№5 дәріс
Тақырып: Магриб және Кордова халифаты.
Дәріс мазмұны: Солтүстік Африкадағы араб мемлекеттері. Испанияны жаулау және Кордова халифатындағы әлеуметтік жағдайлар. Реконкиста. Арабтардың Испаниядан айырылуы.
Әдебиет: : 34,27,38
ОЖСӨЖ мазмұны: Кордова халифатының мәдениеті мен ғылымы.
СӨЖ мазмұны: Араб тілінде дамыған басқа ғылымдардың мәдениеті туралы мағлұмат іздестіру.
Әдебиет: : 34,27,38
10 кредит сағат.
№5 практикалық сабақ
Тақырып: Ортағасыр дәуіріндегі Араб мәдениеті.
Практикалық сабақ жоспары:
-
Араб-мұсылман әлемінің әлемдік мәдениет орталығына айналуы.
-
Араб өнерінің негізгі жанрлары.
-
Араб архитектурасының конструкциялық ерекшеліктері. Архитектуралық декор.
-
Қолданбалы өнер.
-
Ғылыми білімнің дамуы.
Әдебиет: 26,38,39,
ОЖСӨЖ мазмұны: Араб мәдениетінің негізгі өкілдерінің қызметін сипаттау.
СӨЖ мазмұны: өзіндік жұмыстарын қорғауға дайындық.
6 апта
11 кредит сағат
№6 дәріс
Тақырып: X- XV ғ.ғ. Ирак, Сирия, Египет.
Дәріс мазмұны: ҮІІ-ІХ ғ. ортасына дейінгі Египет. Фатимидтер халифаты. Фатимидтер кезіндегі Египет экономикасы. Фатимидтер халифатының құлауы. Салах-ад-дин және Айубилер династиясы. Сирия және крест жорықтары. Моңғолдардын Иран мен Сирияға жорығы. ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. Египеттегі феодалдық жер меншігі. Шаруалар жағдайы. Египет мамлюктері. Аллепо шайқасы. Египет мамлюктер билігі тұсында. Мемлекеттік құрылым. Х-ХҮ ғ.ғ. Сирия және Египет мәдениеті.
Әдебиеттер: 10,14, 38,
Техникалық оқу құралдары: карта.
ОЖСӨЖ мазмұны: Өзіндік жұмыстарын қорғау.
12 кредит сағат
№ 6 Практикалық сабақ
Тақырып: XI- XV ғ.ғ. Араб елдері.
Практикалық сабақ жоспары:
1. Х-ХІІ ғ.ғ. Сирия және Египет.
2. Крестшілерге қарсы күрес. Салах ад Дин.
3. Египет пен Сириядағы мамлюк мемлекеті.
4. IX- XI ғ.ғ. Магриб.
Әдебиет:30,31,33
ОЖСӨЖ мазмұны: Бейбарыс сұлтан туралы шағын баяндама.
СӨЖ мазмұны: «Мың бір түн ертегісі» туралы шағын баяндама (2 сағат).
7 апта
13 кредит сағат.
№7 дәріс
Тақырып: XVI-XVIIІ ғ.ғ. Арабтық Шығыс.
Дәріс мазмұны: Түріктердің араб жерлерін жаулауы және үстемдігі. Араб елдерінің қоғамдық-саяси құрылысы. Осман үстемдігі кезеңіндегі араб қалалары. Сепаратизмнің өсу себептері. Ирак және Сирия елдері. Палестина мен Ливан елдерінің саяси, экономикалық дамуы, қозғалыстардың күшейуі.
Әдебиет:
-
Базили К.М. Сирия и Палестина под турецким правительством ... М., 1962.
-
Ближний и Средний Восток: товарно-денежные отношения при феодализме. - М., 1980.
-
Жюльен Т.А. История Северной Африки, Тунис - Алжир - Марокко от арабского завоевания до 1820г. - М., 1961.
-
Иванов Н.А. Арабо-османская община XVI-XVII вв. // НАА. 1990. № 4
-
Иванов Н.А. Османское завоевание арабских стран. М. 1984
-
Пигулевская Н.В. История сирийцев в средние века. М., 1979
-
Удалова Г.М. Йемен в период первого османского завоевания. 1538-1635. М. 1988
ОЖСӨЖ мазмұны. Арабтар мен түркілердің арақатынастары туралы баяндау.
СӨЖ мазмұны: Аралық білім бақылауына дайындық (2 сағат).
14 кредит сағат.
№7 практикалық сабақ.
Тақырып: Осман империясы билігіндегі Араб елдері.
Практикалық сабақ жоспары:
-
Араб елдерін түріктердің басып алуы.
-
Басқару жүйесі және басқыншылардың әлеуметтік саясаты.
-
ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. араб елдерінің экономикалық даму ерекшеліктері.
-
Қалалардың дамуы.
Әдебиеттер: 36,3930
-
Базили К.М. Сирия и Палестина под турецким правительством ... М., 1962.
-
Ближний и Средний Восток: товарно-денежные отношения при феодализме. - М., 1980.
-
Жюльен Т.А. История Северной Африки, Тунис - Алжир - Марокко от арабского завоевания до 1820г. - М., 1961.
-
Иванов Н.А. Арабо-османская община XVI-XVII вв. // НАА. 1990. № 4
-
Иванов Н.А. Османское завоевание арабских стран. М. 1984
-
Пигулевская Н.В. История сирийцев в средние века. М., 1979
-
Удалова Г.М. Йемен в период первого османского завоевания. 1538-1635. М. 1988
Техникалық оқу құралдары: карта.
ОЖСӨЖ мазмұны: №1 Аралық білім бақылауы.
8 апта
15 кредит сағат
№8 дәріс
Тақырып: XVIІІ ғ. II жартысы - XIX ғ. басындағы Азиялық Араб елдері.
Дәріс мазмұны: ХҮІІІ ғ. – ХІХ ғ. басындағы Аравия. Азияның Араб елдерінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы. Араб тайпаларының біріктірушілік қозғалыстары. Ваххабиттердің діни ілімі. Басқа княздықтарды біріктіру үшін Саудидтер династтиясының күресі. ХҮІІІ ғ. соңы – ХІХ ғ. басындағы Ирак және Левант елдері және олардың Осман езгісінен азаттығы үшін күрес. Шаруалардың антифеодалдық қозғалысы. Аравиядағы ағылшын және француз отаршылдарының экспаниясы. Түрік бақылауын қалпына келтіру әрекеттері.
Әдебиеттер: 25,26,28
ОЖСӨЖ мазмұны: Османдық Сириядағы провинциальдық басқаруды ұйымдастыру.
16 кредит сағат
Тақырып: XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басындағы Араб елдері.
№8 Практикалақ сабақ жоспары
1. Аравия елдеріндегі діни жағдай.
2. Неждаға бірігу.
3. Парсы шығанағы, Хиджаз, Ирак, Сирия үшін вахаббиттердің күресі.
Әдебиеттер: 8,14, 28,33
ОЖСӨЖ мазмұны: Вахаббиттік ілім туралы конспект жазу.
СӨЖ мазмұны: Шығыс елдерінің мәдени даму ерекшеліктері туралы мәлімет жинастыру (2 сағат).
9 апта
17 кредит сағат
№9 дәріс
Тақырып: ХҮІІІ ғ. соңы – ХІХ ғ. басындағы Африканың Араб елдері.
Дәріс мазмұны: Египеттегі саяси жағдай. Аграрлық қатынастар. Египеттің мамлюк билерінің түрік үстемдігіне қарсы күресі. Египетке Н.Бонапарт экспедициясы және француз басқыншыларына қарсы Египет халқының күресі. Мұхаммед Алидің билікке келуі. Осман империясымен әскери шиеленіс. Египет дағдарысына европалық державалардың араласуы.
Тунис. Хусейнидтер династиясы – Османдық Порта вассалы. Тунис үшін ағылшын-француз қарама-қайшылығы. Тунистің жартылай отарға айналуы.
Марокко. Түрік-османдарға бағынбаған жалғыз ел. Сұлтан Мулай Исмаил (1672-1727 ж.ж.) кезіндегі Марокконың орталықтандырылуы. Франк-мароккан шиеленісі.
Алжир. Алжирдегі Осман сұлтандары билігінің әлсіздігі. Францияның басып алуы. Абд Аль-Кадир жетекшілігімен болған азаттық күрес.
Ливия. Осман империясы құрамындағы Ливия. 1830 ж. Франциямен тең емес келісім, оның салдарлары. Танзимат принциптеріне негізделген реформалар.
Әдебиет: 8,13,15
ОЖСӨЖ мазмұны: Контур картамен жұмыс. Картаға ортағасырлық араб мемлекеттерінің территорияларын түсіру.
18 кредит сағат.
Тақырып: Африканың Араб елдері.
№9 практикалық сабақ жоспары:
1. Египеттегі Мұхаммед Али билігі және оның реформалары.
2. Тунистің европалық державалардың жартылай отарына айналуы.
3. Европалық державалардың Мароккадағы саясаты.
4. Алжир халқының француз отаршылдарына қарсы көтерілісі. Абд Аль-Кадир.
5. Осман империясы құрамындағы Ливия.
Әдебиет: 1,4,18,49
ОЖСӨЖ мазмұны: Мұхаммед Әли кезіндегі жұмысшылар мен феллахтардың жағдайы туралы баяндау.
Әдебиет: 1,4,18,49
СӨЖ мазмұны: Мұхаммед Әли реформалары туралы хронологиялық кесте жасау (2 сағ.).
10 апта
19 кредит сағат
№10 дәріс
Тақырып: ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. басындағы Азияның Араб елдері.
Дәріс мазмұны: Азияның Араб елдері – Ирак,Сирия, Ливан, Палестинаның ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы саяси және экономикалық дамуы. Иракпен салыстырғанда Левант елдерінің қолайлы жағдайы. Түркия территориясы арқылы Германияның Бағдад теміржолын салуы. Германияның Сирия, Ирак және Палестинаны отарлауы. Саудидтер мемлекетінің Египет және Түркиямен күресі. Оңтүстік Аравия – Йемен (Саба, Химьярит мемлекеті) Осман империясы билігінде. Аравия түбегіндегі Англияның отарлық агрессиясы. Оман – Аравияның шығысындағы мемлекет. Маскат (Оман сұлтандығы) және және Шартты Омандағы (қазіргі БАӘ) Англия позициясының нығаюы. ХҮІІІ ғ. оратсындағы Кувейт шахтарының Осман империясынан тәуелсіздігі. Ағылшын бақылауының орнатылуы.
Әдебиет:25,49
ОЖСӨЖ мазмұны: ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. басындағы Азияның Араб елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының салыстырмалы кестесін құру.
СӨЖ мазмұны: Ағылшын-египет соғысының жүру барысын карта бойынша табу.
20 кредит сағат
Тақырып: Шетел капиталының араб елдеріне енуі.
№10 Практикалық сабақ жоспары:
-
XIX ғ. 50-60 жж. Египет.
-
Сирия мен Ливанға шетел капиталының енуі.
-
Англия позициясының Аравияда күшеюі.
Әдебиет: 22,25,49,50
Техникалық оқу құралдары: карта.
ОСӨЖ мазмұны: XVII ғ. II жартысындағы - XIX ғ. 70 жылдарындағы Ирак туралы конспект жазу.
Әдебиет: 22,25,49,50
СӨЖ мазмұны: Тунис үшін ағылшын-француз күресі.
Әдебиет: 14,22,25,49,50
11 апта
21 кредит сағат
№11 дәріс
Тақырып: Африканың Араб елдерін отарлау.
Дәріс мазмұны: Египетте европалық қаржы бақылауының орнатылуы. Араби-паша көтерілісі қарсаңындағы Египет. Ахмед Араби-паша жетекшілігімен болған азаттық көтеріліс. Египет экономикасына шетелдік монополистік капитал үстемдігі. Судандағы Махдистер көтерілісі және Англияның Суданды басып алуы. Итальян агрессиясына қарсы Ливия халқының күресі. Лозанн келісімінің шарттарын мойындаудан Ливияның бас тартуы. Францияның Тунисті басып алуы. Мемлекеттік отарлық құрылымының құрылуы. 1883 ж. франк-тунис конвенциясы. Протекторат режимінің қалыптасуы. ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыс. 1870-1871 ж.ж. француз революциясының алжирлік ұлт-азаттық қозғалысқа ықпалы. 1871 ж. Алжирдегі ұлт-азаттық көтеріліс. Француз империализмінің езгісіндегі Алжир. ХІХ ғ. 60 ж.ж. Марокконың формальды тәуелсіздігі. 1880 ж. Мадридтегі марокко мәселесі бойынша халықаралық конференция. Марокконы Францияның басып алуы. 1907-1912 ж.ж. Мароккодағы көтеріліс.
Әдебиеттер: 10,14,22,25,49,50
Техникалық оқу құралдары: карта.
ОЖСӨЖ мазмұны: XVII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Марокко туралы конспект жазу.
Әдебиет: 10,14,22,25,49,50
22 кредит сағат
Тақырып: Африканың Араб елдерін отарлау.
№11 Практикалық сабақ жоспары:
-
Египеттегі Ахмед Араби-паша бастаған азаттық көтеріліс.
-
Махдистер көтерілісі және Англияның Суданды басып алуы.
-
Итальяндықтардың Ливияны басып алуы.
-
Тунисте протекторат режимінің орнатылуы.
-
Француз империализмінің езгісіндегі Алжир.
-
Францияның Марокконы басып алуы.
Әдебиет: 25,19,30
ОЖСӨЖ мазмұны: Өткен материалдар бойынша тест құрастыру.
Әдебиет: 25,19,30,49
СӨЖ мазмұны: Тарихи терминдермен жұмыс жасау (2 сағ.).
Әдебиет: 25,19,30,49
12 апта
23 кредит сағат
№12 дәріс
Тақырып: Екі д.ж. соғыс аралығындағы Таяу Шығыстың Араб елдері.
Дәріс мазмұны: Осман империясының араб территориясын соғыстан кейінгі бөлуі. Ирактағы британ отаршылдарының саясаты және ирак халқының азаттық күресі. Трансиорданияның құрылуы. Палестинаның британ отарына айналуы. Сауд Аравиясының құрылуы.
Әдебиет: 24,25,26,27,28
Техникалық оқу құралдары: карта.
ОЖСӨЖ мазмұны: Египет экономикасындағы шетел капиталаның үстемдігі.
СӨЖ мазмұны: ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы Араб елдерінің даму ерекшеліктері.
24 кредит сағат
Тақырып: Отарлық езгідегі араб елдері.
№12 Практикалық сабақ мазмұны:
1. Сирия мен Ливанның жартылай отарға айналуы.
2. Палестина мен Ирактың жартылай отарға айналуы.
3. Аравиядағы ағылшын империалистерінің позициясының күшеюі.
ОЖСӨЖ мазмұны: өтілген материалдар бойынша бақылау жұмысы.
СӨЖ мазмұны: Египеттегі қаржы дағдарысы туралы конспект жазу.
13 апта
25 кредит сағат
№13 дәріс
Тақырып: Екі д.ж. соғыс аралығындағы Солтүстік Африканың Араб елдері.
Дәріс мазмұны: Египеттің Ұлыбританияның жартылай отарына айналуы. 1919-1921 ж.ж. Египет көтерілісі. Вафд партиясы. Британ протекторатының жойылуы және Египеттің формальды тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі. 1922 ж. конституция. Тәуелсіздік туралы Декларация. 1923 ж. парламент сайлауы. Судан үшін ағылшын-египет қарама-қайшылығы. Англиямен жаңа одақтық келісім. Саад партиясы. Мемлекеттік төңкеріс. ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы Египет.
Әдебиеттер: 24,25,35,33,38
Техникалық оқу құралдары: карта.
ОСӨЖ мазмұны: Ливия халқының италян агрессорларына қарсы күресі туралы конспект жазу.
Әдебиет: 24,2535,33,38
СӨЖ мазмұны: Жоғарыдағы елдер бойынша хронологиялық кесте жасау (2 сағ).
26 кредит сағат
Тақырып: Версаль-Вашингтон жүйесіндегі араб елдері.
№13 Практикалық сабақ жоспары:
1. Мандаттық жүйе және оның мәні.
2. Араб елдеріндегі саяси өзгерістер.
3. Дипломатиялық байланыстардың орнатылуы.
4. Екі д.ж. соғыс аралығындағы Араб елдеріндегі саяси жағдай.
Әдебиет: 4,5,9,15,25,26
ОСӨЖ мазмұны: Курс бойынша терминдермен жұмыс.
14 апта
27 кредит сағат.
№14 дәріс
Тақырып: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Таяу Шығыстың Араб елдері.
Дәріс мазмұны: Араб елдері халқының азаттық қозғалысы. Араб елдерінің жалпы сипаттамасы. Араб елдері Лигасының құрылуы. Араб ұлтшылдық идеясы. Сирия мен Ливанның тәуелсіздігін жариялауы. Таяу және Орта Шығыстағы батыс елдерінің саясаты. Израиль мемлекетінің құрылуы. Таяу Шығыс дағдарысы. Араб-израиль соғыстары. Йемендегі азамат соғысы. Оңтүстік Йемен Халық Республикасының құрылуы. А.Ф.Исмаил. Солтүстік Йемендегі мемлекеттік төңкеріс. Революциялық басқару Кеңесі. Йемен Араб Республикасының құрылуы. Монархиятер мен республикашылар арасындағы соғыс. Шығыс шығанағының Араб елдері. 1971 ж. Біріккен Араб Әмірлігінің құрылуы. Катар, Бахрейн, Кувейттің тәуелсіздігін жариялауы. Аравия монархиясы саясаты. Ислам ұйымы қызметі.
Әдебиет: 4,27,23,19.
ОЖСӨЖ мазмұны: Араб елдері Лигасының құрылуы, қызметі туралы шағын баяндама жасау.
СӨЖ мазмұны: Араб елдері Лигасына мүше-мемлекеттер.
28 кредит сағат
Тақырып: Таяу Шығыс мәселесі.
№14 Практикалық сабақ жоспары:
1.Араб - Израиль қақтығыстарының себебі.
2.1967 ж. Араб-Израиль соғысы.
3. 1973 ж. Араб-Израиль соғысы.
4. ХХ ғ. 80-90 ж.ж. Араб әлемінің Израильмен қарым-қатынасы.
Әдебиет: 4,23,25,27
ОЖСӨЖ мазмұны: Араб-израиль соғыстарын бір-бірімен салыстыру.
СӨЖ мазмұны: Араб-израиль соғыстарының себептерін ашып көрсету.
15 апта
29 кредит сағат.
№15 дәріс
Тақырып: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Солтүстік Африканың Араб елдері.
Дәріс мазмұны: Египеттегі 1952 ж. революция. Республиканың жариялануы. Г.А.Насер үкіметінің саясаты. Экономиканы «египеттендіру» саясаты. Араб социалистік одағы. БАР-ның құлау себептері. 1964 ж. конституция. Суэц дағдарысы. Г.А.Насер өлімінен кейінгі билік үшін күрес. А.Садаттың билікке келуі. «Ашық есік» саясаты (иттифах). 1976 ж. сайлау. ЕАР-ның араб ұйымдарынан шығуы. Президент Х.Мубарак. Қазіргі араб әлеміндегі Египеттің рөлі мен орны. Ирактағы араб ұлтшылдық идеясы. Баас партиясы. Республиканың жариялануы. А.К.Касем. С.Хусейн тоталитарлық режимі жылдарындағы Ирак. Ирак дағдарысы. Соғыстан кейінгі жылдардағы Сирия. 1970 ж. әскери төңкеріс. Х.Асад. Х.Асадтың 37-жылдық билеуінен кейінгі Сирия. 1975 ж. Ливандағы азамат соғысы. «Амаль» қозғалысы. 1982 ж. израиль әскерлерінің енуі. Алжир Халық-Демократиялық Республикасының құрылуы. А.Бен Белла. 1965 ж. әскери төңкеріс. Х.Бумедьен. 1976 ж. Конституция. Көппартиялық жүйеге көшу. 1969 ж. Ливиядағы мемлекеттік төңкеріс. Монархияның құлауы. Еркін офицерлер. М.Кадцафи. Араб социалистік одағы. «Жасыл кітап». Каддафидің «Үшінші әлем теориясы». «Джамахирия» принциптері.
Әдебиет: 4,25,27,50
ОЖСӨЖ мазмұны: Тарихи терминдер және даталармен жұмыс формалары. Сөзжұмбақ құрастыру.
СӨЖ мазмұны: Алжирдегі ұлт-азаттық күрес туралы конспект жазу.
30 кредит сағат
Тақырып: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Араб әлемі.
№15 Практикалық сабақ жоспар:
-
Араб елдері халықтарының азаттық қозғалысы. Таяу және Орта Шығыстағы батыс елдерінің саясаты.
-
Йемендегі азамат соғысы.
-
Парсы шығанығының араб елдері.
-
ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Египет.
-
ХХ ғ. ІІ жартысындағы Ирактағы саяси жағдай.
-
Ливандағы азамат соғысы.
Әдебиет:4,23,
ОЖСӨЖ мазмұны: №2 Аралық білім бақылауы.
ОСӨЖ мазмұны: СЕНТО, ОПЕК-тің құрылуы және олардың әскери-саяси маңызы.
Әдебиеттер тізімі:
1.Аравииская старина. Л.,1983.
2.Иванов.Н.А.Османское завоевание арабских стран. М.,1984.
3.Африка.Энциклопедический справочник.М.,1986.Т 1.
4.Луцкий.В.Г. Новая история арабских стран.М.,1966.
5.Кошелев.В.С. Египет: от Араби паши до Сада Загула.М.,1992.
6.Кильбернг.Х.И. Воостание Араби паши в Египте.М.,1987.
7.Хрестоматия по новой истории.1815-1870. Под ред.А.А.Губера,
А.В.Ефимова. Т.2. М.,1983.
8. Чераксов.П.П. Судьба империи:Очерк колониальный эспансии Франции
в 17-0-20вв .М.,1995.
9. История национально-освободительной борьбы народов Африки в новое
время. М.,1976.
10.История Востока.Т.2,3. М.,1999.
11.Оганисиян.Ю.С. Абд аль Кадир.М.,1968.
12.Левин.З.И. РАзвитие обшественной мысли на Востоке (XIX-XX)
М.,1993.
13.Новая история стран Азии и Африки. М.,1998.
14.Л.С.Васильев. История Востока. М.,1998-2000.
15.История Алжира в новое и новейшее время. М.,1992.
16.Ланда Р.Г. Кризис колониального режима в Алжире. М.,1980.
17.Зарин.В.А. Запад и Восток в мировой истории. М.,1991.
18.Зеленеев.Е.И. Египет:средние века и новое время. М.,1999.
19.Национально-освободительное движение в Азии и Африки.М.,1967.
20.Джабарти Абдр ар-Р. Египет под властью Мухамед Али .
пер с араб.М.,1963.
21.Колесников А.И. Завоевание Ирана арабами. М.,1982.
22.Новейшая история стран Азии и Африки .XX век. Под ред.Родригеса.М.,2001.
23. История стран Азии и Африки в новейшее время.Ч2.М.,1979.
24. Новая история стран Азии иАфрики.М.,1989
25. Л.С. Васильев.История Востока.М.1999
26. Арабские страны. Турция, Иран, Афганистан. М.,1973.
27. Губер А.А. Новая история Азии и Африки.М.,1979.
28. Новая история стран Азии иАфрики XVI-XIX века под ред. Родригеса..М.,ч1,2,3
2004г.
29. Хрестоматия по новейшей истории. Ч2. М.,1969г.
30. Арабская средневековая культура илитература.М.1978.
31. Арабская литература в средние века.М.,1977г.
32. ИвановН.А. Османское завоевание арабских стран.М.1984
33.Смилянсая И.М. Социально-экономическая структура стран Ближнего Востока на рубеже нового времени.М.1979.
34. Беляев А.Е.Арабы,ислам и арабский халифат в ранее средневековье.М.,1966.
35. Большаков О.Г.История халифата.Т.1,2.3.М.,1989,1993,1998.
36. Энциклопедия ислама.М.,1992.
37. Коран.пер.И.Ю.Крачковский.М.,1999
38Михайлова.И.Б. Средневековый Багдад.М.,1990.
39 Фильштинский И.М. История арабов ихалифата.М.,1990.
40 СоловьевВ.С.Магомет.Основатель ислама.М.,1994.
41 Баишев Ж.Общие принципы исламского права, теория доказательств и система наказания.Алматы.1996.
42 С.Д. Сказина. Хрестоматия по истории средних веков.М., 1961 г.
Энциклопедия ислама.М.,1992.
43 Хрестоматия по истории сред.век.Т.2.М.1963.С226-234.
44 Матвеев В.В.Средневековья Северная Африка.М.,1993
45 Тысяча и одна ночь.В 8 томах М.1958.
46 Кинросс Лорд. Расцвет и упадок османской империиМ.,1999.
47. Пигулевская Н.В. История сирийцев в средние века.М.,1979.
48. Медведьев.Е.М. Очерки истории Индии до 15 века.М.,1999г
50. Новейшая история стран Азии и Африки .XX век. Под ред. Родригеса.М.,2001.
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
Реферат
|
Тақырып бойынша негізгі баяндама
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
3 апта
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Реферат және баяндама
|
2
|
Оппонент болуы
|
Баяндама жасау
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
4 апта
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Семинарда жауап беруі
|
3
|
ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау
(барлығы 12 тапсырма)
|
Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде
|
Тақырып бойынша
1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)
|
Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
4
|
Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау
|
Ойлау қабылетін тексеру
|
Бірінші жұмыс 1 – 7 тақырыптарға байланысты
Екінші жұмыс 8 – 15 тақырыптарға байланысты
|
№4 семинар
№10 семинар
|
Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады
|
Жазба жұмысын тексеру
|
5
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексеру
|
|
|
Тест
|
|
4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы тьютор Мырзабаева Б.М.
(аты-жөні)
Араб елдерінің тарихы
(пән атауы)
Кредит саны 2
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
кітапханада
|
кафедрада
|
Студент-
тердің қамтылу пайызы (%)
|
Электронды
түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Л.С.Васильев.История Востока.М.1998.
|
|
|
100%
|
|
№3 корпус
Кітапханасы.
|
2
|
Л.С.Васильев.История Востока.М.2001.
|
9
|
|
30%
|
|
№3 корпус
Кітапханасы
|
3
|
История стран Азии и Африки в новое время .М.1976
|
29
|
|
100%
|
|
№3 корпус
Кітапханасы
|
4.
|
Новая и новейшая история стран Азии и Африки.под ред.Розалиева.М.,1998.
|
12
|
|
57%
|
|
№3 корпус
Кітапханасы
|
5.
|
Губер.А.А.
Новая история стран Азии и Африки.
|
37
|
|
100%
|
|
№3 корпус
Кітапханасы
|
6.
|
История Востока.под ред. Якобсона.В.А.
|
2
|
|
9%
|
|
№3 корпус
Кітапханасы
|
7
|
Хрестоматия по новой истории.
|
25
|
|
100%
|
|
№3 корпус
Кітапханасы
|
8
|
Новая история Азии и Африки XVI-XIX века. / под ред.А.М. Родригеса.ч1,2,3.М.,2004
|
3
|
|
|
|
№3 корпус
Кітапханасы
|
5. Дәрістік кешен:
№1 дәріс
Тақырып: Исламға деййінгі Аравия және исламның пайда болуы.
Дәріс мазмұны:1.Ерте ортағасырлардағы Аравиядағы саяси жағдай.
2.Аймақтағы діни жағдай.
3.Исламға дейінгі Аравия мәдениеті.
Дәріс мақсаты: Исламға дейінгі Аравия тарихынан мәліметтер бере отырып, ислам дінінің пайда болу себептерін ашып көрсету.
Негізгі түсініктер: Мекке, Хиджаз, Ясриб, Кааба, қажылық, «Джахилийя», «Арабтар күні». Күрейіштер және т.б.
Исламға дейінгі арабтардың тарихы жөніндегі маңызды дерек көздері Оңтүстік аравиялық қысқа жазбалар,материалдық мәдениет ескерткіштері Ежелгі Шығыстың басқа елдерінде сақталған деректер,антикалық авторлар еңбегі,арабтардың өздерінің ауыз әдебиеті және Құран болып табылады.
Бүгінгі таңда Оңтүстік Аравияда 5000 аса мемлекеттік және жекелеген құқтық негіздегі құжаттарды жинақтаған жазбалар жинақталған.Антикалық авторлар
Геродот,Страбон,Диодор,Аравияның табиғаты,дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары,діни дәстүрлері туралы баяндайды.
Аравияның ішкі өмірі исламға дейінгі ақындардың ауызша шығармаларында көрініс тауып,VII-VIIIғғ жинақталып, «Арабтардың күні» деген атауға ие болды.
Бұл ескерткіштер Аравия түбегінің басқа да өркениет орталықтары мен тығыз саяси,экономикалық,идеологиялық,мәдени байланыстарын дамытатын отырықшы және көшпелі тұрғындарының өмірін суреттейді.Бұл арабтардың географиялық және саяси ой-өрістерін кеңейтті.
Арабтардың өздері ежелгі егіншілік мәдениеттің маңызды орталықтары,дамыған отырықшы және көшпелі мал шаруашылығын құрушылар.Ежелгі кезеңде өздерінің жазба мәдениетін жасауы,сол кезеңнің мәдениетті халықтарының бірі болғанын дәлелдейді.
Мемлекетті белгілі мерзімге тағайындалған абыздар басқарса,ол атқарушы билік министр-мукаррибтарға берілді.
Сабей мемлекетінің құлдырауына байланысты Иемен территориясының көп бөлігін Химяриттер иеленді.Олар оңтүстік Аравия саудагерлерінің арасында иудеилер мен христиандар болды.Екі монотеистік діндер V-VIғғ оңтүстік аравиялық арабтарға да,көшпелі бәдәуилерге де жақсы таныс болды.Бұл жағдай оларға өз діндерін уағыздауға кедергі болмады.Кааба храмы Аравияның батыс бөлігінде орналасқан.Меккеде орналасқан оның оның ролі аравияның транзитттік саудасында маңызды роль атқарды.Химяриттер мемлекетінде иудаизм мен христиандықтың әсері VІғ бастап күшейіп,олардың саясаты да осы діндерге байланысты болды.
VIIғғ Хиджазда Аравияның мемлекеттік бірігуі үшін қозғалыс ислам деп аталынған монотеистік іліммен уағыздалып,бекітілді.
Ислам-бұл құдайға берілу және оның билігін мойындау деген сөз.Бұл ілімнің уағыздаушысы және идеологы меккелік Мұхаммед (570-632)болды.
Мұхаммед бір құдайлықты уағыздауға меккелік байларға,ірі көпестерге,кедейлер мен жетімдерге материалдық көмек беру үшін оларға қарсы шықты.Меккенің кедей
тұрғындары мен құлдары бұл уағыздарды меккелік құл иеленушілерге тағылған үлкен айып ретінде қарап,оның діни ілімін қабылдап,Мұхаммед төңірегіне жинала бастады.
Кааба храмында абыздық қызметін атқаратын бай меккеліктер өздерінің экономикалық,діни позициясынан айрылып қалмау үшін Мұхаммедке қарсы шықты.622 жылы Мұхаммед өзінің тобымен Меккеден кетуге мәжбүр болып,анасының туған жері-Ятрибке барып тұрды.Ятриб тұрғындары бұрыннан меккеліктермен қақтығыста болғандықтан,олар пайғамбарды қабылдап қана қоймай жаңа діннің жақтаушылары болды.Сондықтан олар Мұхаммедтің құрметіне өз қалаларының атын өзгертіп,пайғамбар қаласы Медина деп атады.622 жылы хижра жылы,мұсылман әлемі үшін жаңа жыл санаудың бастауы болды.Ал Мединаға қоныстанған Мұхаммедтің жақтаушылары хижраға барғандар мұхаджирлар деген құрметті атауды иеленді.
Көрнекті орыстың Шығыстанушысы Бартольд «Мұхаммед Мединада сенімді уағыздаушы ретінде емес,заң шығарушы ретінде қабылданды»
Мединалықтар мен меккеліктер арасындағы күрес 630 жылы келісіммен аяқталды.Келісімге сәйес мекеліктер Мұхаммед билігін мойындауға және исламды қабылдауға міндеттенді.Мекке діни орталық болса,ал Кааба храмы исламның негізгі қасиетті мекені болды.
630 жылы Мұхаммед Меккеге барып,кейін сонда қайтыс болды.Оның өлімінен кейін пайғамбардың орынбасарлары,халиф деген титулға ие болды.Кейін таңдаулы 4 халиф елді басқарды.Әбу-Бәкір (632-634),Омар (634-644),Осман (644-656),Әли (656-661 ).
Аравия тарихының барлық исламға дейінгі кезеңі мұсылман тарихнамасында «джахилийя» терминімен («невежество») бейнеленеді. Арабтар жоғары дамыған поэзияны қалыптастырды, ол «Арабтар күні» деген атау алды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Аравияның табиғи географиялық жағдайы қандай болды?
Исламға дейін арабтардың ұстанған діні?
Ислам қай ғасырда пайда болды?
Әдебиеттер: Еремеев Д.Возникновение ислама.Азия и Африка сегодня.1992.№1,2,3.
Л.С.Васильев. История Востока III том. М.,1998г.
И.М.Фильштинский. История арабов и халифата М.,2001г.
История стан Азии и Африки в средние века Част 1;2М.,1987г.
№2 дәріс
Тақырып: Ерте ортағасырлық Араб мемлекетінің құрылуы.
Дәрістің мазмұны: 1.Ертефеодалдық Араб мемлекетінің құрылуы. Исламның пайда болуы.
2.Ішкі қарама-қайшылықтардың шиеленісуі.
3.Араб басқыншылықтары.
Дәріс мақсаты: Ертефеодалдық Араб мемлекетінің құрылуы, исламның пайда болуы, араб басқыншылықтарының кезеңдері мен жолдары туралы түсіндіру.
Негізгі түсініктер:
Аравия территориясындағы құлиеленушілік құрылыс дағдарысы, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және көшпелі тайпалардағы таптық қарама-қайшылықтардың пайда болуы, сондай-ақ сыртқы басқыншылықтарға қарсы тұру қажеттілігі біртұтас араб мемлекетінің құрылуына алғышарт қалыптастырды. Бірігуге ұмтылу идеологиялық тұрғыдан бір құдайға табынудан көрінді. Аравияның түрлі бөліктерінде бірқұдайлықты үгіттеген және өздерін жалғыз, басты құдайдың пайғамбарлары деп жариялаған адамдар пайда болды.
ҮІІ ғ. араб тайпаларының негізгі бірігу орталығы Хиджаз болды. Мұнда бұрыннан көшпелі малшылар тайпаларымен тығыз экономикалық және діни байланыста болған Мекке, Ясриб Таиф сияқты ірі қалалар болды. Мұнда мемлекеттік бірігу үшін күрес ислам атауын («предание себя богу и его власти») алған монотеистік ілімді уағыздаумен нығайтылды. Бұл ілімді уағыздаушы және идеологы меккелік Мұхаммед (570-632) болды.
Бірқұдайлықты уағыздаумен бірге Мұхаммед меккелік байларға, ірі саудагерлерге, өсімқорларға қарсы болды, кедей, жетімдерге, жесірлерге материалдық көмек көрсетуді жақтады. Құлдарды еркндікке жіберу ісін ол қайырымдылық деп жариялады.
ҮІІ ғ. бірінші жалпыарабтық ертефеодалдық мемлекеттің құрылуы жүреді. Мұхаммед өлімінен кейін (632 ж.) билеушілерді оның замандастары мен туысқандарынан тағайындады. Олар халиф титулын алды («орынбасар» - бұл жағдайда Алла елшісі). Сәйкесінше, төрт «таңдалған» халифтер биледі: Абу-Бекр (632-634 ж.ж.), Омар (634-644 ж.ж.), Осман (644-656 ж.ж.), Али (656-661 ж.ж.).
Араб қоғамында феодалдық мемлекеттің құрылу процесінде ішкі қарама-қайшылықтар шиеленісті. Бұл қарама-қайшылықтар түбектің солтүстік-шығысы және оңтүстігінде қарулы көтеріліс бұрқ ете түскен кезде ҮІІ ғ. 30 ж.ж. ерекше көрінді. Солтүстік-батыста көптеген Гатафан, Абс, Зубьян және т.б. ру-тайпалар тұрды. Олар басқа көтеріліске шыққан тайпаларға қарағанда Мединадан жақын қашықтықта орналасты, сондықтан мем лекет астанасына алғашқы соққы беру мүмкіндігіне ие болды. Көтерілісшілердің басында Мұхаммедтің кезінде пайғамбар болуға үміттенген Тальха тайпасының ақсақалы болды. Көтеріліске шыққан тайпалардың екінші тобын көтеріліс кезінде Месопотамаиядан келген Саджах есімді әйел басқарды. Йеменде халиф әскерлері мен Ханифтер арасындағы күрес араб тарихи әдебиеттеріне «өлім бағындағы шайқас» деген атаумен енді. Халиф әскерлері жеңіске жетті. Көтеріліс басып-жанышталды, бірақ Аравиядағы күрес тоқтаған жоқ.
Сыртқы басқыншылықтар Мұхаммед кезінде басталған болатын. Бірақ оның өлімінен кейін халифтер оған баса назар аударады. Алғашқы жорық Парсы шығанағы жағалауына басталады. Бұл кезде сасанилік шаханшахтар тақта әр жыл сайын ауысты. Өзара күрестен босамаған иран феодалдары араб әскерлерінің пайда болуына баса назар аудармайды. 633 ж. Абу Бекр Бактриттер тайпасынан шыққан қолбасшы Муссаннаға үлкен әскер жинауды және кең көлемді басқыншылық бастауды ұсынады. Парсы жорығының бас қолбасшысы болып Халид ибн-Валид тағайындалады. Алғашқыда әскери қимылдар Ефраттың оң жағалауында жүргізілді. 633 ж. жазда өзен мен шөл арасындағы барлық территория халиф әскерлерінің қолында болды. 634 ж. басында олар Ефраттың оң жағалауына өтеді. 634 ж. мамыр айында Халид ибн-Валид парсы жорығынан шақырылып алынды және үш мыңдық атты әскерін Сирияға жіберді, ал басшылық Мусаннаға берілді. Бірінші 635 ж. Басра бекінісі салынып, 800 әскерден гарнизон қалдырылады. 642 жылы Нехавенд түбінде ірі шайқас өтеді. Бұл парсы әскерлерінің соңғы ірі шайқастарының бірі болды. Иранға жорықтарымен бірмезгілде Сирияны да басып алу басталды. Сирияға алғашқы жорық Мұхаммедтің кезінде жасалды. 634 жылы Абу Бекр Сирияға тағы да үлкен әскер аттандырады. Бұл армия үш бөлікке бөлініп, Сирияны басып алуға үш топ болып қозғалалды. Алғашқы шайқас Иерусалим түбіндегі Аджанейн деген жерде өтеді. Ол араб әскерлерінің жеңісімен аяқталады. Бұдан кейін мұсылмандарға Өлі теңіз аудандарында орналасқан Газа және басқа да қалалар соғыссыз беріледі. Арабтар гректерді Иорданнан ығыстырып, Дамаскіге жақындайды. 635 жылдың наурыз айынан қыркүйекке дейін Сирия астанасын қоршау жалғасады; ақыр соңында Дамаск беріледі. 637 ж. соңында арабтар Сирияның жағалау қалаларын, ал 638 ж. Иерусалимді басып алады. Сирияны басып алғаннан кейін Арменияға жорық басталады. Ван көлін және Арарат тауын айналып өткен араб әскерлері 642 ж. Аракс аңғарына жетеді; Армения астанасы Двинді алады; және Сирияға қайта оралады. Көп жылдық жорықтар нәтижесінде арабтар 658 ж. Армения территориясын және Грузияның бір бөлігін иеленеді. 641 ж. Вавилон қаласы басып алынады, 642 жылы қыркүйекте Александрияны арабтар иеленеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
ҮІІ ғ. араб тайпаларының бірігу орталығы болған қала?
-
Ертефеодалдық араб мемлекетінің құрылуы туралы не айтасыз?
-
Ислам діні қалай пайда болды?
-
Мұхаммед ілімін жалғастырған халифтер?
-
Араб мемлекетендегі ішкі феодалдық қарама-қайшылықтардың себебі неде?
-
«Өлім бағындағы шайқас» туралы не айтасыз?
-
Арабтардың сыртқы басқыншылық жорықтары туралы не білесіз?
№3 дәріс
Тақырып: Омейядтар халифаты.
Дәрістің мазмұны:
1. Омейядтар халифатының құрылуы.
2.Омейядтар кезіндегі араб басқыншылықтары.
3.Омейядтар халифатының саяси құрылысы және басқару жүйесі.
4. Халифаттың құлау себептері.
Дәріс мақсаты: Омейядтар халифатының құрылуы, саяси құрылысы мен басқару жүйесі, сыртқы басқыншылықтары туралы баяндау.
Негізгі түсініктер: Омейядтар халифаты, Муавия, кади, Зимилер, Джизья, харадж.
Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін араб-мұсылмандар арасында басшылыққа кімді тағайындаймыз деген пікірталас басталды.Көп пікірден кейін оның халифтарының бірі-Әбу Бәкір болды.632-634жж араб-мұсылмандары халиф төңірегіне барлық арабтарды біріктіріп қана қоймай,көрші территорияларға ең алдымен Қосөзенге (Ирак,Сирия) сәтті жорықтар жасады.
Әбу Бәкірден кейін келген Омар халиф тұсында да (634-644)территорияларды жаулап алу жалғасын тапты.Византиядан,Сирия және Палестина жерлерін тартып алса,Египет пен Ливия,кейін Иранның батыс бөлігінен Кавказға дейінгі жерлерді иеленді.
Үшінші халиф Осман (644-656)кезінде Солтүстік Африкадағы (Магриб) және Иранда Сасанидтер билігі толықтай құлатылып,Араб халифатының құрамына енді.
Сәтті жорықтар және халифаттың үлкен державаға айналуы жас мемлекетте ішкі саяси қарама-қайшылық туғызды.Басқару билігі жергілікті билеушілердің қолында қалды,ал орталықтың басып алған аудандарымен байланысы тұрақты болмады.Сонымен қатар орталықта билік үшін саяси дағдарыс туындады.
Осман кезінде Омейядтар тобынан шыққандар алдыңғы қатарға шықты да,ислам ақсүйектері,соның ішінде пайғамбардың жақын туыстарының наразылығы туындады.Пайғамбардың мұрагерлік билігі үшін қарсы наразылықта болған топтар шииттер-саяси партиясын құрды.656 жылы Осман шииттердің бірінің қолынан қаза тауып,төртінші халиф болып,Али жарияланды.
Омейядтардың ықпалды бөлігі Алиге қарсы тұрып,оны өлтіру үшін бір тудың астына бірікті.Елде әскери әрекеттер басталды.Муавидің шағын әскері Халиф әскеріне қарсы тұра алмағандықтан,шешуші сәтте Муавия қулыққа жол берді.Оның әскерлері қасиетті Құранды найзаларымен бірге көтеріп,әскери емес даудың діни шешімін талап етті.Шииттермен келісімге барған Алиге сенімсіздік танытып оның армиясының 12 мың таңдаулы әскері өз көсемдерінің мұндай әрекетіне таң қалып,оның құрамынан шығып,өздерін хараджиттер деп жариялады.Али амалсыздан өзіне соғыс жариялаған хараджиттерге көңіл аударды.Ол үшін екі майдандағы күрес сәтсіз аяқталды.661 жылы Куфедегі мешітте хараджиттер қолынан қаза тапты. Омейядтар әулетінің негізін салушы Муавия халиф болып тағайындалды.
Омейядтар күшті саяси құрылымды құру үшін өз билігін күшейтуге белсене кірісті.Олар әскери күшіне арқа сүйей отырып,оларға табыстар әкелетін 2 маңызды факторды алдыңғы орынға қойды:
1)Жаулап алған жерлерді исламизациялау.Жаулап алған халықтар арасында исламның таралуы тез әрі табысты болды.Испаниядағы Орта Азияға дейінгі территориялар белсенді түрде исламдана бастады және бұл процесс еркін түрде жүрді.
2)Билікті күшейтудің маңызды факторы-арабтандыру.Жаулап алу барысында және көпшілік арабтар-әскерилер кешегі бәдәуилер жаңа жерлерге қоныстанып,сол жергілікті жерлерде күш алып,басты позицияға айналды.
Сонымен бірге араб тілінің семит мәдениетінің жақындығы Сирия,Ирактың арамейлік тұрғындары бұл аудандарда тез арабтануға септігін тигізді.
Египеттің,Ливия,Маграбтың христианданған тұрғындарында арабтану процесі кеш жүрді.Ливан,Палестина жерлерінде әсіресе христиан діні өте күшті аудандардың өзінде арабтану сәтті жүрді.Тек Иран,Аравиядан алыс Закавказье және Орта Азия да арабтар өте аз жерлерде араб тілі араб-ислам мәдениеті сияқты тең дәрежеде болды.Халықтар өмірінде араб-ислам мәдениеті және мемлекеттілігі маңызды орын алды.
Егер 4 халиф кезінде басқару билігі жергілікті билеушілер қолында болып,парсы тілдерінде жүргізілсе Омейядтар кезінде жағдай өзгере бастады.Араб тілі міндетті іс жүргізу есебінде жүрді және ғылым,білім беру,әдебиет,дін аймағында жалғыз болғанын айтады.
Халифаттың бүгінге күнге дейінгі ерекшелігі дін мен саясаттың бір-бірімен ажыра алмайтындығы. Ислам ешқашанда мемлекеттен бөлінген емес,керісінше ислам Ислам мемлекетінің идеялық негізі болды.Халиф ресми түрде толықтай билікті иеленді. Діни билеуші (имамат), зайырлы (эмират). Парсы үлгісі бойынша полициялық отрядтар,жолдар,керуен сарайлары салынды. Жаулап алынған территориялар 5 наместникке бөлінді. Ирак,Аравия,Египет,Закавказье,Батыс Африка орталыққа тікелей бағынған әмірлермен басқарылды.Олар өз эмираттарында қаржы,армия,билік аппараттарының қожайыны болды.
Халифаттың, барлық жерлердің иесі Алла атынан басқаратын-халиф болды.VIIIғғ ортасынан бастап олар пайғамбардың ағасы Аббастың туысы төңірегіне жиналды.747 жылы Хорасанда бұрынғы Кул Абу Мусмин бастаған көтеріліс болды.Көтерілісшілер арасында шииттерде болып, Омейядтар әскерімен сәтті соғыстар жүргізді.Нәтижесінде 747 жылыф Аббасидтердің әулетінің өкілі халиф болып жарияланды, Омейядтар әулетінің өмір сүруін тоқтатты.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Пайғамбар өлімінен кейін кім халиф болып тағайындалды?
-
Муавия әулетінің негізін салған кім?
-
Омейядтар халифатының саяси құрылысында қандай ерекшеліктер болды?
-
Басқару құрылымы қандай?
-
Омейядтар халифатында салықтың қандай түрлері болды?
-
Омейядтар кезінде наместниктіктер саны қаншаға жетті?
-
Омейядтар халифатының құлау себептері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Еремеев Д.Возникновение ислама.Азия и Африка сегодня.1992.№1,2,3.
Л.С.Васильев. История Востока III том. М.,1998г.
И.М.Фильштинский. История арабов и халифата М.,2001г.
История стан Азии и Африки в средние века Част 1;2М.,1987г.
№4 дәріс
Тақырып: Аббасидтер халифатының саяси дамуы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1.ҮІІІ-ХІҮ ғ.ғ. Таяу Шығыстағы саяси жағдай. Аббасидтер халифаты.
2.Халифаттағы саяси жағдай.
3.Аббасидтер халифатындағы халық көтерілістері.
Дәріс мақсаты: Аббасидтер халифатының құрылу тарихын баяндау.
Негізгі түсініктер:
750 жылы Омейядтар династиясын құлатқаннан кейін 1258 ж. дейін билік жүргізген Аббасидтер руының халифаттары билік басына келеді. Аббасидтер құрамына Солтүстік Африка, Аравия, Алдыңғы Азия, Ирак, Иран, Закавказье мен Орта Азияның айтарлықтай территориясы енген алып мемлекет мұрагерлікке қалды. Алайда олар Омейядтар 756 ж. дербес әмірлік ретінде құрған, Х ғ. халифат болып қайта құрылған Испаниядан айырылды. Аббасид халифатының астанасы негізі 762 ж. салынған Багдад болды (әдебиеттерде Омейядтар халифатын – Дамаск, Аббасидтер халифатын – Багдад, Испаниядағы халифатты – Кордова деп атады).
Аббасидтер халифатының неғұрлым саяси құдыретті кезеңі династия билігінің бірінші жүзжылдығы болды (ҮІІІ ғ. ІІ ж. – ІХ ғ. І ж.). Одан кейінгі кезеңде бағынышты халықтың күресі, көптеген шаруалар қозғалысы, қала көтерілістері Бағдад халифатының әскери және саяси күшін әлсіретті. Феодалдық қатынастардың дамуы және нығаюы жекелеген феодалдық билеушілердің сепаратизмін күшейтті. Халық қозғалыстарымен күрескен орталық үкімет наместниктер қызметін бақылай алмады. Осылайша, біртіндеп Орта Азияда, Иран, Сирия, Палестина, Египетте, Солтүстік Африка және Аравияда жергілікті династиялар пайда болды және Х ғ. Аббасид халифатының билігі тек Иракқа ғана таралды.
Аббасидтер сыртқы басқыншылықтарды жалғастырған жоқ. Халифтердің басты мақсаты орталық билікті нығайту болды, олардың негізгі реформалары басқаруды орталықтандыруға, династиялардың саяси және әлеуметтік тірегін кеңейтуге бағытталды. Бұрынғысынша мемлекетте жоғарғы билеуші халиф болды, бірақ 755 ж. халифтерден кейінгі екінші тұлға, оның азаматтық істердегі орынбасары деп есептелген ұлы уәзір қызметі орнатылды. Діни істердегі халифтердің көмекшісі сот және ағарту ісіне жетекшілік жасаған бас кадий деп есептелді. Мемлекеттік дін ретінде исламның дамуымен және Аббасидтердің діни саясатымен байланысты бас кадий үлкен маңызға ие болып, өзінің ықпалы бойынша ұлы уәзірге жақындады. Жеке облыстардың басында бұрынғысынша жоғарғы феодалдық аристократиядан шыққан әмірлер – наместниктер тұрды. Аббасидтер кезінде исламның сунниттік бағыты мемлекеттік дін деп танылды. Халиф жердегі «алла көлеңкесі» деп есептелді, әсіресе Х ғ. ІІ жартысынан бастап барлық мұсылман әлемінде діни беделі артты.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Пайғамбар өлімінен кейін кім халиф болып тағайындалды?
2.Муави әулетінің негізін салған кім?
Омар халиф қай жылдары билік құрды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
О.Г.Большаков.История халифата.Т 13.М.1993,1998.
И.М.Фильштинский. История арабов и халифата М.,2001г.
История стан Азии и Африки в средние века Част 1;2М.,1987г.
№5 дәріс
Тақырып: Магриб және Кордова халифаты.
Дәріс мазмұны:
1.ІХ – ХІ ғ.ғ.Магриб.
2.Магриб территориясында дербес мемлекеттік бірлестіктердің құрылуы.
3. Кордова халифатының саяси-әкімшілік дамуы.
Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.
Негізгі түсініктер: кадий, уәзір, әмір,зинджейлер.
Халифаттың солтүстікафрикалық провинцияларының наместиниктері Аббасидтер билігінің алғашқы онжылдығында орталық билікке бағынбауға мүдделілігін танытты, формальды түрде халифтерге тәуелділілігн сақтағанымен өздерінің сыртқы саясатын дербес түрде анықтады. Жақсы флот иеленген олар Сицилия, Сардиния, Корсикаға сәтті жорықтар ұйымдастырып отырды. Алайда көп ұзамай аббасидтік әмірлер билігін жоғалтып, Солтүстік Африкада да ұсақ дербес бербер княдықтары пайда бола бастады. Осы кеде бербер қоғамында феодализация процесі тез жүрді және рулық аристократия феодалдар тобына айналды. ҮІІІ ғ. ІІ ж. Сиджильмас және Тахерт қалалары дербес бербер мемлекетінің астанасы деп танылды, ал Кайруан 761 ж. дейін көтеріліске шыққан тайпалар қолында қалды.
Осындай жағдайда орталықта сәтсіздікке ұшыраған Аббасидтердің көптеген саяси қарсыластары қандай да бір бербер тайпаларынан қолдау табуға үміттенген Батысқа көз тікті. 788 ж. Танжерге Мекке ауданында антибабидтік қозғалысқа қатысушыларды қолдаудан қашқан Идрис ибн-Абдаллах деген келеді. Бербер тайпаларының көсемдерінің бірі оны оппозициялық саяси және діни ағым өкілі ретінде қабыл алады. Идрис шиит болды, және ол көп ұзамай осы тайпалардың имамы – бастаушысы болды.
Алайда көп ұзамай бербер тайпаларының феодалдарының ақсүйектері арасында қарама-қайшылықтар байқалады, және 828 ж. Идрис ІІ мұрагері мемлекетті 10 провинцияға бөлуге мәжбүр болады. Шашыраңқы Идрисидтер күшіне екі жауласушы мемлекет арасында – Кордова халифаты және Аглабидтер арасында қарсыласу қиындай берді. Х ғ. ІІ жартысынан бастап Кордова әскерлері Идрисидтердің формальды дербестігіне нүкте қойды.
ҮІІІ ғ. соңында Солтүстік Африканың әскерлері арасында халиф әскерлеріне Кайруан аудандарынду тәртіпті қалпына келтіруге көмектескен Ибрахим ибн аль-Аглаб ерекшеленді, бірақ ол бұл қызметіне халифке жыл сайын төлем төлеуге міндеттеніп, осы округты және көрші облістарды бағындыруға мұрагерлік құқықты талап етті. Харун ар-Рашид бұл талаппен келісуге мәжбүр болды және 800 ж. Ибрахимге талап еткен облыстарды бекітті. Осылайша Солтүстік Африкада астанасы Кайруанда болған тағы бір дербес араб династиясы пайда болды. Бұл провинцияның территориясы Триполиден қазіргі Алжирге дейін созылды.
Идрисидтермен салыстырғанда Аглабидтер өздерінің Багдад халифатына бағыныштылығын мойындап, олардың жоғарғы билігін таныды. Мемлекетті басқаруда Аглабидтер аббасидтік үлгіні ұстанды. ІХ ғ. соңында Кайруаннан алыс емес жерде жаңа астана – Раккада салынады. ІХ ғ. аяғы – Х ғ. басында мемлекетте өзара күрестер, бербер тайпаларының көтерілісі күшейеді. Китама тайпаларының көтерілске шыққан берберлері Аглабидтер астанасы Раккаданы басып алады. Бұл Аглабидтер династиясының құлауын тездетті.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Солтүстік Африкада қандай дербес араб мемлекеттері құрылды?
-
Идрис ибн Абдаллах деген кім?
-
Аглабидтер мемлекеті қай жылдары өмір сүрді?
-
Аглабидтер мемлекетінің құлау себептері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
О.Г.Большаков.История халифата.Т 13.М.1993,1998.
-
И.М.Фильштинский. История арабов и халифата М.,2001г.
-
История стан Азии и Африки в средние века Част 1;2М.,1987г.
Достарыңызбен бөлісу: |