А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет117/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   165
Маркетинг (1)

1. Қаржылық топтар. Фирманың өзін өзі капиталмен қам-
тамасыз ету қабілетіне əсер етеді. Қаржы саласының негізгі бай-
ланыс аудиториялары банктер, инвестициялық компаниялар
қор биржасының брокерлік фирмалары, акционерлер болып 
табылады. 
2. Ақпарат құралдарының байланыс аудиториялары. Ақпа-
рат құралдарының аудиториясы — жаңалық тарататын мекемелер, 
мақалалар жəне редакциялық түсініктемелер. Бірінші кезекте, 
газеттер, журналдар, радиостанциялар мен телеорталықтар. Фир-
малар ақпарат құралдарының өздерінің қызметтерін көбірек жəне 
жақсы жағынан көрсетуіне мүдделі.
3. Мемлекеттік мекемелердің байланыс аудиториялары. Фир-
ма басшылары мемлекеттік саладағы өзгерістерді ескеріп отыруға 
тиісті. Нарық қайраткерлері тауардың қауіпсіздігі, жарнаманың 
шындығы, дилерлердің құқығы жөніндегі мəселелерге байланысты 
пікір білдіруі қажет.
7.2.5. сурет. Фирманың байланыс аудиторияларының түрлері
4. Азаматтық əрекетшіл топтар. Фирманың қабылдаған мар-
кетингтік шешімдері тұтынушылар ұйымы, қоршаған ортаны 
қорғаушылар тарапынан, ұлттық азшылық өкілдері тарапынан 
сұрақтар туғызуы мүмкін.
5. Жергілікті байланыс аудиториялары. Кез келген фир-ма 
жақын маңдағы тұрғындар сияқты жергілікті байланыс аудито-
рияларымен қатынаста болады. 
Фирманың қоғамдық пікір бөлімі фирманың барлық тұтыну-
шылар тобымен байланыста болуына ықпал ете алады. Ірі фирмалар 
əдетте жергілікті тұрғындармен жұмыс үшін қоғаммен байланысқа 
жауап беретін қызметкерді бекітеді. Ол қауым мүшелерінің 
жиналысына қатысып, сұрақтарға жауап береді, өзекті мəселелерді 
шешуге үлес қосады. 
6. Көпшілік. Фирма көпшіліктің өз тауарларына жəне əрекет-
теріне деген пікіріне құлақ асып, бақылауы керек. Көпшілік ұйым-
дасқан күш түрінде фирмаға қарсы шықпағанмен, көпшіліктің 
фирманың бейнесіне деген көзқарасы оның коммерциялық əре-
кеттеріне тікелей əсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет