А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет43/102
Дата21.02.2023
өлшемі2.39 Mb.
#469861
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Проблемалық лекция. Ӛмірдің қарама-қайшылықтарын теориялық 
тұжырымдамалар негізінде бейнелеу арқылы модельдейді. Мұндай дәріс 
түрі оқушылардың ӛз бетімен білім алуын мақсат тұтады; 
Визуалдық лекция. Суреттер, сызбалар, графиктер таблицалар түрінде 
ұсынылады. Дәрістің негізгі мақсаты оқушының ӛз бетінше ой қорыту мен 
пайымдау белсенділігін арттыру, сол арқылы белгілі бір жүйенің кӛмегімен
ақпаратты қайта бағдарлау тәсілін табу болып табылады;
Кеңес беру лекциясы: ӛзінің мақсатын сыныптың сұранысы бойынша 
анықтайды. Мұндай лекция тындарманның ынтасын туғызып, мұғалім 
мүмкіндігін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды. 
Дуэт лекция: Бір тақырыпта дайындалған екі дәріскер екеу ара және
дәрісханамен белгілі мәселелерді шешу жолын қарастырады, талқылайды. 
Келелі мәселенің форма жағынан да мазмұн жағынан да шешімі табылуы 
қажет. 
Шатастыру (қатені түзету) лекциясы: алдын-ала жоспарланып 
ұсынылған қателер арқылы берілген ақпаратқа талдау жасайды, бағдарлайды 
және оны бағалау дағдысын қалыптастырады.
Сұхбат лекция. Сабақ материалы сұрақтарға айналдырылып жауап 
алу үдерісінде мазмұн ашылады. Осы лекция түріне кері байланыс жасау 
және кеңес беру лекциясы мазмұн жағынан жақын келеді.
Дидактикалық лекциялар. (ми шабуылы арқылы), ойын түрлері 
қолданылатын лекция: шешімін іздейтін мәселелерді оқушылар ӛздері 
қалыптастырып, оны ӛздері шешуге талаптанады. 
Лекция-конференция. Оқушылар қарастырылмақ мәселеге алдын-ала 
дайындалып, ӛздері анықтайтын мәселеге қатысты сұрақтар түзеді. 
Сұрақтарды алдын ала сараптап, саралау барысында оқушылардың сұрақ 
қою білігін жетілдіру кӛзделеді. Сыныпты «мұғалім – оқушы» деген екі 
тарапқа бӛле отырып, оқушыларда туындаған сұрақтарды қанағаттандыру 
барысында білім қалыптастыру мақсат етіледі.  
Пресс-конференция 
лекциясы. 
Пресс-конференцияға 
бірнеше 
мұғалімдер немесе сол салаға қатысты мамандар қатыстырылады. Олар 
лекция тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді. Мұғалім талқылау 
үдерісін ұйымдастырушы рӛлін атқарады. Сабақ соңында мұғалім барлық 
қатысушылардың пікірлері мен ойларын қорытындылайды.
Сұрақ-жауап әдісі. Ауызша оқыту әдістерінің ішінде белсенді түрде 
қолданылатын әдістің бірі – сұрақ-жауап. Бұл әдіс бүгінгі білім беру 
саласында да белсенді әрі ең тиімді әдіс болып саналады. «Интербелсенді 
әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» атты еңбекте автор
1
білім беру 
1
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. –А., 2009,– 17 б. 


90 
ұғымына қатысты қызықты аңыз түрінде мысал етеді: «...Сократ ӛз 
шәкірттерін үйретпеген, оның орнына оларға тек сұрақтар ғана қойып 
отырған (атақты маевтика тәсілі). Оның сұрақтарына жауап бере отырып
шәкірттері ӛз бойларында әу бастан қалыптасқан, бірақ ұмыт болып қалған 
білімді есіне түсіріп, бастарынан «суырып» алғандай болған. Бірде тіпті 
Сократ сұрақ қою арқылы қол ӛнер шеберінің сауатсыз, хат танымайтын 12-
13 жасар кӛмекшісінің ӛздігімен Фалестің теоремасын («теңбүйірлі 
үшбұрыштың табанының бұрыштары бірдей болады») құрастыруына 
себепкер болған». 
Олай болса, сұрақ қоя білу үлкен ғылымға жолашар, ӛнер екен. «Сұрақ 
қоя білу ӛнері сұрақты емес, сұрақтар жүйесі ретінде ӛзіңді таба білуден
басталады. Сұрақ қандай болса, оқушы да сондай. Мұғалім сүреңсіз, нәрсіз 
сұрағына оқушыдан жауапты «суырып алып» мұны ӛзімнің дербес жұмысым 
деп санаса, онда ештеңе оңдырмайды. Сыңаржақ сұрақтарға сана мен 
кӛңілге ұяламайтын сыңаржақ жауап аламыз», – деген ұтымды ой білдіреді 
әдіскер-ғалым И.Н.Ильин
1

Сұрақ-жауап әдісі сабақтың бірнеше кезеңінде қолданылады. Үй 
тапсырмасын тексеру, жаңа білімді алуға даярлық кезеңі, жаңа білім 
қалыптастыру кезеңі, алғашқы тексеру кезеңі, сондай-ақ білімді бекіту 
кезеңінде де сұрақ-жауап әдісін еркін қолдануға болады. Сабақтың қай 
кезеңінде қолданса да сұрақ-жауап әдісінің тиімділігін арттыратын
сұрақтың қаншалықты дидактиаклық талаптарға қатысты қойылуында 
болмақ. Сұрақтар әртүрлі мақсатта қолданылады. Білім ақпаратына дейінгі 
оқушы таным, түсінігін анықтау мақсатында, алғашқы ұғым, түсініктерін 
анықтау үшін, оқылған мәтін мазмұнының меңгерілуін т.б. мәселелерге 
қатысты қолданылып отырады. Сабақтың мақсат, міндеттеріне байланысты 
сұрақтарды бірнеше түрге бӛлуге болады. Олар: 
1.анықтамалық сұрақтар; 
2.талдау сұрақтары; 
3.проблемалық сұрақтар; 
4.ашық сұрақтар (ойды еркін айту талабы бар сұрақтар); 
5.жабық сұрақтар (ойды ӛрбіту қажеттігі жоқ, шешіммен келісу 
талабындағы); 
6.риторикалық сұрақтар. т.б.
Анықтау сұрақтары кӛбіне «қандай?», «кім?», «қашан» «қалай 
түсінесің?», «неге?» т.б. сұрау есімдіктері мен сұраулық шылаулар арқылы 
келіп оқу мазмұнын әр қырынан тануға бағытталады.
Ал талдау сұрақтары кӛбіне «неліктен?», «не себепті», «қалай?» т.б. 
сұрау есімдіктерімен келіп мәтіннің әр бӛлігін, композициялық құрылымын, 
поэтикалық тіл қуаты мен идеялық мазмұнын талдауға бағытталады.
Ашық сұрақтар мен анықтамалық сұрақтар мазмұндас. Екеуінде де 
оқушы білімін тексеру, ойын еркін айтқызу талабы болады. 
1
Педагоикалық ізденіс.– А., Рауан. 1990.– 245-290 б. 


91 
Риторикалық сұрақтарды да тиімді қолдану мүмкіндіктері мол. Кӛбіне 
мұғалім мәтін мазмұнымен қабыстыра қолдануға немесе оқушыны 
поэтикалық мазмұнды танытуға қолдануына болады. 
Проблемалық сұрақтар шығарманың идеялық мазмұнын тереңдету 
мақсатында қойылады. Проблемалық сұрақ кӛбіне жағдаятқа қатысты 
туындайды. Барлық тақырыпта проблемалық сұрақ туғызу мақсат емес. 
Дегенмен проблемалық сұрақ теориялық материалды оқушының ой елегінде 
қорытып, ӛміртанымына қатысты пайымдауына мүмкіндік туғызады. «Проб-
лемалық сұрақтың ерекшелігі – олар бір ғана шектеулі мәселеге құрылмай, 
кӛркем туындыны кеңірек, тереңірек қамтитын мазмұнда құрылады. 
Проблемалық сұрақ қоямын деп «қолдан» проблема жасаудың керегі жоқ. 
Проблемалық сұрақтар кӛркем шығарма негізінде жатқан, шешуді талап 
ететін проблема айналасын қамтиды»,– деп түсіндіреді әдіскер Қ.Бітібаева
1

Проблемалық сұрақтың қойылуында сұраулық шылаулар мен есімдіктердің 
қайсы келсе де, сұрақ ойлануға, оқушының ӛзіндік кӛзқарасын білдіруге 
түрткі болуы шарт. Мәселен С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романының 
атауының ӛзі проблемалық сұрақтан басталады. М.Жұмабаевтың «Батыр 
Баян» поэмасының кейіпкері сезім, сана сарабында «неге?» деген сауалды 
ӛзіне он сегіз рет қояды. Ал ол оқушылар үшін де проблемалық сұрақ болып 
танылады. Мәселен, «неліктен Баян екі жастың ӛліміне себепкер болды?», 
«Неліктен ауыр қазадан кейін басын бәйгеге тігіп, жорыққа аттанады?», 
«Неліктен автор тарихи адам ӛміріндегі оқиғаны шығармасына арқау 
еткен?», Неліктен автор поэма басында «Әдемі ӛткенді ойлап айнымасам, 
Сұм ӛмір күшті уын аяды ма?» деп ӛткен тарихтың қандай болмысы туралы 
толғанады?», «Автор ӛткен тарихтың қандай идеяларын әдемі деп есептейді? 
Нені жоқтайды?», «Осы шығарма оқиғасы мен авторлық толғаныста 
байланыс қандай?», «Неліктен шығарма кейіпкері ӛзіне жауабы сан қилы 
сұрақ қояды?» сол сұрақтарға жауап іздеп кӛрейік т.б. проблемалық 
сұрақтарды туындата беруге болады.
Сұрақ-жауап әдісінің тиімділігін арттыратын тағы біртұтас сұрақтың
мағыналық жағынан дұрыс қойылуы. Оқушының ойын қозғап, бірнеше 
сӛйлеммен жауап беруін талап ететін дидактикалық мақсаттағы сұрақтар 
болуы шарт. Жауабын ішіне орап беретін сұрақтар немесе «иә», «жоқ» 
сияқты қысқа жауапқа қойылған жабық сұрақтардың мазмұнға қосары да аз. 
Сұрақтар дер уақытында әрі мӛлшерден тыс қолданылмауы шарт.
Тұжырымдап айтқанда әдістер — басшылыққа алынған әдіснама-
лардың, технологияда белгіленген мақсатқа жету барысында жүзеге асыру-
дың тиімді, оңтайлы, ұтымды, ӛнімді, амал-әрекеттері, тәсілдері екенін есте 
ұстаған абзал.
1
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А., Рауан, –67 б. 


92 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет