4.Бет бұлшық еті-m. zigomaticus- таспа пішіндес жұқа ет. Ол бет доғасынан
басталып, езуде аяқталады.
5. Мұрын және ерінді көтергіш бұлшық еті- m. levator nasolabialis –
мұрынның бүйір беті терісінің астында орналасады. Оның басталатын және
бекитін ұштары әртүрлі жануарларда бірдей болмайды. Ерекшеліктері:
Жылқыда бұл бұлшық ет жалпақ сіңірмен маңдай және мұрын сүйектерінен
басталып, жоғарғы ерін мен мұрын қанатында аяқталады. Қызметі: Жоғарғы
ерінді көтеріп, танау тесігін кенейтеді.
6. Сойдақ тісті бұлшық еті- m. caninus- жоғарғы жақ сүйегінің бүйір бетіндегі
көздікасты тесіктің маңайынан басталып, мұрын қанаты мен жоғарғы ерінде
аяқталады. Қызмет: таңдауды кеңейтеді.
7. Ұрт бұлшық еті-m. buccinator ұрттың кілегейлі қабығымен жанасып жатып,
беткейлік және терең қабаттардан тұрады. Ұрт бұлшық етінің беткейлік қабаты
үлкен шайнау бұлшық етінің алдында орналасады. Қызметі: Шайнау кезінде
азықты жылжытып, азу тістерге салуға көмектеседі.
Бақылау сұрақтары: 1 Орыс және латын тілінде бастың бұлшық еттерін атаңыз.
2 Бас қаңқасында бас бұлшық еттерінің орналасуын көрсетіңіз.
3 Ұрт бұлшықеті.
4 Сойдақ тісті бұлшықет.
6.2 Шайнау бұлшық еті. Сабақтың мақсаты: Орыс және латын тілінде бас қаңқасында бастың бұлшық
еттерін көрсету және алған білімді бекіту. 1.Үлкен шайнау бұлшық еті -m.massеterius төменгі жақ сүйегін қозғалысқа
келтіріп, шайнауды қамтамасыз етеді. Үлкен шайнау, самай және қанатша
бұлшық еттер жиырылғанда төменгі жақ сүйегі жоғары көтеріліп, жоғарғы жақ
сүйегіне жанасады. Ал қосқұрсақты және мойындырықты – жақ бұлшықеттері
төменгі жақсы түсіреді.
2.Қанатша бұлшық еті- m. pterygoideus төменгі жақ сүйегінің медиальды
бетінде орналасқан. Ол екі бөліктен тұрады. Қанатша медиальды бұлшық ет
таңдай және қанатша сүйектерден басталып, төменгі жақ сүйегінің қанатша
61
ойысында аяқталады. Қанатша латеральды бұлшық ет – медиальды бұлшық
етпен бірге басталып, төменгі жақ сүйегі бұтағының артық жиегінде бекиді.