А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет97/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Қосымша жыныс бездері.Жамбас қуысының несеп-жыныс өзегіне қарай 
ашылады. Бұл бездерге: көпіршікше, қуықалды және баданалық бездер жатады. 
Бұлар уретраның жамбас бөлігінің қабырғасында орналасып, өздерінің 
өзектерімен оның қуысына ашылады. Құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше 
бездерге жатады. 
Көпіршікше без —glandulae vesiculares — қуықтың жоғарғы жағында, 
шәует жолының екі бүйірінде орналасқан жүп без. Оның өзегі шәует жолымен 
бірігіп, шәует төбешігіне (colliculus seminalis) ашылады. 
Ерекшеліктері. Айғырда көпіршікше бездің сырты тегіс, пішіні алмұртқа 
ұқсас, көпіршік тәрізді болып келеді. Ұзындығы 12-15 см. Бұқаның, 
қошқардың, текенің көпіршікше безі көпбөлікті, тығыз, сырты бұдырлы, пішіні 
сопақша болады. Бұқада бездіңұзындығы 10-12 см.Қабанда без өте көлемді 
келеді, ұзындағы 15 см.Итте бұл без болмайды. 
Көпіршікті бездің гистологиялық құрылысы. Без қабырғасында бір-
бірінен анық бөлінбеген үш қабық болады. Олар: кілегейлі, етті және 
адвентиция қабықтары. Кілегейлі қабығын бірқабатты призма тәрізді безді 
эпителий астарлайды. Оның астындағы өзіндік тақташаны борпылдақдәнекер 
ұлпасы құрайды. Қатпарланып жатқан кілегейлі қабығында кілегейлі сөл 
бөлетін көпіршікті-түтікшелі бездер болады. Етті қабығы нашар жетілген. 
Адвентицияны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. 
Қуықалды без (glandulae prostata) орналасу орнына қарай қабырғалық 
және қабырғадан тыс жатқан бездер болып екіге бөлінеді. Қабырғадан тыс 
жатқан без қуық мойнының дорсальды бетінде орналасады. Оның оң (logus 
dexter) және сол бүйір бөлігі (lobus sinisler lateralis) мен олардың аралығында 
ортаңғы мойыншығы (isthmus prostatae) және денесі(corpus prostatae) болады. 
Без өзектері шәует төбешігінің екі бүйіріне келіп ашылады. Қабырғалық бездер 
аталық уретра жамбас бөлігінің кілегейлі және етті қабықтарының арасындағы 
кеуекті денеде шашырай орналасқан. Сондықтан, оны шашыранды қуық алды 
без (glandula prostate disseminata) — деп атайды. Без өзектері уретраның 
дорсальды қабырғасында екі қатар болып ашылады. 
Ерекшеліктері. Қуықалды без барлық жануарларда кездеседі. Айғырда 
қабырғадан тыс жатқан қуықалды бездің екі бүйір бөлігі мен мойыншығының 
пішіні таға тәріздес болып келеді. Ол уретрада орналасады. Шашыранды 
қуықалды без көлемі жағынан шағын, ол уретраның дорсальды қабырғасында 
болады.Бұқада қабырғадан тыс жатқан қуықалды бездің тек ортаңғы бөлігі ғана 
болады. Шашыранды қуықалды безі негізінен несеп- жыныс өзегінің дорсальды 


156 
қабырғасында орналасады. Теке мен қошқарда қабырғадан тыс жатқан 
қуықалды без болмайды. 
Қабанда шашыранды қуықалды без ірі болып, уретраның кілегейлі 
қабығын қоршай орналасады. Қабырғадан тыс жатқан қуықалды бездің ортаңғы 
бөлігі ғана сақталған.Төбетте шашыранды қуык алды без болмайды. Оның 
есесіне қабырғадан тыс жатқан қуықалды без өте ірі. Олар сай арқылы оң және 
сол бөліктерге бөлінген. 
Қуықалды бездің гистологиялық құрылысы. Без құрылысы жағынан 
күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Куық алды безінің құрылысы
олардың орналасу орындарына байланысты. Без сыртынан дәнекер ұлпалық-
етті қапшықпен қапталған. Қапшықтан бездің ішіне қарай дәнекер ұлпалық-етті 
перделіктер тарала еніп, без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелерді 
қабырғасы бірқабатты (эпителиоциттердің биіктігі әр түрлі жануарларда 
түрліше) безді эпителийден тұратын, секреторлы соңғы бөлімдер құрайды. 
Соңғы бөлімдерден шығатын өзекшелер бір-бірімен қосылып, несеп-жыныс 
өзегіне ашылатын қуықалды безінің негізгі өзегін құрайды. Оның қабырғасы 
көпқабатты ауыспалы эпителийден тұрады. Қуық алды безінің секреті 
шәуетпен бір мезгілде бөлініп, қышқылдық ортаны бейтараптандырып, 
сперматозоидтардың қимыл-қозғалысын арттырады. 
Баданалық без (glandulae bulbourethralis) несеп-жыныс өзегінің 
(уретраның) жамбастық бөлімінің соңғы бөлігінде орналасқан жұп без. 
Баданалық 
безді 
жоғарғы 
жағынан 
бадана-кеуекті 
бұлшық 
ет 
(m.bulbocavernosus) жауып жатады. 
Ерекшеліктері. Айғырда баданалық бездің пішіні сопақша келген, 
ұзындағы 4 см, уретра қуысына ашылатын 5-8 өзегі болады.Бұқада, қошқарда 
және текеде баданалық без онша көлемді емес, бездің бір шығару өзегі 
болады.Қабанда баданалық без өте үлкен, пішіні цилиндр тәріздес, сыртқы беті 
бұдырлы болып келеді. Бездің өзегі несеп-жыныс өзегінің кілегейлі 
қабығындағы бітеу қалташаға ашылады.Төбетте баданалық без болмайды. 
Баданалық бездің гистологиялық құрылысы. Баданалық без құрылысы 
жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Бездің құрылысы 
жануарлардың түріне байланысты. Баданалық безді сыртынан қаптайтын 
дәнекер ұлпалық қапшықтан без ішіне енетін перделіктер, оның паренхимасын 
бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелердегі секрет бөлетін соңғы бөлімдердің 
қабырғаларын бірқабатты призма тәрізді безді эпителий құрайды. Бездің 
шығару өзектерінің қабырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителиймен 
астарланған. Баданалық бездің секреті жыныстық қатынас алдында бөлініп, 
несеп-жыныс өзегі қуысын зәр қалдықтарынан тазалайды. 


157 
Қосымша жыныс бездерінің сөлдері жануарлардың ұрықтануы кезінде 
маңызды рөл атқарады. Олар спермийлермен араласып, шәуетті (сперманы) 
түзуге қатысады. Спермийлерді қозғалысқа келтіріп, олар үшін қоректік қызмет 
атқарумен қатар, шәует жүрер алдында несеп-жыныс өзегі қуысын зәр 
қалдықтарынан тазалайды. Көпіршікше без сөлі ұрғашы жануарлар қынабына 
шәуеттен соң бөлініп, кілегейленіп, қоюланып, шәуеттіңаналықжыныс 
жолынан кері төгілмеуін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет