А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет152/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Құйрықты ядро (nucleus caudatus) екі бөлімнен: бас және құйрық (caput 
еtcauda) бөлімдерден құралған. Құйрықты ядроның басы бүйірлік ми 
қарыншасының түбін құрауға қатысады және ол гиппокамптың алдында 
орналасады. 
Жасымықша ядро (nucleus lentiformis) құйрықты ядроның басы мен көру 
төмпегінің сыртқы бүйірінде орналасып, олардан ішкі қабық (сарsula interna) 
арқылы бөлініп тұрады. Жасымықша ядроның сыртқы латеральды бөлігі — 
қауыз (putamen), ал тарихи дамуы жағынан ең көне ішкі медиальды бөлігі — 
солғын ядро (pallidum) — деп аталады. Бұл бөлік көру төмпегінің сыртқы 
бүйірінде, латеральды тобықты дененің (ganglion geniculatum laterale) алдыңғы 
жағында жатады және қызметі жағынан иіс миымен тығыз байланыста болады. 
ІПарбақша ядро (claustrum)— жасымықша ядроның сыртқы латеральды 
жағында орналасқан, пішіні ұзын және жіңішке келген сұрзаттық құрылым. 


223 
Шарбақша ядроны жасымықша ядродан сыртқы қабық (capsula externa) бөліп 
тұрады. 
Бадамша дене (nucleus amygdalae) көру төмпегі мен аммон мүйізінің және 
қауыздың аралықтарында орналасып, олардан ақзаттық аралықтар арқылы 
бөлініп жатады. Бадамша дене қызметі жағынан иіс миының құрамына кіреді. 
Жолақты дене өткізгіш жолдар арқылы үлкен ми қыртысымен, көру 
төмпегімен, гипоталамуспен, ортаңғы ми торлы құрылымының ядроларымен 
(қызыл ядро т.б.), ми көпірі ядросымен, сопақша ми ядроларымен (каудальды 
зәйтүн) және ми жүйкелері ядроларымен қызметтік байланыста болады. 
Сүтқоректі жануарларда жолақты дененің сұрзаттық ядролары жоғары 
қыртысасты қимыл (өрмелеу, жүзу, секіру, жүру, жүгіру т.б.) және вегетативтік 
реттеу орталықтарының қызметтерін атқарады. Жолақты дене ядроларында 
көптеген шартсыз рефлекстер тұйықталады. Ал рефлекс үлкен ми қыртысы 
арқылы тұйықталатын болса, онда жолақты дене ядролары ми қыртысының 
басқаруымен шартты рефлекстерді іс жүзіне асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет