А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
рег.учет. зем.

Термин сөздерге түсінік
Арнайы жер қоры – ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың, 
сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Рес-
публикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учас-
келерінің жəне шартты жер үлестерінің иелері мен жер пайдаланушылар 
бастартқан жердің есебінен қүралатын резервтегі жер.
Бастапқы жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығын осы 
Кодекстің 32-бабында көзделген тəртіппен тікелей мемлекеттен не осы 
құқықтан айыру тəртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған 
тұлғалар.
Бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі  құқықтық, сəйкестендіру, эконо-
микалықжəне басқа да сипаттамаларды қамтитын, мемлекеттік жер кадастры 
құрамындағы жер учаскелерін есепке алудың қорытынды құжаты.
Жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы – жер 
учаскесінің меншік иесі мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе 
өтеусіз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесін уақытша пайдалану туралы 
шарт негізінде туындайтын, субъектінің жер учаскесін иелену жəне пайдала-
ну құқығы.
Жер – Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі 
аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы жəне кез 
келген еңбек процесінің аумақтық негізі.
Жерге билік ету құқығы – мемлекеттің Қазақстан Республикасы аума-
ғындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген 
құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің əр жер учаскесіне қатысты 
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мəмілелер 
жасасуға құқығы.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың (рес-
публикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық 
маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ 
аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) 
округтер əкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет