А. А. Какимова Әлемдік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер


Реставрация дәуіріндегі либералдық тарихи мектеп



бет5/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.92 Mb.
#18204
1   2   3   4   5   6   7   8

Реставрация дәуіріндегі либералдық тарихи мектеп.

ХІХ ғ. 20-жылдары қоғамдық-саяси күрес қайта жанданады. Бурбондар монархиясы дворяндық, Клерикалдық бағыттағы саясатты жалғастырды. Бұған жауап ретінде либералдық оппозиция күшейді. Және де Европа рев-ның жаңа толқыны – Испания, Португалия, Неоп. Кор-де басталды.

Міне, осы тарихи жағдайда тарихшы – романтиктердің бір тобы қалыптасты. Олар: Огюстен Тьерри (1795-1856), Франсуа Гизо (1787-1874), Фран. Минье, Адольф Тьер т.б.

О. Тьерри еңбектері 1817-1820 ж. «10 лет ист-их исс-ий» 1825 ж. – «История завоевание норманами», 1827 ж. – «Письма об истории Фр-ии».

Тарихты абстракциялық әдіспен түсіндірген ХVІІІ ғ. ағартушыларды сынай келе, ол дәуір тыныс-тіршілігіне, замана әуеніне көңіл аудару керек. (Инспуиция, «сопереживания» эпохой). Франция тарихының негізгі концепциясы. Франция негізі Германдықтардың галл. Жаулап алуынан басталады. Нәтижесінде екі жау расса, «тап», екі халық қалыптасты.


  1. Франктер, дворян тұқымдары.

  2. Галло – Римдіктер – үшінші сословье. Міне, осылардың күресі, Фр-я тарихының негізгі мазмұны.

Бұл күрестің негізгі кезеңдері – ХІІ ғ. қала коммуналарының күресі, Ұлы Ф. рев-сы, күрес Реставрация дәуірінде де жалғасып отыр, күрес ең ақырында «үшінші сословьенің» жеңісімен аяқталады.

1830 ж. июль рев-сы Реставрация режимін жойды. Елде бур-я, июль монархиясы орнады.

Гаверри – еңбектеріндегі негізгі концепция дворян сословьесі мен үшінші сословье күресі. «Үшінші сословье» туралы идея Тьерри концепциясының басты мазмұны.

Фр. Гизо – тарихшы. (1787-1874). Фр. ортағасырлық тарихын зерттеді. «Опыт по ист. Фр.», «История цивил. в Европе», «Ист. цив. в Фр.». «Ағылшын рев-я» - 26 том, «Фр. рев-сы» - 31 том.

Гизо тарихи процестің генерациясын даму тінін зерттейді. Цив-ның басты белгісі – қоғамның, адамзаттың жетісіп, үнемі жаңғыруы. Гизо да Тьерри сияқты таптар күресі идеясын қолдайды. «Сословьелер күресі барысында – жаңа Европа өмірге келді». 13 ғасыр бойы Фр-я жаулап алушылар мен жаулап алынғандар арасында күрес жүрді. Бүгін шешуші кезең. Оның аты – Рев-я. Рев-я жаулап алынғандардың жеңісімен аяқталып отыр.

1830 жылғы июль революциясымен Реставрация режимі аяқталды. Елде бурж-қ июль монархиясы орнықты. Өнеркәсіп төңкерілісі барысында дворян (земельный) аристократиясы мен бур-я арист-сы бір бірімен қабысып, бірікті. Реставрация кезеңіне тән екі сословье күресі аяқталды да, енді «үшінші сословье» өз ішінде күрес басталды. Дем-қ қозғалыс басталып, жұм. таб. қалыптасты.

Міне, осы июль монархиясы кезеңіне тән Фр. қоғамындағы жаңа өзгерістер тарихи оймен тарихнамада өз көрінісін тапты.

Осы кезеңде ерекше көзге түскен тарихшы, жазушы Алексис де Токвиль (1805-1859) болды. 1840 ж. «Американдық демократия» деген 2 томдық еңбегін жариялады. Дворян, аристократ Токвиль тарихи дәстүрлері мен озық мәдениеті бар аристократиялық тап ұлттық таңдаулы бөлігі, белгілі дәрежеде деспотизм мен абсолютизмді тежеді. Бірақ Токвиль ескі саяси форманы аңсағанмен, енді оған оралудың мәні жойылды. Ендігі жол либералдық демократия шеңберінде аристократия мен буржуазия компромиске келу керек.

Токвиль еңбегінде, демократия жағдайында бостандық пен азаматтық праваны сақтау маңыз алады дейді. Монархияны құлатқан демократия буржуазия алдында тежеле ала ма?- дейді.

Демократия үлгісі ретінде АҚШ тарихына көз салады. Бір жағынан демократия бай топтың үстемдігі. Амер. бур-қ қоғамда жұмысшы табының күйзелісі, азғындық, сатқындық, бірақ Американдық саяси институттар: 2 палаталы жүйе, жоғары сот, атқарушы билік. Революциялық сілкіністерге жол бермеу керек деп пайымдайды.

Фр. тарих-да Якобиншілдік, робеспьершілдік дәстүр де қалыптасты. Якобиншілдік дәуір шынайы – теңдік пен туыстықты орнықтырды. Тап күресін жетекші идея етіп алған тарихшы – демократтар ендігі күрес бур. мен халық арасында жүреді. Бұл ұсақ бур. идеялар болды.

Бұл бағыттың көрнекті өкілі Луи Блон (1811-1882). демократ, публицист, соц-к доктринаның негізін салушы. 1847 ж. бастап 1862 ж. дейін 12 томдық «Фр. рев-ның тарихы» деген еңбекті жазды.

Тарих дамуы барысында – бақыт, әділет, шындық орнайды. 3 ұлы принцип-бедел, индивидуализм, туыстық осы жолдың кезеңдері. Фр. рев-ның 2 кезеңі бар.


  1. 1789 ж. бедел индивидуализммен ауысып, бур-я жеңіске жетті.

  2. 1793 ж. Евангелье принципі братство-туыстық орната алмады. Робеспьир, Якобиншілдер жеңілді. Рев-я орнатқан бур-қ тәртіп – индивидуализм жалпыға бірдей теңдікпен аяқталу керек.

Ром-к дем. бағыт Эл. Мишле, Жюль «Ист-я Фр. рев.» Герой –народ.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Реставрация дәуіріндегі либералдық тарихи мектептің негізін салушы

  2. ХІХ ғ. Тарихнамасында зерттелген басты мәселе.

  3. Ұсынылатын әдебиеттер:

  4. Алпатов М. А. Политические идеи француз­ской буржуазной историографии XIX века. М., Л., 1949.

  5. Алексеев-Попов В. С. О социальных и поли­тических идеях Жан-Жака Руссо/ /Жан-ЖакРуссо. Трактаты. М., 1969.

  6. Историография Истории нового времени стран Европы и Америки.А.В. Адо, И.С. Галкин,И.В. Григорьева. (под. Ред. И.П. Деменьтева-Москва., 1990ж.)

  7. Историография Истории нового и новейшего времени стран Европы и Америки (под. Ред. И.П. Деменьтева-Москва., 2000ж.)

9 дәріс



Тақырып: Германия тарихнамасы. Ағартушылықтан романтизмге аяқ басу.

Дәріс мазмұны:

1. Тарих ғылымын дамытудың әлеуметтік-саяси жағдайлары.

2. Неміс классикалық философиясының тарихи концепциялары.

3 Неміс романтизмі және оның бағыттары.



Дәріс мақсаты: Неміс тарихнамасында жаңа тарихи ойдың –романтизмнің қалыптасуы, дамуына маңыз бере отырып, тоқталу.

Негізгі түсініктер:

ХІХ ғ. Германия саяси бытраңқы және экономикалық тұрғыдан алғанда артта қалған ел болды. Феод-қ – абсолюттік режим. 1815 жылы – Неміс одағы құрылды. Одақ басында австрия канцлері – Меттерних отырды.

Режим, реакцияға қарамастан идея, тарихи ой қалыптаса берді.

Неміс тарихнамасында 2 тенденцияны көруге болады.



  1. Консер – романтистік (Пруссия – солт. неміс қалаларында)

  2. Либерал – ағартушылық (оң-батыс аудандарда).

Университеттез – Гейдельберг (1803 ж.) Вюрцбург, Ландехут унив-ті тарихи, фил-қ ойдың орталығы болды. Фил-я, теология, юристтік, медин. Ғылымдары дамыды.

ХІХ ғ. І-жарт. Германияда бірнеше тарихи қоғамдар құрылды. (1820 ж.) Сак-да, Тюрингияда, Вестфалияда, Баденде, Баварияда, Гессенде т.б. жерлерде тарихи қоғамдар жергілікті тарихты зерттеуге кіріседі. 40 ж. ортасында 44 қоғам өмір сүрді.


Неміс класс. философиясы.

Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814 ж.). Фихте творчествасының негізгі мазмұны – Германияның ұлттық бірлігін қалыптастыру жолдары туралы. Өзінің субьективтік – идеалистік философиясында тарихтың тағдырын мемлекет немесе, халық емес – абсолюттік идея «Я» шешеді.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831). Гегель барлық табиғи, тарихи, рухани өмір – үздіксіз қозғалыста болады. Бір сападан екінші сапаға өтеді. Яғни, диалектиканы ашты. Диалектика, прогресстің негізі - әлемдік рух болып табылады. Тарихи даму – материалдық өндірісте емес, қоғамдық санаға байланысты. Яғни идеалист.

Мемелекеттік құрылымның ең дұрыс формасы – конст. монархия. Орталықтанған мықты билік – мемлекеттің өмір сүруінің кепілі.

Гегель қоғамның матер-қ тұрғыдан екіге бөлінгенін көрсетеді. (Байлық-мұқтаждық). Гегель матер-қ теңсіздікті реформа жолымен және әрбір адамның ұмтылысы, күресі жолымен шешуге болады деп түсіндірді.
Неміс романтизмі.

Йен үйірмесінде әдеби эстетикалық ағым ретінде қалыптасты. Өкілдері: Фридрих, Август Шлегелилер, драматург Людвиг Тик, жазушы Фридрих Гарденберг т.б.

Тарихнамада романтизм 2 вариантта дамыды: 1) Реакциалық

2)Либералдық

Романтикалық тарихнама тарихты зерттеудің методологиялық принциптерін анықтады. Мыс: тарихилық принцип. Тарихтың әрбір кезеңі бар. Кезеңдер бірін-бірі алмастырып отырады. Кезеңдерді өзгертуге болмайды. Неміс романтивті ретроспективті сипаттағы – яғни өткенге назар аудару – идея болды. Либер-романтикалық ағымның өкілдері – Г. Луден, Ф.К. Дальман. Генрих Луден (1780-1847). Фридрих Кристоф Дальман (1785-1860).

Бұл ағым – буржуазиялық, прогрессивті өзгерістерді мойындады.

Ф. Дальман – Киль Бонн унив. профессоры. Жаңа тарихтан лекция оқыған.

«Ист. Анг. рев» (1844). «Ист. Фр. рев-ии» (1844)

Қоғам конституция негізінде өмір сүру керек. Халықтың бақытын – Конст. монархия қамтамасыз етеді. Рев-ды Конституцияларды қабылдау арқылы тоқтатуға болады.

Либералдық бағыт туралы айтқанда Гейдельберг мектебі туралы айта кету керек. Гейдельберг унив. Фридрих, Шлоссер (1770-1861), 1823 жылы Шлоссердің «ХVІІІ ғ. тарихы» деген 8 томдық еңбегі жарыққа шықты. Автор Фр. рев-ның либералдық тұрғыдағы концепциясын берді. Ол феод. Деспотизмге ашық қарсы шығар. Рев-я – мораль тұрғысынан алғанда әрине зорлық, бірақ қоғам дамуы тұрғысынан өте қажет нәрсе.

«Якобинцы спасли отечество, основали новый дух свободы и истребили с корнем вес средневековы зло».

Шлоссер – саяси идеалы-«Ағартушылық абсалютизм». 1844-1857 ж. шыққан «Жалпы тарихында» халықтың саяси күресінің «рухани жағынан» жетілумен алмастырады. Рухани жетілу – оқу, біліммен байланысты. Либерал – романтик ретінде Шлоссер – бостандықты рев-я жолымен алуға болмайды дейді. 1848-1849 ж. Герм. Рев-н мойындамады.


Тарихқа абстракциялық - рационалдық тұрғыдан қараудың орнына, ром-қ тарихнама әрбір тарихи дәуірдің ұлттық – географиялық ерекшеліктерін зерттеуге үлкен мән берді. Романтик – тарихшылар адамдардың ішкі жан дүниесіне үңіліп, тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктерін айшықтауға ұмтылады.

Тарихнамаға енген романтизм жаңа белгілері тарихнамаға әртүрлі бағыттарды қалыптастырды. ХІХ ғ. алғашқы он жылында консервативтік – романтикалық бағыт қалыптасты. Фр. революциясы мен буржуазиялық тәртіпке қарсы жазылған еңбектер жарық көрді. Олар: Англияда – Э. Берк, Германияда Ф.Фон Гарденберг, Ф. Шлегель, Францияда – Шатобриан, Ж. де Местр, Л. Де Бональд.



  1. Бұл бағыт өкілдері Фр. рев-сы мен ағартушылық идея мұраларына сын шабуыл жасап, өткен дәуірді аңсады. Адамзат ойының ағыл-тегіл мүмкіндіктері, болмысты рационалдық тұрғыдан түсінуге болады деген тезистерді жоққа шығарып, тарихты провиденциалистік, мистикалық тұрғыдан түсіндіруге ұмтылды. Ақыл-ойдың орнына – сезім мен сезуді қояды. Олар ортағасырлық дәуірде – «қасиеттілер» мен «сарбаздар» өмір сүрген дәуірге табынады. Сол дәуірді желеп-жебейді. Ол дәуір – патриархалдық тәртіппен реттелген, христиан дінімен көркемделген дәуір, олай болса жаңа өзгерістер неменеге қажет. Жаңа буржуазиялық шындығын-реңсіз, уақ-суақ есеп-қисап, әлеуметтік қайшылықтар мен талас-тартыс.

  2. Жеке тұлға, адам құқығы, қоғамдық келісім, халықтар теңдігі деген ағартушылар консепциясы жан-жақты сыналды.

  3. Романтикалық сын қоғам оның тарихы туралы рационалистік түсініктің көптеген әлсіз жақтарын да белгілеп берді. Қоғам индивидттер жиынтығы деген механикалық түсінікті, «табиғи құқық» жолымен қоғамды жаңғырту мүмкіндігін жоққа шығарған түсінікті сынады.

  4. «Халық рухы» «халық» деген түсініктер – бір жақты бағаланады. Халық – тобыр, ал «халық рухы» - мистика.

Романтизмнің классикалық Отаны –Германия болды, және консервативтік бағыттағы тарихнама өте мықты болды. Неміс тарихнамасындағы консерв. бағыт «құқықтың тарихи мектебі» деген бағытта қалыптасты. Оның өкілдері (К.Ф. Савиньи, К.Ф. Эйхгорн).

ІІ-бағыт. Діни-консервативтік бағыт. Бұл Леопольд Ранке – мектебі.

Англияда – Э. Берк, 1790 жылы «Фр. рев. туралы ойлар» деген еңбегін жазды. Сол сияқты А. Алисон немесе Б. Дизраэли аттарын атауға болады.

Франциада – Ж. де. Местер, О. Тьерри т.б.

Россияда консервативтік – монархиялық бағыт өкілі Н.М. Карамзин. 1804-1826 ж. «Россия мемлекетінің тарихын» жазды Негізгі идеология «Ресми халықшылдық» шеңберінде – Ресейдің Батыс Европа елдерінен өзге өзіндік жолы бар деген концепция қалыптасты. (М.П. Погодин). Славянофильдер (И.В. Киреевский, К.С. Аксаков, А.С. Хомяков) орыстың ежелгі тарихын аңсады, қандай болмасын кап-к даму үлгілеріне қарсы шықты.

ІІІ-Романтикалық тарихнамада – либералдық бағыт қалыптасты. Бұл ХІХ ғ. 20 жылдары, және Б.Е. негізгі бағытқа айналды.

Либералдық бағыт ағартушылық идея мен Романтизм идеяларын синтездеуге ұмтылды. Либерал тарихшылар Ағар. Идея мұраларын жоққа шығармайды. Себебі бурж-қ либерализмнің саяси принциптері ағартушылық идеологиямен қабысып жатыр, нәрі осыдан алынған.

Либерал – тарихшылар буржуазиялық прогресс реформалар жолымен қамтамасыз етіледі, ал қажет болған жағдайда революциялардың да маңыздылығын мойындау керек. Міне осы тарихи-ой шеңберінде тап күресі туралы буржуазиялық теория қалыптасты.

Либерал тарихшылар ортағасырлық тарихқа үңіліп (Гизо, Тьерри, Шлоссер, Грановский) еңбектерін зерттеді.Ортағасырлық дәуірде Европалық ұлттар мен мемлекеттер қалыптасып «үшінші сословье» (буржуазия) өмірге келді, ескі феодалдық күштермен күресетін әлеуметтік топ пайда болғанына көңіл аударды.

Ортағасырлық тарихпен қатар жаңа дәуір тарихы да зерттелді. Әсіресе Ағылшын, Фр. революц-лар тарихына (Ф. Минье, А. Тьер, Ф.К. Шлоссер, Ф.К. Дальман) ерекше тоқталып кетеді. Бұл революцияларды буржуазиялық либерализм позициясынан бағалап, бірқатар буржуазиялық ағымдардың өміршеңдік мазмұнына көңіл аударды.

Елдердің ұлттық тарихын зерттеу барысында - әрбір ұлттың рухани, ұлттық мәдениетін зерделеп, ұлт пен ұлттық мәдениеттің өз кезінде өркениет көшіне зор ықпал жасағандығын айтады.

Либерал тарихшылар өткен заман тарихын дәл көрсетуге ұмтылады. Тарихты жазудың жаңа үлгісі қалыптасады. Гуманистік тарихнамаға тән риторикалық, ағартушылық тарихнамаға тән драмалық үлгілер енді, тарихи әңгімелермен, сипаттаумен, ұтымды мысалдар келтірумен, шығармашылық көркемдік үлгілермен ауысты.

Либералдық тарихнама Францияда баса қалыптасты. Себебі, революция көптеген жаңа міндеттер қойып жатыр. Ал, Англияда бұл бағыт әлдеқайда солғындау болды. Себебі, Ағ. рев-сы көптеген либералдық мәселелерді шешкен.

Американдық тарихнама әу дегеннен бур-либ. бағытта дамыды.

Германияда бұл бағыттың көрнекті өкілдері (Г. Луден, Ф.К. Дальман, Ф. Шлоссер).

Росалда – рев-декабристер, Грановский, П.Н. Кудрявцев т.б. Белгілі декабрист Лунин «Тарих жай әуестену, қызығушылық емес, тарих үлкен саясат» дейді. (Декабрист М.С. Лунин. Соч и письма П.Г. 1923, стр 82).

П.И. Пестель, Ник-Муравьев, Н.А. Бестужев «орыс флотының тарихшылары» деген ресми титул алған.

ІV. Революциялық – демократиялық бағыт. Оның өкілдері – Ж. Минле, Циммерман (Герм), У. Коббет (Англия). Бұлар тарихты – бұқара тұрғысынан түсіндіреді. Ұсақ қолөнершілер, шаруалар, ұсақ қожалықтар иелерінің бейнесі жасалды. Циммерманның «Герм-ғы шаруалар соғысы» деген еңбегі шықты. Өнеркәсіп төңкерілісінің алғашқы нәтижелері сыналады, халық тұрмыс-тіршілігінің базары, назары зерттеледі.

Ресейде бұл бағытқа В.Г. Белинский, А.И. Герценді жатқызамыз.


  1. ХІХ ғ. І-жартысында социалистік идеялар да айтылды. Ол сын – утопиялық социализм мектебінің негізін салушылар А. Сен-Симон, Ш. Фурье, Р. Оуэн. Бұлар қоғамның әлеуметтік жағын зерттеді. Қанаусыз, әділет пен бақ орнаған қоғам – тарихи дамудың заңдылығы. Олар утопиялық, идеалистік позицияда тұрғанмен, елдік, теңдік, бақыт, жұлдызды қоғам туралы айтады.

Міне осы утопизм – соц-к идея негізінде ХІХ ғ. 40 жылдары.

VІ-бағыт – тарихнамадағы Марксистік бағыттың негізі салынды. Оны біз, әрине К.Маркс, Ф. Энгельс есімдерімен байланыстырамыз.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Неміс классикалық философия өкілдері.

  2. романтизм бағыттары.

  3. Революциялық – демократиялық бағыт өкілдері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Гулыга А. В. Немецкая классическая фило­софия. М., 1986.-. Кан С. Б. Немецкая историог­рафия революции 1848-1849 гг. в Германии. М., 1962.

    2. Гавриличев В. А. Теоретико-методологичес­кие основы гейдельбергской школы историков//Методологические и историографические воп­росы исторической науки. Томск, 1966..-

    3. Карим­ский А. М. Философия истории Гегеля. М., 1988. Смоленский

    4. Н. И. Леопольд фон Ранке. Методо­логия и методика исторического исследования//Методологические и историографическиевопросы исторической науки. Томск, 1966.

  1. Энгельс Ф. Людвиг Фейербах и конец классической немец­кой философии/ /



10 дәріс.



Тақырып: ХІХ ғ. І –жартысындағы Орыс тарихи ойы.

Дәріс мазмұны:

1. Орыс тарихнамасындағы дворяндық-монархиялық бағыт.

2. «Славянофильдер» және «батысшылдар».

3. Ревалюциялық-демократиялық бағыт.

4. Ағартушылық тарихнамадағы либералдық бағыт .



Дәріс мақсаты:

Негізгі түсініктер:

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Дербов Л. А. Исторические взгляды русских просветителей второй половины ХУН 1 века. Саратов. 1987

  2. Лотман Ю. М. Сотворение Карамзина. М., 1987

  3. Цимба­ев Н. И. Славянофильство Из истории русскойобщественной мысли XIX в. М., 1986

  4. Шик­ло А. Е. Исторические взгляды Полевого. М., 1981.

  5. Ковальченко И. Д., Шикло А. Е. Кризис русской буржуазной исторической науки в конце XIX - начале ХХ в./ /Вопросы истории. 1981. NQ 1

  6. Могильницкий Б. Г. Политические и ме­тодологические идеи русской либеральной медиевистики середины 70-х г.г. XIX в.- начала 90-х годов. Томск,

11 Дәріс мазмұны:



  1. Тарих ғылымының қалыптасуының тарихи алғышарттары.

  2. Романтизм. «Таңғы мектеп » тарихшылары.

Дәріс мақсаты:

Негізгі түсініктер:

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Каримский А. М. Революция 1776 г. и станов­ление американской философии

  2. Дементьев И. П. Идейная борьба в США по вопросам экспансии (на рубеже XIX-XX вв.). М., 1973.

  3. Мурадян А. А. Американская историог­рафия тихоокеанской политики США в XIX в. М., 1975

12 Дәріс



Тақырып: Марксизмнің қалыптасуы. Позитивизм және ХІХғ. ІІ-жартысындағы тарих ғылымы.

Дәріс мазмұны:

1 .Позитивизм идеясы және басты белгілері.

2. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.

3. К. Маркс және Ф. Энгельс тарихи көзқарастары.



Дәріс мақсаты:Тарих ғылымындағы марксизмнің дамуына түрткі болған мәселерді жан-жақты қарастыру. Материалистік ағымның көрнекті өкілдері К. Маркс пен Ф. Энгель тарихи концепцияларын талдау

Негізгі түсініктер:

1. ХІХ ғ. 70- жылдарындағы Б.Е. мен АҚШ-та бур-қ рев-лар дәуірі аяқталады. Дәуірдің соңғы ірі уақиғалары: 1848-1849 жж. Европа елдеріндегі бур. Рев-лар, Герм-ның ит-ның ұлттық-саяси бірігуі, АҚШ-тағы Азамат соғысы мен Реконструкция.

70 жылдарда бур-ның саяси билікке өрлеуі аяқталады да, парламенттік – конст. құрылыс орнығады. Міне, осы жағдайда батыс европалық бур-қ либерализм эволюциясында біраз өзгерістер болады.

Сонымен ХІХ ғ. ІІ – жартысында Англия, Франция, АҚШ, Италия, Россияда тарихнамада позитивистік әдіснама енеді. Позитивистік фил-ның негізін 30-40 ж. О.Конт шығармаларында орныққан. Позит-м идеялары Г.Спенсер еңбектерінде одан әрі дамып, 70 ж. Бур-қ фил-қ ойдың ең ықпалды ағымына айналады.

Поз. Фил-я жаратылыстану ғылымының ғаламат жаңалықтары көлеңкесінде пайда болып, дамиды. Поз-мнің басты идеясы – эволюция идеясы болды. Табиғат эв-сы – Ч.Лайелл, Ч. Дарвин табиғи сұрыпталу нәтижесі – биол-қ түрлер эволюциясы деген жаңалықтар ашты.

Осы кезге дейін дамыған күрделі, абстракциялы фил-қ концепцияны – позитивистік-(оңды-дұрыс-нақтылы)-нағыз ақиқат білім, ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып қалыптасады, сондықтан фил-қ зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенеді.

Поз. негізін салған Француз ойшылы О.Конт. Ол ғылым өзінен жоғары тұрған ешқандай философияны қажет етпейді, себеп пен мәнді ашу сиқты метафизикалық мәселелер ғылымнан аласталуға тиіс, себебі ғылым құбылыстарды түсіндірмейді, тек баяндайды. Ғылым «неге?» деген сұраққа емес, «қалай?» деген сұраққа жауап бере алады.

Позитивизмнің тарихнамадағы белгілері


  1. Тарихқа алуан түрлі факторлар әсер етеді. (экономика, право, мораль, дін).

  2. Позитивизм провиденциалистік әдіснама позициясын әлсіретіп, тарихи процесті түсіндіру үшін жаңа деректер, зерттеулер, сараптау әдісін жетілдіру, қосымша тарихи пәндерді зерттеу міндетін қойды.

  3. Тарихи процестің обьективті заңдылықтарына көңіл аударып, тарихи процесс – пргрессивті, құбылыс дейді. Бірақ дамудың тек эволюциялық жолдарын мойындайды, қандай болмасын рев-қ секірістерді жоққа шығарады.

  4. Позит. Ағымының даму барысында – социология қалыптасты. Адамзат қоғамы биологиялық организмге ұқсас, яғни даму заңдылықтары бірдей.

Тарихнама әдістері қандай?

  1. Тарихи ғылым фил-я мен социологияға бағынады. Тек солармен біріге – ғылымға айналады.

  2. Тарих – танымның бір бағыты, сондықтан өткен тарих шындығын дәл анықтау керек.

  3. Позитивизм теориялық тұрғыдан алғанда тарихты зерттеудегі шыншылдық, дәлдік принциптерді уағыздады. Тарихшы өз заманы тұрғысынан, немесе өзінің моральдық, эстетикалық, саяси көзқарастары тұрғысынан зерттеу обьектісіне баға бере алмайды.

ХІХ ғ. ІІ-жартысында тарихи ғылым дамуында елеулі табыстар болды. Тарихи зерттеулер, тарихи деректер жарияланды, журналдар шықты. Жергілікті тарих қоғамдары (Германия, АҚШ) тарихи ассоциацияларға бірікті. Италияда тарих институты ашылды, сериялық туындылар одан әрі жалғасты. Австрияда – ортағасырлық зерттеулер шықты. Фр. Рев-ның 100 ж. Байланысы – документтер – Якобиншілер клубының протоколдар, құтқару комитетінің актілері т.б.

Унив-гі тарихи білім одан әрі дамыды. Герм. Унив-і, Англияда, 1881 ж. АҚШ-та тарих конф-ы ашылды. Унив. Семинарлары (Герм-да) кейін АҚШ, Англия, Россия.

Тарихшылар арасындағы байланыс дамып, дискуссиялар өтті. Мыс. Орыс тарихшылары (Н.И. Кареев, И.В. Лучицкий, М.М. Ковалевский) Франция архивтерінде зерттеулер жүргізді. 1881 ж. Европа феодализмінің қалыптасуы жөнінде дискуссия өтті.

ХІХ ғ. аяғында тарихнамада Марк. бағыт қалыптасты. (П.Лафарг, А.Лабриолла, Г.В. Плеханов) еңбектері шықты.



2. ХІХ ғ. І-жартысында қоғамдық күрес аренасына жаңа күш – пролетариат шықты да, өзінің экономикалық, саяси талаптарын қоя бастады. Пролетариат та қоғам структурасындағы өз орны мен мақсатын іздеді. Міне, осы өмірге марксизмді алып келді.

Марксизм әуел бастан-ақ қоғам дамуының тарихи заңдылықтарын іздеді.

Марксизмнің теориялық өзегі:


  1. Кл. Неміс философиясы тарихқа материалистік көзқарастың негізін салды. Гегель қоғам экономикалық қатынастар патшалығы деді.

Классикалық ағылшын саяси экономикасы құнның еңбек теориясын ашып – адамдардың өндірістік қызметіне көңіл аударды.

Соц.-утопистер де (Сен Сим, Фурье, Оуэн) – адамзат тағдырындағы өндірістің даму деңгейінің маңыздылығын атап өтті.

Маркс, Энгелс, осы теорияларды синтездей келе-адамдардың өндірістік қатынасы тарихи прогрестің негізі деді. Бұл материалистік көзқарас. Тарихи оқиғалардың қозғаушы күші-өндіріс әдісінің өзгеруі және осы негізде адамдардың экономикалық қатынастарының өзгеруі болып табылады. Материал. негіздің өзгеруі әлеуметтік қатынастарды және адам санасын өзгертеді.

М. Эн. қоғ-экон формациялар түсінігін енгізді. Әлемдік тарих осы формациялардың бір-бірімен алмасуының нәтижесі. Әрбір формация өмірге келеді, дамиды, жойылады және белгілі заңдылықтары бар. Формация шеңберіндегі қарама-қайшылықтар оны күйретіп, орнына жаңа прогресс форм-ны алып келеді.

Сонымен қатар кейбір халықтар дамудың кейбір сатыларын аттап өтеді.

Өндіргіш күштерді қоғам тұрмысының өзегі деу тарихи процесстегі х – бұх. шешуші ролі дегенге алып келді. Таптар жеке меншіктің шығуымен байланысты, олардың күресі қоғам дамуының негізі.

Яғни, таптар күресі туралы идея.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет