Жауабы
1. Адам-табиғат.Мұнда тірі ағзалар,өсімдіктер,жануарлар мен биологиялық үрдістер еңбек объектісі болады. Бұған агрономия, жеміс, көкөніс және жүзім шаруашылығы,фермерлік іс,агроэкология,агрохимия және өсімдіктерді қарғау,балық тағамдары мен май технологиясы т.б. мамандықтар кіреді.
2. Адам-техника. Мұнда техникалық жүйелер,машиналар, аппараттар мен қондырғылар,материалдар мен энергия еңбек объектісі болады. Бұған байланыс желілері мен жалғау жүйелері,радиотехника,радиобайланыс, электромеханика,автоматика,телемеханика,металды қысыммен өңдеу т.б. мамандықтар кіреді.
3. Адам-адам.Адамдар,топтар,ұжымдар еңбек объектісі болады. Бұған емдеу ісі,педиатрия,медициналық-профилактикалық іс, стоматология,шығыс медицинасы,мейіркештік іс,формация,тарих және география мұғалімі,қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі,музыка мұғалімі,педагог-психолог,заңгер, сатушы,тігінші,фотосуретші,кадрлар жөніндегі менеджер т.б. мамандықтар кіреді.
4. Адам-белгілеу жүйесі. Олардың еңбек объектісі шартты белгілер,шифрлар,кодтар,кестелер.Бұған экономикалық теория,статистика,маркетинг және коммерция,қаржы және несие,бухгалтерлік есеп және аудит, басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жұйелері,қаржы агенті,корректор, биржа агенті,кеден ісі және т.б. мамандықтар.
5. Адам-көркем бейне. Бұл адамдар еңбек объектісі көркемдік бейнелер жасау,олардың рөлі,элементтері мен ерекшеліктері.бұған музыкатану,аспапта орындаушылық,режиссер,хореография, сценаграфия,композиция,операторлық өнер,кескіндеме, графика, мүсін өнері, өнертану,көркемдік өнер,дизайн,актерлік өнер,дирижерлау,эстрада өнері,зергер, суретші және т.б. мамандықтар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |