А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет


Артқы ми (metencephalon) өз кезегінде мишықтан және ми көпірінен  тұрады.  Мишық



Pdf көрінісі
бет156/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Артқы ми (metencephalon) өз кезегінде мишықтан және ми көпірінен 
тұрады. 
Мишық (cerebellum) жануарлар денесінің кеңістіктегі тепе-тендігін 
сақтау және дене мүшелерінің қозғалыстарын үйлестіру орталықтары 
орналасқан, пішіні шар тәрізді ми бөлігі. Ол сопақша мидың жоғарғы, үлкен 
мидың артқы жағында орын тепкен. Мишықты ұзынынан өтетін екі сай үш 
бөлікке бөледі. Олар: ортаңғы бөлік — құртша(vermis) және ұзын сайлар 
арқылы 
бөлінген 
оның 
екі 
бүйіріндегі 
оңжәне 
сол 
мишық 
жартышарлары(hemisphaeria cerebelli). Мишықтың сыртқы қабатын құрайтын 
сұр затты мишық қыртысы(cortex cerebelli) — деп атайды. Ал мишықтың 
орталығында орналасқан ақ заттың өткізгіш жолдары мишықтың қыртысты 
орталықтарын мидың басқа бөлімдермен және жұлын орталықтарымен 
байланыстырады. Мишықпен сопақша ми аралығында төртінші ми қарыншасы 
орналасады. Оның түбін сопақша ми шұңқыры, қабырғасы мен төбесін мишық 
құрайды. Қарынша қуысы алдыңғы жағынан ортаңғы ми суқұбырымен, артқы 
жағынан жұлынның орталық өзегі қуысымен жалғасады. Бұлардың қуысында 
ми-жұлын сұйығы болады. 
Мишықтың гистологиялық құрылысы. Мишықтың афферентті және 
эфферентті өткізгіш жолдары, оны мидың көрші бөлімдерімен байланыстырып, 
үш жұп мишық аяқшаларын құрайды. Терең сайлар арқылы қатпарланып 
жатқан мишықтың сұр заты оның сыртқы бегінде орналасып, мишық 
қыртысын түзеді. Қыртыстың астында пішіні тармақталған ағаш бұтақтарына 
ұқсас ақ заты жатады. 
Мишық қыртысынейроциттер құрамы әр түрлі үш қабаттан құралған. Олар: 
сыртқы молекулалы қабат, ортаңғы ганглионды қабат және ішкі дәншелі қабат. 
Мишық қыртысының сыртқы молекулалы қабатынсебетше және жұлдызша 
нейроциттер құрайды. Жұлдызша нейроциттердің өзі мөлшеріне байланысты 
майда және ірі нейроциттер болып екі түрге бөлінеді. Майда жұлдызша 
нейроциттердіңдендриттері қысқа болып келеді, ал аксондары ортаңғы 
ганглионды қабаттың алмұртша нейроциттерінің дендриттерімен синапс 
арқылы байланысады. Ірі жұлдызша нейроциттердіңұзын тармақты 
дендриттері. мен аксондары болады. Олардың дендриттері алмұртша 
нейроциттердің дендриттерімен де, денелерімен де синапстық байланыстар 
түзеді. Мөлшері 10-20 мкм ұсақ себетше нейроциттердің жіңішке ұзын келген 
дендриттері мен аксондары мишық қыртысының қатпарлары бойымен 
көлденеңінен орналасып, алмұртша нейроциттердің денелері үстімен тым ұзын 
тарамдар жасайды да, оларды себет тәрізді сыртынан шырмап, алмұртша 
нейроциттер денелерімен синапс арқылы байланысады. Молекулалы қабаттың 


229 
жұлдызша және себетше нейроциттері ганглионды қабаттағы ірі алмұртша 
нейроциттердің қызметін тежейтін жүйке толқындарын жеткізеді. 
Мишық қыртысының ортаңғы ганглионды қабатын бір қатарда 
орналасқан ірі, пішіні алмұрт тәрізді нейроциттер (бұрынғы атауы —Пуркине 
торшалары) құрайды. Олардың тармақталған 2- 3 дендриттері мишық 
қыртысының сыртқы молекулалы қабатына өтіп, қыртыстың сыртқы бетіндегі 
қатпарларға көлденең жазықтың бойымен тарамдалады. Ал олардың аксондары 
алмұртша нейроциттердің қарама-қарсы төменгі жағынан шығып, миелинді 
жүйке талшықтарға айналады да, ақ заттың құрамында, сол ақ затта орналасқан 
мишық ядроларының нейроциттерінде аяқталады. Аталған аксондардан 
дәншелі қабатта бүйірлік тармақтар ажырап, қайтадан ганглионды қабатқа кері 
қайтып, көрші алмұртша нейроциттердің денелерімен синапс арқылы 
байланысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет