Республикасы мен Венгер Республикасы арасындағы татулық қатынастар негізі мен ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 7 желтоқсандағы келісім;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венгер Республикасының Үкіметі арасында мәдени ынтымақтастық туралы 1996 жылғы 7 желтоқсандағы келісім болып табылады.

2004 жылғы 11-15 маусым аралығында Венгрияның білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесін және студенттерді кредиттеу тетігін зерттеу мақсатында Венгрияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми делегациясы барып қайтты. Сапар қорытындысы бойынша екі елдің Білім министрліктері арасында одан әрі шарттық-құқықтық базаны нығайту туралы келісімге қол жеткізілді. Кейіннен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венгрия Республикасының Үкіметі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын әзірледі. Келісім жобасы бойынша тиісті келісу рәсімі жүргізіліп, Венгер тарапына талқылауға жіберілген.

Венгер тарапы Келісімге қол қоюдың қажеттігі жоқ деп санады, осыған байланысты қазақстандық және венгер жоғары оқу орындары арасында тура екі жақты келісімдер шеңберінде одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту ұсынылды.

2004 жылғы қараша айында Венгрияның Геделе қаласындағы Сент Иштвана атындағы университет пен Қазақ ұлттық аграрлық университеті арасында екі жоғары оқу орны арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылған.

2006 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасы Білім министрлігі арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы ниеттік хаттамаға қол қойылған.

Осы жылдар бойы жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатыр. Сент Иштвана университетінің Phd докторларды даярлау, Темпус бойынша гранттарды алуға арналған халықаралық конкурстарға қатысу бойынша сұрақтарды қамтитын бірлескен ынтымақтастық жоспары әзірленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Венгрия оқу орындарында оқу үшін 5 адамға стипендия тағайындалды. (2005 жылы – 1 стипендия, 2006 жылы – 1 стипендия, 2007 жылы – 2 стипендия, 2008 жылы – 1 стипендия).

Венгрияның жоғары оқу орындары халықаралық академиялық рейтингінің алғашқы жүздігіне кірмейтіндігінен олар 2010 жылы академиялық оқуға ұсынылған жоғары оқу орындары тізімінің жобасына енгізілмеген.
8. – 9. Кипрмен және Норвегия Корольдігімен білім және ғылым саласында ынтымақтастық орнатылмаған.
10. Германия Федеративтік Республикасы

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында сындарлы қарым-қатынас орнатылған.

Қазақстан Республикасы және Германия Федеративтік Республикасы арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық келесі келесім негізінде жүзеге асады:

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы неміс ұлтының Қазақстан Республикасы азаматтарын қолдау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (1996 жылғы 31 мамыр);

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы герман мұғалімдерін Қазақстан Республикасының мектептеріне жіберу туралы келісім (1997 жылғы 26 қараша).

2010 жыл Қазақстандағы Германия жылы болып жарияланды.

Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың маңыздысы - Қазақ-неміс Университеті (ҚНУ).

Аталған жоба шеңберінде экономика және халықаралық саясат саласында 2 шет тілін білетін халықаралық дәрежеде маңыздылығы бірдей мамандарды даярлау жүзеге асуда. Мұндай дайындық екі елдің де мемлекеттік білім сапасының стандарттарына сай келеді.

2003 ж. Германия Федеративтік Республикасының Канцлері Г. Шредердің сапары кезінде Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасында “Қазақ-неміс Университетінің әрі қарай дамуы” жөнінде бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Ал 2007 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Германияға сапары барысында “Қазақ-неміс Университетін дамытудағы ынтымақтастық” атты екінші мәлімдемеге қол қойылды.

“Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Алматы қаласындағы Қазақстан-неміс университетін дамыту жөнінде одан әрі ынтымақтастық жасау туралы келісім ратификациялау туралы” 2010 жылғы 15 шілдеде № 326 – IV Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

Бұл келісім негізінде Университетке халықаралық жоғары оқу орны мәртебесі берілді.

Университет немістің оқыту бағдарламаларына сәйкес жаңа мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын болады.

Қабылданған міндеттемелерге сәйкес қазақстандық тарап Алматы қаласында университетке өтеусіз пайдалануға ғимарат ұсынған. Қазіргі уақытта ҚНУ қосымша және дербес ғимарат сұрап отыр.

Оған келесі себептер негіз болды:

Келісім шеңберінде техникалық мамандықтардың бағдарламаларын кеңейту көзделген. Осыған байланысты неміс тарапы жоғарыда аталған ғимаратты қайта салуға 3,5 млн еуро көлемінде қаражат бөлді. Бұл мәселені шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірнеше рет ҚНУ-мен келіссөздер жүргізді.

Министрлік неміс тарапына Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, Д. Қонаев атындағы университтің ғимараттарын жалға беруді ұсынады. Дегенмен, оларды жалға беру шарттары мен орналасқан мекен-жайлары қанағаттандырған жоқ.

Министрлік қызметкерінің Алматы қаласына іссапарға баруы арқылы ҚНУ-ге қосымша ғимарат бөлу мәселесі зерделенді. Алматы қаласы әкімнің орынбасары С.Сейдумановпен және ҚНУ-дің ректоры И.Герлахпен кездесулер өткізілді.

Әкімдіктің ақпараты бойынша оның балансында университетті орналастыру үшін бос ғимараттар жоқ. Дегенмен әкімдік қала аумағының 27 гектарын алатын бұрынғы С.Киров атындағы машинажасау зауытының ғимараттарын ұсынды. Көрсетілген зауыт ғимараттары білім беру қызметін жүзгізу нормаларына сәйкес келмейді.

Балама ретінде әкімдік 1 шаршы метріне 15 АҚШ доллары шартымен ауданы 9000 шаршы метрді құрайтын жекеменшік иелігіндегі ғимаратты жалға алуды ұсынды. Бұл тұста неміс тарапының шығындарды қазақстан тарапы өз мойнына алған жағдайда, ауданы кемінде 8000-9000 шаршы метр болатын ғимаратты жалға алу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігін атап кету керек.

Неміс тарапы жалпы ауданы 12000 шаршы метрді құрайтын Қазақ гуманитарлық-заң университетінің (ғимарат сатуға қойылған, бағасы шамамен 15-18 млн. АҚШ доллары) немесе жалпы ауданы 20000 шаршы метрді құрайтын Эксимбанктің (ғимарат «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның жарғылық капиталына кіреді) ғимараты балансындағы ғимаратты қайтарымсыз негізде беру ұстанымын сақтауда. Бұл – неміс тарапының соңғы ұстанымы.

ҚР Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясының шеңберінде екі ел арасында білім саласындағы ынтымақтастық ойдағыдай дамуда. “Болашақ” бағдарламасы бойынша 16 жыл ішінде Германияда білім алу мүмкіндігі 288 адамға берілді. Бүгінгі күндегі Германияда оқитын Стипендия иегерлерінің жалпы саны 87 адамды құрайды. (Олардың 75-і академияда білім алуда және 12-сі тіл курстарында).

“Болашақ” бағдарламасының стипендиаттары Германияның 34 жоғары оқу орнында бакалавр, магистр және докторантура бағдарламалары бойынша білім алуда.

Қазақстан мектептерінде 75487 оқушы неміс тілін оқып үйренеді. Мектептердегі неміс тілі мұғалімдерінің саны – 1442. 2009 ж. Pasch “Мектептері: болашақ серіктестер” жобасы бойынша жұмыс атқарыла бастады. Оның шеңберінде ҚР-ның 6 мектебі Германиямен әріптестік қатынастарын орнатты. Қазіргі таңда ҚР жоғары оқу орындарында Германияның 20 азаматы білім алады. (2009-2010 оқу жылында 6 студент қабылданды).


11. Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландия

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания Біріккен Королдігі және Солтүстік Ирландияның Үкіметі арасындағы ынтымақтастық мынадай келісімдер негізінде жүзеге асырылады:

- Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлыбритания Біріккен Королдігі мен Солтүстік Ирландияның Үкіметі арасындағы білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 21 наурыздағы келісім;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Беллербис Колледжі арасындағы білім және тілдерді оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 24 наурыздағы келісім.

1994 жылдан бастап Қазақстанда Британ Кеңесі жұмыс істейді.

2008 жылдың наурызынан бастап Британдық Кеңес орта білім беру саласында English for Teaching: Teaching for English (ETTE) өңірлік жобаны іске асыруды бастады.

Жоба оқытушылардың кәсіби және білім денгейін арттыруға, ең үздік ағылшын мұғалімдері арасынан тренерлер дайындауға бағытытталған. Қазақстанда Британ Кеңесінің жобасы шеңберінде РББКБА-мен бірлесіп, облыстық біліктілік арттыру институттары базасында орта мектеп мұғалімдерімен 2009 жылы тренинг топтамаларын өткізу үшін 12 әдіскер-тренерлерден тұратын команда дайындалды.

2008 жылдан бастап Алматыда «Хэйли Бери» британдық мектебінің қазақстандық филиалы жұмыс істейді, онда 400 оқушы білім алуда.

2008 жылдың 21 тамызында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ұлыбритания колледждер қауымдастығының арасында Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға жәрдемдесу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2009 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшыларының, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларының, Ұлыбритания колледждер қауымдастығының және Қазақстандағы алдыңғы қатарлы колледждердің қатысуымен семинар өтті. Семинар шеңберінде Қазақстанның 24 колледжі Ұлыбритания колледждер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Астана қаласының Политехникалық колледжі мен Оңтүстік Бирмингем колледжі арасында даярлау, қайта даярлау және техникалық және қызмет көрсету мамандарының біліктілігін арттыру бойынша екі тараптың қарауында жатқан келісім жобасы дайындалды.

2009 жылдың 3 ақпанында Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті өкілдері мен “Newleaders” (Шотландия) халықаралық даму компаниясының директоры Алан Уайт арасында кездесу өтті. Кездесу шеңберінде Техникалық және кәсіптік білім беру саласында ынтымақтастық туралы меморандум жобасын дайындау туралы шешім қабылданып, ақпараттар алмасты.

2009 жылы 23 ақпанда Ұлыбританияның жоғары білім және зияткерлік меншік мемлекеттік министрі Дэвид Ламмидің сапары шеңберінде Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басшылығы және Астанадағы Ұлыбритания елшілігіндегі трэйдинг және инвестициялық мәселелер бойынша бөлім жетекшісі Берни Вилсон техникалық және кәсіптік білім саласындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен ТВЕТ арасындағы меморандум шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелерін талқылады.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықта Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) алатын орны ерекше. Бұл жобада серіктестіктің екі саласы біріктірілген: білім және энергетика.

Мұнайгаз саласындағы Ұлыбританияның 4 университеті ҚБТУ-дың серіктесі болып анықталды. Бұл Абердиндік университет, Роберт Гордон университеті, Хериот Уотт университеті, Вестминстер университеті.

Университетте Лондон экономика мектебінің екі оқу бағдарламасы ашылды. Оқу аяқталғаннан кейін студенттер британдық бакалавр дәрежесін алады.

Жоғары білім беру саласында Қазақстандық жоғары оқу орындарының Ұлыбритания университеттерімен серіктестік қатынастарды орнату және дамыту мүмкіндіктерін қарастыратын INSPIRE (Білім және зерттеу саласындағы халықаралық стратегиялық серіктестік) жобасы шеңберінде Британ Кеңесімен ынтымақтастық іске асырылуда.

Сонымен қатар, қазіргі кезде Британ Кеңесі Қазақстан және Ұлыбритания университеттері арасында серіктестікті орнатуға бағытталған “Exploratory Partnership” грантын алу үшін өтініштер қабылдауда. Серіктестік қатынастарды орнатуда университеттер өкілдері арасындағы сапарларды іске асыру мақсатында 1000 фунт стерлинг көлемінде грант ұсынылады.

Британдық Кеңес университеттері арасындағы ынтымақтастықтың басым салалары ретінде келесі бағыттар ұсынылып отыр:

- қоршаған орта және ауа райының өзгеруі (Climate Change);

- биотехнологии (Biotexnology);

- экономикалық ғылымдар (Economic Sciences);

- аэроғарыштық инженерлік ғылымдар (Aeronautical Science and Engineering).

2009 жылдың 23-24 сәуірінде UCL делегациясы құрамында тіл орталығының директорлары Кристин Хоффман және Найджела Персивала профессоры Астанадағы Жаңа университет серіктестіктерінің Халықаралық семинарына қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және UCL арасында Назарбаев университетінде даярлау мектебін ашу туралы келісімге қол қойылды.

Қазіргі кезде UCL Астанадағы Назарбаев университетінің дамуына белсенді атсалысуда. UCL университеттік білім алуға дайындық сертификатын беруде және студенттерді қабылдау жұмысына да үлес қосуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша білім беруде Ұлыбритания көш бастап келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде білім беру үшін ұсынылған оқу орындары тізіміне 2010 жылы академиялық білім алу үшін Ұлыбританияның 33 оқу орны енді және 8 ғылыми ұйым ғылыми тағылымдаман өту үшін ұсынылды.

Қазіргі кезде Англияның оқу орындарында 1042 стипендиат білім алып, 23 қызметкер ғылыми тағылымдаман өтуде.
12. Литва Республикасы

Литва тарапымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы білім, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы әзірленді. Министрлік барлық келісу рәсімін өткізді. Қазіргі уақытта жоба контрагенттің қаралуында. Жауап күтілуде.


13. Польша Республикасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы польша тарапының ескертулерін ескере отырып, мемлекетішілік қайта келісу рәсімінен өтуде.

2009-2010 оқу жылында Қазақстанда 4044 поляк ұлтының оқушылары, оның ішінде 1985 қыз бала білім алды.

Ұлты поляк 17 оқушы қазақ тілінде, 4023-і орыс тілінде білім беретін мектептерде білім алады.

Сонымен бірге, 1187 оқушы республикалық жексенбілік мектептерде поляк тілін ана тілі ретінде оқиды.

Польшаның жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны - 600 студент (консулдық тіркеуде – 162 адам).


14. Италия Республикасы

Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық 1998 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда 2010-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы бағдарламаның жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімдерінен өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде 11 стипендиат Италияда білім алуда.

Стипендиаттар мынадай жоғарғы оқу орындарында оқуда:


  • Милан музыкалық мектебі

  • С.Сесилия атындағы Рим музыка консерваториясы

  • Еуропалық дизайн институты

  • Де’Медичи халықаралық университеті

  • Сән және маркетинг халықаралық институты.

2010 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне ғылыми тағылымдаман өту үшін ұсынылған алдыңғы қатарлы шетелдік жоғарғы оқу орындарының және ғылыми орталықтары мен зертханаларының тізбесіне Милан Политехникалық университеті енгізілді.

2010 жылғы Қазақтан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне оқу және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылған алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының және ғылыми орталықтар мен зертханалардың тізбесіне:

- Ұлттық-зерттеу кеңесі

- Технология институты

- Турин Политехникалық университеті

- Болон университеті

- Ла Сапьенца атындағы Рим зерттеу университеті

Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ла Сапьенца атындағы Рим университеті арасында профессорлық-оқытушылық құраммен және ғылыми кадрлармен, студенттермен, оқу материалдарымен, жарияланымдармен және ақпараттармен алмасу, бірлескен зерттеу бағдарламалары мен конференцияларды өткізу бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылуда.



15. Франция Республикасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Франция Республикасы Білім министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ҚР Әділет министрлігінде келісілуде (2010 жылғы 6 қазандағы №4-05-5/2581 хат).

Келісім шеңберінде төмендегілер қарастырылған:

­- техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындары арасында өзара тиімді келісімдер жасау;

- көрмелер, конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу;

- жарияланымдар мен зерттеу бағдарламаларына қол жеткізуді ұйымдастыру;

- жоғары оқу орындарында оқитындар, ғылыми-педогогикалық қызметкерлер, әкімшілер үшін оқу бағдарламаларын ұйымдастыру;

- оқушылармен, ғылыми-педогогикалық қызметкерлермен алмасу.

Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық төмендегі жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары құжаттарының екі жақты қол қоюымен жүзеге асырылады:

- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – ИНАЛКО Шығыс тілдері Ұлттық университеті, Клод Бернар Лион 1 университеті, VII Париж университеті, Х Париж университеті – Нантер;

- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Ницца университеті – Софии Антиполис, II Нанси университеті, Роуэн университеті, Ренн университеті, Шуман университеті, Саяси ғылымдар институты;

- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – Париждің музыка және би жоғары ұлттық консерваториясы;

- Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті – Пьер Мендес Франс университеті (Гренболь қаласы);

- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – Роберт Шуман атындағы университет (Страсбург қаласы), Тулуза университеті.

Жоғарыда көрсетілген келісімдер шеңберінде жоғары білім беру саласында жоғары білікті мамандар даярлауды ұйымдастыру ғылыми әдістемелерін жетілдіру мақсатында профессорлық-оқытушылық құраммен және студенттермен алмасу, сонымен қатар ақпараттық алмасу.

2010 жылғы 26 ақпанда Қ.Cәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету мамандарын даярлау жөніндегі Қазақстан-Француз Орталығын құру туралы үш жақты Меморандумға қол қойылды.

Меморандум жобасына қол қойылуы жобаның келісу сатысынан өтіп, жүзеге аса бастауын білдіреді.

Оқыту орталығының негізгі функциялары «Шнайдер Электрик» компаниясы шығаратын реттелетін приводтар мен электрмен жабдықтаушы құралдарды оқып үйренумен және пайдаланумен байланысты болмақ.

1993-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» хылақаралық бағдарламасы бойынша 141 стипендиат Францияда білім алған.

Қазіргі таңда Францияда Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 иегері білім алуда.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы иегерлерінің білім алуы үшін ұсынылған әлемнің ең үздік 200 оқу орнының қатарына Францияның 13 оқу орны мен 7 ғылыми орталығы кірді.

2010 жылғы 21-23 маусымда Париж қаласында жоғары оқу орындарының алғашқы халықаралық Қазақстан-Француз «Білімді интернационализацияландыру: жолдары, бағыттары, өзекті мәселелері мен болашағы» атты форум өтті.

Қазақстан мен Францияның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және нығайту - форумның негізгі мақсаттарының бірі.

Форум шеңберінде қатысушылар екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы 9 меморандум мен келісімге қол қойды.

Келесі форумды 2011 жылы Қазақстанда өткізу жоспарлануда. Соған орай, Министрлік басшылығының Қазақстан Республикасындағы Франция елшісі Жан-Шарлем Бертонемен кездесу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес мектептерде шет тілдерінің ішінен ағылшын, неміс, француз, араб тілдері оқытылады.

Республикамыздың мектептерінде 24024 оқушы француз тілін оқиды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрігі мен Қазақстандағы Франция Елшілігінің Білім және мәдениет Кеңесімен ынтымақтастық шеңберінде француз тіліне деген қызығушылықты арттыру жұмысы жүзеге асуда.

2008-2009 жылында еліміздің әртүрлі аумақтарында ерте жастан бастап (2-ші сыныптан бастап) француз тілін үйрену тәжірибесі басталды.

Оқыту Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігімен мектептерге ұсынған «Алекс және Зое» оқу-әдістемелік кешені бойынша жүргізіледі.

Француз тілін ерте оқытудың эксперименттік бағдарламасы бойынша аптасына – 3 сағат бөлінген: оның 1 сағатын тілдің иегері, 2 сағатын – мектеп мұғалімдері өткізеді.
16. Болгария

2010-2012 жылдар кезеңіне арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен Болгария Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы 1999 жылғы 15 қыркүйектегі келісімді іске асыру хаттамасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ішінде қаралуда.
18. Ресей федерациясы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Білім және ғылым саласындағы екі жақты ынтымақтастық белсенді жүргізілуде. Ынтымақтастық бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады:

- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының гуманитарлық саладағы 2007-2010 жылдарға арналған 2007 жылғы 4 қазандағы ынтымақтастық бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мәдениет, ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келісім (5 жыл мерзімге жасалған және автоматты түрде келесі жылдарға ұзартылған келісім);

- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы 1996 жылғы 25 қарашадағы келісім және Ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы.

Байқоңыр қаласында 9 674 оқушы білім алатын 14 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде:

- 5 027 оқушы білім алатын қазақ тілінде оқытатын 6 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстан азаматтары - 4 920, Ресей Федерациясының азаматтары - 107.

- 4 647 оқушы білім алатын орыс тілінде оқытатын 8 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстан азаматтары - 1 683, Ресей Федерациясының азаматтары – 2 927, басқа елдерден - 37.

Байқоңыр қаласының мектептерінде 896 педагог жұмыс істейді.

2009-2010 оқу жылында Ресей Федерациясына жалпы саны 2000 дана оқулықтар және 1930 ОӘК жіберілді.

Екі елдің техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзара әрекеті Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясы арасындағы гуманитарлық саладағы ынтымақтастық бағдарламасы және 2008-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аймақтарының шекаралық ынтымақтастығы бағдарламасының іс-шаралары жоспары шеңберінде жалғасуда.

Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру жөніндегі федеральды агенттігі орта кәсіптік білім беретін ресейлік мемлекеттік мекемелерінде Қазақстан азаматтарының білім алуы үшін 2009 жылы – 4 адамға, 2010 жылы – 40 адамға мемлекеттік стипендия бөлді.

Қазіргі таңда студенттер Ресей Федерациясының келесі жоғары оқу орындарында оқиды:

1. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті – 101 адам.

2. И.М. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы – 44 адам.

3. И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті – 25 адам.

4. С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты (ВГИК) – 18 адам.

5. К.Э. Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық универистеті (МАТИ) – 15 адам.

Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосибирск, Томск, Қазан, Омбы, Барнаул қалаларындағы 50-ден астам жоғары оқу орындарындарымен және ғылыми-зерттеу институттарымен байланыстар орнатылған. Білім беру қызметтері бойынша 40-тан астам оқу мекемелерімен шарттар жасалған. Ресей Федерациясының Федеральды күзет қызметі академиясымен және Новосибирск мемлекеттік медицина университетімен шарттар жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ресей Федерациясының Үкіметі 2010-2011 оқу жылына Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарындарында білім алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына 100 орынға квота бөлді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиаттары білім алатын елдердің ішінде стипендиаттардың саны жағынан Ресей алдыңғы қатардағы елдердің бірі. Стипендиаттар Ресейдің 40 жоғары оқу орындарында оқиды. 2007-2009 жылдары ресейлік жоғары оқу орындарына оқуға түскен стипендиаттар саны 227 адамды құрайды (қазіргі таңда 40 жоғары оқу орындарында 315 адам оқиды).

Ресейдің жоғары оқу орындарында бірқатар басымдылықтар бар: қалыптасқан тарихы мен сабақтастығы бар танылған университеттер, білім алу қымбат емес, Ресей Федерациясында білім алу көп жағдайда қазақстандық жүйеге ұқсайды. Стипендиаттардың негізгі саны медицина мамандықтары, сондай-ақ инженерлік ғылымдар және мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алады.



Стратегиялық жоспарлау және

ақпараттық технологиялар

департаментінің директоры Н. Аршабеков



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет