А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет


 Терінің құрылысы мен оның кейбір туындылары –түк



Pdf көрінісі
бет50/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

10.1 Терінің құрылысы мен оның кейбір туындылары –түк
Сабақтың мақсаты: Шаш пен терінің құрылысын игеру. 
 
Тері - cutis —үш қабаттан: теріүсті қабаттан (эпидермистен), дермадан 
(нағыз теріден) және теріасты қабаттан (шел қабатынан) тұрады(сурет 33). 
Эпидермис—epidermis — терінің сыртқы ең жұқа теріүсті қабаты. Ол 
жануарлар терісі қалындығының 1-2% -ын құрайды. Эпидермис көпқабатты 
жалпақ мүйізделетін эпителийден тұрады. Эпидеристің қалыңдығы, құрылыс 
ерекшеліктері жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына, жыл мерзімдеріне, 
терідегі түктің болу-болмауына тікелей байланысты. Эпидермисте қан 


80 
тамырлары болмайды. Ол астындағы дерманың емізікше қабатындағы қан 
капиллярлары арқылы қоректенеді. Эпидермис сезімтал жүйке ұштарына бай. 
Түксіз тері эпидермисінде, мысалы, мұрын, ерін қаңсарларының теріүсті 
қабатында бір-бірінен анық ажырайтын бес қабат болады. Оларға: төменнен 
жоғарыға қарай негіздік (базальды) - membrana basilaris, қылтанақты, дәншелі, 
жылтырауық және мүйізді қабаттар жатады. 
Нағыз тері - derma — қабаты терінің ең қалың қабаты (98-99%). Ол өз 
кезегінде сыртқы емізікше және ішкі торлы қабаттардан кұралған. 
Емізікше қабатэпидермистің астындағы көптеген емізікше тәрізді 
құрылымдар түзетін борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат. Оны эпидермистің 
базальды қабатынан негіздік жарғақ бөліп тұрады. Бұл қабатты борпылдақ 
дәнекер ұлпасы коллаген талшықтарының жіңішке шоғырлары, теріге 
серпімділік қасиет беретін эластин талшықтарының торы, ретикулин 
талшықтары және борпылдақ дәнекер ұлпасының торшалары: фиброциттер, 
гистиоциттер, ретикулоциттер, ұлпа базофилі құрайды. Ол эпидермистің ішіне 
еніп, пішіні әр түрлі емізікшелер түзеді. Демек, емізікше қабат терінің 
құрылымдық процесіне белсенді қатысады. Емізікше қабат шекарасыз торлы 
қабатпен жалғасып кетеді. 
Торлы қабатбір-бірімен торлана тоқылған коллаген талшықтарының 
шоғырлары будаларынан және олардың арасындағы серпімділік қасиет беретін 
эластин талшықтарынан құралған, тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасынан 
тұрады. Бұл қабаттың 98-99% -ы әр түрлі бағытта орналасып, бір-бірімен 
ілмектеніп торланып, берік тор түзетін коллаген талшықтарының шоғырлары 
қүрайды.
Теріасты қабаты немесе шел қабаты тері дермасының торлы қабатын 
жануарлар денесінің беткей шандырымен байланыстырып тұртын терінің 
төменгі қабаты. Шел қабаты борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол терінің 
қозғалмалылығын қамтамасыз етумен катар, дене қызуын реттеуге қатысады. 
Қонды жануарларда шел қабатында қор ретінде май ұлпасы жиналады. 
Жануарлардың түрлеріне байланысты шелдегі май қабаты дененің әр түрлі 
аумақтарында қорланады (өркеш, құйрық т.б.). Бұл қабатпен ірі кан және 
лимфа тамырларының тораптары өтеді. Терінің қан тамырларының өрімдері 
мен тораптарында организмдегі қанның 10 пайызы қор ретінде сақталады. 
Түк — pilus — эпидермис торшалары мүйізделген ағза, тығыз келген, 
иілгіш және жиырмалы жіп. Шаштың сыртқы қабаты кутикуладан тұрады - 
cuticula — тегіс торшадан. Кутикуланың астында қалың қыртысты қабат 
орналасқан — stratum corticales. Түктің ортасында — stratum centrale — 
дөңгелек, көпқабатты және кубикті торшадан тұрады.


81 
Түктің тері бетіндегі көрінетін бөлігін түк сабағы (scapus pili), тері 
ішіндегі бөлігін түк түбірі (radix pili) — депатайды. Түк түбірінің терідегі пияз 
түбіріне ұқсас жуандап сияқталатын бөлігін түк баданасы (bulbus pili) — дейді. 
Түк баданасы түктің өсетін бөлігі. Бұл жерде түкті құрайтын эпидермоциттер 
бөліну арқылы көбейіп, мүйізделіп түктерді құрап, олардың өсу процесін 
қамтамасыз етеді. Түк баданасының төменгі жағында, оның ішіне үңгілей еніп, 
керекті қоректі заттармен қамтамасыз ететін түк емізікшесі (papilla pili) болады. 
Ол қан, лимфа тамырлары мен жүйке ұштарына бай борпылдақ дәнекер 
ұлпасынан тұрады. 
Түк түбірін сыртынан түк қабы немесе түк фолликулы (folliculus pili) 
қаптап жатады. Ол екі қабаттан тұрады. Сыртқы түк қапшығы (сарsulа pili) 
тамырлар мен жүйке ұштарына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған. Ал 
ішкі қабаты түк түбірінің қынабы (vagina radicis) эпидермистің тері ішіне 
үңгілене енген жалғасы. Ол көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийден 
тұрады. Аталған қабаттар бір-бірінен негіздік жарғақпен бөлінген. 
Теріде түктер қиғаш орналасып, тері бетіне көлбей шығады. Түктің тік 
немесе бұйра, қылшық немесе түбіт болып өсуі түк фолликулының құрылысы 
мен пішіне байланысты. Бірыңғай салалы ет ұлпасынан құралған түк көтергіш 
ет терінің емізікше қабатынан басталып, түк түбіріне жалғасады. Түк көтергіш 
ет жиырылып, тері түктері түбірлерін тартып көтеріп, тері бетіндегі түк 
сабақтарын тікірейтеді. Тері түктері, терінің сыртқы бетінде пішіні әр түрлі түк 
ағындарын (flumen pilorum) жасайды. Олардың пішіндері дәңгелекше не 
сызықша болып келеді. Ағындардың түктері не сыртқа қарай (дивергентті) 
немесе ішкі бағытта (конвергентті) орналасады. Жануарлардың тері түктері 
белгілі бір мерзімге дейін өсіп жетіліп, сезім түктерден басқалары түлеп 
отырады. Түлеу кезінде түк баданасының негіздік қабатындағы түзгіш 
эпителиоциттерге түк емізікшесінен тиісті мөлшерде қоректік заттар келмейді. 
Нәтижесінде түзгіш эпителиоциттердің көбею процесі тоқтап, олардың түк 
сабағына жақын жатқан бөлігі мүйізденеді де, түк баданасының тірі 
эпителиоциттерінен бөлінеді. Осыдан соң, түбірдегі сабақ түк фолликулы 
өзегімен сыртқа қарай жылжып, түсіп қалады. Бұл процесті түлеу — деп 
атайды. Түлеу кезеңі біткеннен кейін, түк баданасы торшаларына қоректік зат 
керекті мөлшерде жеткізіледі де, түк баданасы эпителиоциттерінен жаңадан түк 
өсіп жетіледі. Жыл маусымына байланысты түлеу, әсіресе, жабайы андарда 
айқын көрінеді. Үй жануарларында да, мысалы, ит пен сиырда, маусымдық 
түлеу байқалады. Ал басқа жануарларда түлеудің аралас түрі кездеседі. 
Төлдердің туғаннан кейінгі белгілі мерзім ішінде тері түктерінің топтап түлеуін 
“ұландық немесе ювенальды түлеу” — дейді.


82 
Ерекшеліктері: сиырлардың түк жабыны қаты және қысқа келген. 
Құйрығының ұшында шашаққа ұқсас ұзын түкті буда орналасқан. Шошқаларда 
түгі сирек, ұзын және қатты келген. Олар топ-топпен өседі – 3 шаш бір топ 
құрайды. Ұзын және қатты түктің арасында жіңішке және жұмсақ түктерді 
кездесуге болады. Арқасы мен мойынында қатты, ұзын түктер өседі. Оларды 
қыл деп атайды. Түктің ағыны басынан бастап мойынға, артқа, құйымшағына 
және құйрығына қарай созылады. Жылқылардың түк жабыны қысқа; синуозды 
— қабақта, ерінде, жағы мен иегінде өседі және жақсы дамыған. Ұзын түк 
қалыптасты: жалда - juba; құйрық шаш — cirrus caudae; қылда — cirrus pedis — 
артқы буындары артында; кекілде — cirrus capitis — маңдайында орналасқан. 
Әртүрлі тұқымды иттердің түгі құрылымы жағынан ерекшеленеді. Бір түк 
банасынан 3 – 8 түк шығып, өседі. Олар көбінесе ұзыг болып келеді. Синуозды 
түктер көздерінің астында, жақ ортасында және күйіс қатару жағында 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет