96
имеет не меньше значение, чем другие стороны, и составляет предмет и
заботу воспитания в токой же мере, как ум и воля»
1
деп атап кӛрсетеді. Бала
эмоциясын тәрбиелеуде кӛзделетіні — тұлғаның ақыл-ой дамуымен қатар
рухани
болмысын да шыңдау, нақты мақсатқа, әрекетке қозғаушы болу.
Үлкен үміт арқалайтын келешекте, болашақ қоғамда осындай ізгіліктен
туындайтын әрекеттер ғана шешуші роль атқарары сӛзсіз.
«Жүректе айна жоқ болса, сӛз болмайды ӛзгесі»
2
–деп
Абай айтқа-
нындай оқуды мазмұнды іске асырудың бір жолы — оқушы эмоциясына әсер
ету, игі ықпал жасау. Ӛлеңді оқығанда, талдағанда сабақты ерекше кӛңілге,
эмоцияға құру, қаламгер шығармасындағы кӛңіл-күйді сезіндіру арқылы
оқушыда күрделі эмоциялық күй қалыптастыруға күш салу. Берілетін
білімнің оқушы эмоциясымен астасуы оның ойлау қабілетіне және ми қызме-
тінің қабаттарында терең із қалдыруына кӛмектеседі. Кӛркем шығарманың
танымдық, дамытушылық маңыздылығымен қоса,
эстетикалық, эмоциялық
әсері де басым. Осындай ерекшелігіне орай оқытуды эмпатиялық диалогқа
(бала эмоциясына бағытталған) құру ӛте тиімді. Оқушы кӛркем шығар-
малардың эстетикалық әсерін, кӛркем сӛз айшығын, сӛз қолдану шеберлігін,
сипатталып отырған кӛріністің әсерін сезінеді,
сонымен қоса, баяндалып
отырған мазмұнға сезіммен араласады. Осы араласу бала жүрегіндегі басқа
қасиеттерге түрткі болуы маңызды. Кӛркем шығармалар оқытқанда аталған
әдіс-тәсіл оқушы эмоциясына ықпалдылықты арттырады.
Әр жағдайда жұмыс жасағанда оқушының жұмыстан ләззат ала білу,
оқушының білім,
білігімен, оның эмционалдық, ӛнер туындыларын қабыл-
даудағы қажеттілігін аңғара білу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: