А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет118/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

4. Иық артериясы (плечевая артерия) — a. brachialis— иық аумағының 
негізгі магистральды артерия қан тамыры. Иық артериясынан иық аумағын 
артерия қанымен қамтамасыз ететін бес артерия ажырайды. Олар: 
1) терең иықартериясы(a. profunda brachii) иықартериясынан тоқпан 
жіліктің орта шенінде каудальды бағытта ажырап, шынтақ буынының жазғыш 
бұлшық еттерінде тарамдалып, соларды қоректендіреді. 
Ерекшеліктері.Жылқыдатерең иықартериясы өте жақсы жетілген. Ол 
жылқыда жетілмеген каудальды айналмалы иық артериясының төмендеген 


184 
тармағының қызметін атқарады. Ал басқа жануарларда терең иық артериясы 
салыстырмалы нашар жетілген. 
2) коллатеральды шынтақ артериясы(а. collateralis ulnaris) иық 
артериясынан тоқпан жіліктің дистальды бөлігінен каудальды бағытта 
ажырайды. 
Ерекшеліктері.Жылқымен шошқадаколлатеральды шынтақ артериясы 
шынтақ артериясына(a.ulnaris) айналады. Күйіс қайтаратын жануарлар мен 
итте бұл артерия нашар жетілген. 
3) екібасты бұлшықет артериясы(a. bicipitis) иық артериясынан тоқпан 
жіліктің орта тұсынан ажырап, екібасты бұлшықетті қанмен қамтамасыз етеді. 
4) шынтақтың көлденең артериясы(a.transversa cubiti) шынтақ буынының 
бүккіш бетінен краниальды бағытта бөлініп, тізе және бақай буындарының 
жазғыш бұлшық еттерін тамырландырады. 
Ерекшеліктері.Жылқыда, 
күйіс 
қайтаратын 
жануарлардажәне 
шошқадашынтақтың көлденең артериясы жалпы сүйекаралық артериямен 
жалғасып, шынтақтағы тамырлы торды түзуге қатысады. 
5) жалпы сүйекаралық артерия(a. interossеa communis) білек сүйектерінің 
проксимальды сүйекаралықсаңылауы тұсынан басталып, сүйекаралық 
каудальды және краниальды артерияларға ажырайды. 
а) сүйекаралық каудальды артерия(a. interosseus caudalis) дорсальды тізе 
торын және терең пальмарлық доғаны түзуге қатысады. Терең пальмарлық 
доғадан өз кезегіндежіліншіктің пальмарлық терең артериялары (a. metacarpea 
palmaris (profunda) lateralis) шығады. 
Ерекшеліктері.Жылқыдажәне күйіс қайтаратын жануарлардасүйекаралық 
каудальды артерия жетілмеген. Шошқамен иттесүйекаралық каудальды 
артерия сүйекаралық краниальды артерияға қарағанда ірі болып келеді. 
б) сүйекаралық краниальды артерия(a. interosseus cranialis) білек 
аумағының алдыңғы бүйір бетімен өтіп, тізе және бақай буындарының жазғыш 
бұлшық еттерін тамырландырады. 
Ерекшеліктері. Сүйекаралық краниальды артерия жылқыдажәне күйіс 
қайтаратын жануарлардаөте жақсы жетілген. Ол өз кезегінде сүйекаралық 
терең иық артериясымен жалғасатын сүйекаралық қайтарма артериясын бөледі. 
Сүйекаралық краниальды артерия тізеге қарай төмендеп, дорсальды тізе торын 
жасауға қатысады және пальмарлы тізе торына артерия тармағын бөледі. Күйіс 
қайтаратын жануарларда сүйекаралық краниальды артерияның төмендеген 
соңғы тармағы IVтерең пальмарлы жіліншік артериясымен қосылып
IVбақайдың латеральды артериясына айналады.Шошқамен иттесүйекаралық 
краниальды артерия нашар жетілген. 


185 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет