А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет126/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Тобықасты артериясы (подколенная артерия) — a. Poplitea, тобық 
буынының плантарлық бетіндегі сан артериясының жалғасы. Тобықасты 
артериясы балтыр және тобықасты бұлшық еттерінің астыңғы жағымен өтіп, 
оларға және тобықбуынына қоректендіргіш артерия тармақтарын бөліп, тобық 
буынының тамырлы торынтүзгеннен кейін, асықты жіліктің алдыңғы және 
артқы артерияларына ажырайды. 
Асықты жіліктің алдыңғы артериясы (передняя большеберцовая артерия) 
— a. Tibialis cranialis, сирақ сүйектерінің сүйекаралық кеңістігі арқылы асықты 
жіліктің дорсальды бетіне шығып, оның дистальды бөлігіне қарай бағытталады 
да, асықты жіліктің алдыңғы жағындағы бұлшықеттер мен асықты жілікті 
қоректендіретін артерия тармақтарын бөледі. Тілерсек аумағында алдыңғы 
асықты жілік артериясы дорсальды аяқ басы артериясы (a. Dorsalis pedis) — 
деп аталады. 
Асықты жіліктің артқы артериясы (задняя большеберцовая артерия) — a. 
Tibialis caudalis, жылқыда жақсы, ал басқа жануарларда нашар жетілген. 
Жылқыдабұл артериядан асықты жілікті қоректендіретін тармақжәне 
латеральды каудальды қайықша артериясы ажырайды. Соңғы артериядан 
ажыраған өкше тармақтары өкшелік тамырлы тортүзеді. Аталған артерия 
тармақтары ажырағаннан кейін, асықты жіліктің артқы артериясы сафена 
артериясымен қосылып, плантарлы аяқ басы артерияларын құрауға катысады. 
Күйіс қайтаратын жануарлардаасықты жіліктің артқы артериясынан медиальды 
қайықша тармақ, ал шошқадаайналмалы шыбық тармағы ажырайды.
Ерекшеліктері.Жылқыдадорсальды аяқ басы артериясы тескіш тілерсек 
артериясын бөлгеннен кейін, III дорсальды жіліншік артериясы — деп аталады. 
Күйіс қайтаратын жануарлардаасықты жіліктің алдыңғы артериясынан 
алдыңғы қайықшы артериясы мен сиырдаII-IV, қоймен ешкідетек III жалпы 
дорсальды бақай артерияларын бөлгеннен соң, аяқ басының дорсальды 
артериясына айналады. Бұл артерия өз кезегінде латеральды, медиальды және 
тескіш жіліншік артерияларын ажыратқаннан кейін, III дорсальды жіліншік 
артериясы болып жалғасады.Шошқада асықты жіліктің алдыңғы артериясы 
сирақтың краниальды бетін қоректендіретін: алдыңғы асықты жіліктің қатарма 


195 
артериясын жәнесирақтың сүйекаралық артерияларын бөледі. Иттеасықты 
жіліктің алдыңғы артериясы краниальды қайтарма асықты жілік тармағы мен 
беткей тармақтар бөлгеннен кейін, дорсальды аяқ басы артериясына айналады. 
Өз кезегінде бұл артерия латеральды және медиальды тілерсек және доға 
артерияларына ажырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет