А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет41/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 Бақылау сұрақтары: 
1 Омыртқа бағанының дорсальды бұлшық етін орыс және латын тілінде атап 
көрсетіңіз. 
2 Ірі қара малдың қаңқасында омыртқа бағанының бұлшық еттері қайда 
орналасқаның көрсету. 
3 Арқаның тым жалпақ бұлшық еті 
4 Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті 
7.2 Омыртқа бағанының вентральды бұлшықеттері 
Сабақтың мақсаты: Орыс және латын тілінде омыртқа бағанының вентральды 
бұлшық етін оқып-зерттеу. 
 
Омыртқа бағанының вентральды бұлшықеттері 
1. Бастың ұзын бұлшықеті-m. longus colli – мойын омыртқалары денелерінің 
вентральды бетінде жатады. Ол осы омыртқалардың қабырға өсінділерінен 
басталып, шүйде сүйегі денесінің ет төмпегіне бекиді. 
2. Мойынның ұзын бұлшықеті-m. longus capitis мойын мен көкірек 
омыртқалары денелерінің вентральды бетінде қиғаш орналасып, екі бөлікке 
бөлінеді.
3. Белдің шаршы бұлшықеті -m. guadratus lumborum бел омыртқаларының 
көлденең қабырға өсінділерінің вентральды бетінде орналасады. Оны белдің 
үлкен бұлшықеті жауып жатады. Ол соңғы екі қабырғаның омыртқаларға 
жақын тұсының медиальды бетінен және бел омыртқалардың көлденең қабырға 
өсінділерінен басталады. 
4. Белдің кіші бұлшықеті - m.psoas minor – белдің үлкен бұлшықетінің 
медиальды жағында, аттас еттер бір-бірімен жанаса орналасады. Ол соңғы 3-ші 
көкірек пен 4,5-ші бел омыртқаларының денелерінен басталып, мықын 
сүйегінің кіші бел бұлшықеті төмпегіне бекиді. 
Жауырынды тұлғаға бекітетін бұлшықетер: 
1. Трапеция тәрізді бұлшық ет - m. trapezius – жалпақ келген пішіні трапеция 
тәрізді ет. Ол бірінші мойын мен 10-11-шы көкірек омыртқалардың аралығында 
жатады. 3-ші көкірек омыртқасының тұсында ет мойын және көкірек 
бөліктеріне бөлінеді. Мойын бөлігі желкенің арқанша бөлігінен басталып, оның 
ет талшықтары кауда-вентральды бағытпен жауырын қырының алдыңғы 
жиегіне бекиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет