56
Ақынның қандай ӛлеңдерін білесің?
4. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі
Түсіндіру әдісімен С.Торайғыровтың ӛмірі мен шығармашылығынан
мәлімет беріледі:
С. Торайғыров – қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса кӛрнекті
ақыны, ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Ол ӛзі ӛмір сүрген қоғам
шындығын, қайшылығын бейнелей білген ақын. Ӛмір сүрген
сол дәуірдің
айрықша ірі тұлғасы.
С.Торайғыров 1893 жылдың 29 қазанында қазіргі Кӛкшетау
облысының Қызылту ауданында дүниеге келген. Ол алты жасынан бастап
әкесінен хат таниды. Кейін 1902 – 1903 жылдары Әлі деген молдада, 1904 –
1905 жылдары Тортай деген молдада, 1906 – 1907 жылдары Мұқан молдадан,
1908-1910 жылдары Баянауыл қаласында, 1911
жылы Нұрғали деген
молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт Мұқан молдаға еліктеп он үш
жасынан бастап ӛлең жаза бастайды. Оның ең алғаш жазған ӛлеңі – «Секілді
ӛмір қысқа жарты тұтам» деп аталады.
1913-1914 жылдары «Айқап» редакциясында жұмыс істейді. 1914-1916
жылдары ӛз ауылы Баянауылға қайтады. Ондағы мақсаты ел жастарын
оятпақ, оқуға, мәдениетке талпындырмақ еді.
С.Торайғыров Шідертіде сырқаттанғаннан үйінде ауырып жатып, 1920
жылдың 21 мамыр күні 27 жасында қайтыс болды.
Ол – әдебиеттің әр жанрында жазатын қабілетті, талантты қаламгер.
Білім
жолындағы тынымсыз ізденіспен, қиыншылықпен ӛткізген «жарты
тұтам» қысқа ӛмірінде ол 110-дай ӛлең, 5-6 поэма, 2 роман, 7-8 мақала,
очерк, әңгіме жазды.
«Бір адамға» ӛлеңін мәнерлеп оқу.
Ӛлеңнің шығу тарихын туралы мәлімет беру.
Екі оқушыға мәнерлеп оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: