86
Шошқалардың желінінде көптегне емізіктер бар, олар дененің ветральды
бетінде кеудеден құйымшаққа қарай, 5-8 жұпты, қысқа емізікшеден тұрады. Әр
емізікте 2-3 емізік канал ашылады. Сүт цистернасы емізіктің негізінде
орналасқан. Жылқылардың желіні екі бөлек бөлімнен тұрады. Әр бөлімдегі бір
емізікте орналасқан екі бөлшек бойынша екі емізікше каналы бар. Емізік
каналдардың сфинктері жақсы дамыған. Желіннің әр бөліміндегі алдыңғы және
артқы бөлшегі тұтастанып қалды. Желіннің әр бөлшегіндегі сүт цистерансы
жақсы дамыған. Жақсы дамыған бекіткіш байламмен желін бекітіледі.
Желіннің
терісі нәзік, жұқа түкпен қапталған. Иттердің желініндегі
емізікшелері көп, олар құрсақтың вентральды бетінде орналасқан. 4-6
жұпты
сүт төбесінен тұрады. Емізіктің терісі нәзік түктен құралған. Емізікте 6-дан
бастап 20-ға дейін сүт жолдары ашылады. Сүт цистернасы жоқ.
Бақылау сұрақтары:
1 Қандай бездер мен тері туындыларын білесіздер?
2 Шошқа мен жылқы бездерінің ерекшелігі?
3 Сиырлар желінінің бөлімі мен негізі формасы қандай?
4 Сүт бездерінің негізгі қызметі
10.3 Майтабан, тұяқша, тұяқ, тырнақ пен мүйіз
Достарыңызбен бөлісу: