№95«Алматы» балабақшасының


Жоспарлауда ескерілетін негізгі нормативтік құжаттар



бет3/11
Дата16.02.2022
өлшемі118.15 Kb.
#455440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2018 zhospar

Жоспарлауда ескерілетін негізгі нормативтік құжаттар



Негізгі құжаттардың атауы

Негізгі құжаттардан алынған іс-шаралар, нұсқаулар

1

Қазақстан Республикасының Конституциясы (Қазақстан Республикалық референдумында 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған)

Қазақстан Республикасының Конституция заң-дары. Азаматтық нәсіліне, ұлтына, жынысына және әлеуметтік жағдайына мекен-жайына қарамастан құқық пен еркіндік теңдігіне кепілдік беру.

2

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 27.07.2007 жыл

№319-ІІІ



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі бағыттарын басшылыққа алу.Білім саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың принциптерін анықтайды. Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуына Конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Тәрбиеленетін жас ұрпақтарға өздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру. Білім беру кезінде халқымыздың асыл мұрасын, салтын, өсиетін, әдет-ғұрпын үйрету. Бала тәрбиесіне арналған әдістемелік нұсқауларды пайдалану.

3

Қазақстан Республикасының

«Тіл туралы» Заңы, 11.07.1997 жыл

№151- 1


Жаңаша қанаттанған тілі таза жас ұрпақты тәрбиелеу. Балабақшаның материалдық базасын көтеру. Тілді үйрету тәрбиесіне арналған әдістемелік нұсқауларды пайдалану.

4

Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамасының бұзылуына, келісімдерде және ұжымдық шарттарда, сондай-ақ еңбек шарттарында көзделген міндеттемелердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарауға, қатысуға арналған.

5

Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдайлар туралы» Заңы, 05.07.1996 жыл

Бұйрықтарға сәйкес азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға дайындықтар жүргізу, олардың алдын-алу. Табиғат апатына байланысты альбомдар, стендтер дайындау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Практикалық іс-әрекеттер, кеңестер өткізу.

6

Бала құқықтары туралы Конвенция, 20.11.1989 жыл


Бала өз ойын, пікірін ерте жеткізуге құқылы. Білім алу тұлғалық, дарындық саналық және шымырлық қабілетін барынша дамыту керек. Ата-ананы құрметтеуге, халқының мәдени ерекшелігін, тілін, құндылықтарын құрметтеуге тәрбиеленуі керек.

7

Қазақстан Республикасының "Балалардың құқықтары туралы" Заңы (2002 жылғы

8 тамызындағы №345)



Балаларды қоғамдағы толымды өмірге дайындау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана - сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдылығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

8

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік Рәміздері туралы" Заңы (ҚР Конституциялық Заңы 04.06.2007 жыл №258 бұйрық)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерін орналастыру және пайдалану тәртібін сақтау, білу және құрметтеу.

9

Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және ден-саулық министрлігінің №14 нұсқауы «Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі» 04.01.2000 жыл

Белгіленген кесте бойынша балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау ережелерімен таныстыру. Ойын қызметінде, дене шынықтыру іс-әрекетінде және топтарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі тәрбиеде балалардың денсаулығын сақтау, өмірін қорғау жұмыстарын жақсарту шараларын іске асыру.

10

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары», 17.05.2013 жылғы № 499 қаулысы

Мектепке дейінгі ұйымдар бір жастан бастап мектеп жасына жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту мен дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сау-ықтыру бойынша білім беру тапсырысын мемлекет қаржыландыратын көлемін орындауды қамтамасыз ету.

11

Қазақстан Республикасының « 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» 20.01.2004 жыл.

Тәрбиеленетін бүлдіршіндерге өздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес жаңа модульмен білім беру. Оқыту және тәрбиелеудің жаңа сапасына кол жеткізу. Оқу қызметі деңгейі мен сапасын жақсарту. Білім берудің мазмұны мен материалдық – техникалық базасын жаңарту.

12

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, 02.07.1998 жыл (Өзгертулер мен толықтырулар

24.12.2008 жыл ІІІ-ІV)



Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұ-зушылардың алдын-алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, зардаптарын жою, кінәлілерді жауапқа тарту арқылы адамдардың тиімді қызметін қамтамассыз етуге бағытталған.

Педагогтарды заң баптарымен таныстыру, іс-шаралар жүргізу.



13

«Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты (ҚР Президентінің жолдауы 14.12.2012 жыл)

Балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдерді тиімді қолдануды жаппай жүзеге асыру.

14

«Мектепке дейінгі үйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлы-эпидемиология лық талаптар» санитарлық қағидаларынын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылдың

17 тамыздағы № 615 бұйрық



Санитарлық ережелер мен нормаларының талаптарының сақталуына мектепке дейінгі ұйымдардың бірінші басшылары жауапты.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталынуын басшылыққа алу.



15

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (07.12.2010 жыл № 1118 Жарлығы)

Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту. Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтылуын, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

16

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі" 27.01.2016 жылғы №83 бұйрық


Аттестаттау педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін оның кәсіби құзыреттілігін бағалау негізінде анықтау мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу, жеке-кәсіби дайындығын арттыру, үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету.

17

Қазақстан Республикасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы № 1080 қаулысы)



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Әрбір жас ерекшелік кезеңі құзыреттіліктің белгілі бір дәрежесін меңгерумен сипатталады.

Оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет».

Ұйымдастырылған оқу қызметінің саны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарындағы апталық оқу жүктемесінің көлеміне сәйкес болуы тиіс. Өтпелі тақырыптар барлық білім салалары арқылы кіріктірілуі қажет. Тақырып заттық – кеңістік ортада жүзеге асырылуы тиіс. Педагог өтпелі тақырыптардың тізіміне, тақырыпшаларды қосып, өзгерістерді енгізе алады. Педагог мақсатқа жетудің түрлерін, әдістері мен құралдарын түрлі ерекшеліктерге (кәсіби, өңірлік, материалды-техникалық, мектепке дейінгі ұымдардың ерекшеліктері және т.б.) байланысты анықтай алады.


18

Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 20.12.2012 жыл № 557 бұйрық)

Ұйымдастырылған оқу қызметі барлық топтарда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес өткізіледі.

Перспективалық жоспар балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқытудың білім бер





19

«Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 24.09.2002 жыл № 693 бұйрық

«Өзін-өзі тану» бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты жалпы орта білім беру жүйесінде рухани-адамгершілік білім беруді ұйымдастырудың нормативтік талаптарын анықтайды. Белгілі бір контексте қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін білім, іскерлік, дағдылар және өмірлік тәжірибелерді тиімді жұмылдыру даярлығы анықталады.

20

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ 2016 жыл 12 тамыз №499 бұйрығы

Бағдарлама мазмұнын іске асыру, балалардың жан-жақты дамуын, олардың денсаулығын сақтау, мектепке баруға дайындау.

21

Балабақша жарғысы

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы «26» маусымдағы № 107-1173 қаулысына сәйкес құрылды.



Балабақшадағы тәрбие оқу үрдісінің жұмыстарына қатысушылардың міндеттері мен құқықтары көрсетілген мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың дене шынықтыру, интеллектуалдық және адамгершілік қасиеттерін дамыту.

22

Ұжымдық шарт

Балабақшаның ішкі тәртібі, еңбек шарты, жұмыс уақыты, еңбекті, денсаулықты қорғау, материалдық жауапкершіліктер жөнінде мәліметтер.

95 «Алматы» балабақшасы мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорны туралы мәлімет




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет