10
11
жаңа
материалдық, рухани, əлеуметтік жəне моральдық-адам-
гершілік құндылықтарға салыстырмалы түрде еркін қарайды:
ол осы құндылықтарға қажеттілікті түсінеді
немесе олардан
бас тартады. Спутниктік теледидар байланысы,
қазіргі заманғы
радио, компьютерлік желілер, технологиялар халықаралық қажет-
тіліктерді туындатты. Егер абсолютті қажеттіліктер, уақыт өте келе
осылардың қатарына қосылса, бұл əлемдік өрлеу мен халықаралық
қатынастың өзіндік «сыйлығы» болып табылады. Кəсіпкерлер өз
еліндегі тұтынушының абсолютті қажеттіліктерді қабылдау сəтін
дəлме-дəл байқап, жаңа, шеттен келген тауарлар мен қызметтерге
сұранысты дер кезінде қалыптастыруға тиісті.
Қанағаттандырылмайтын қажеттіліктер — тұтынушы тө-
лем қабілетсіздігіне немесе қажеттілікті қанағаттандыратын
қаржысының жоқтығына байланысты жүзеге
асыра алмайтын
қажеттіліктер.
Қанағаттандырылмайтын қажеттіліктер — нарықтық эко-
номиканың маңызды стратегиялық резерві. Өндірушілер тұты-
нушының қанағаттандырылмайтын
қажеттіліктерін анықтап,
бұл қажеттіліктерді мүмкіндігінше толық қанағаттандыратын
тауарларды жасауға ұмтылады.
1.3. Сұраным
Сұраным немесе қанағаттандырылатын қажеттілік — са-
тып алу қабілеттілігімен бекітілген қажеттілік.
Адамдардың қажеттіліктері шексіз, ал оларды қанағаттандыруға
қажетті ресурстар шектеулі. Адамдар күнделікті қолданып жүрген
заттардан жалығып, əр алуан заттарды іздей бастайды. Таңдаудың
ауысуы нəтижесінде бағаны немесе табыс деңгейін өзгертуі
мүмкін. Іс жүзінде тауарлар дегеніміз — қасиеттердің жиынтығы.
Адамдар ең үздік пайдалы жиынтықпен ететін өнімдерді таңдайды.
Мəселен, «Нива» автокөлігінің
көлікке қажетті қарапайым
қасиеттерімен бірге, техникалық параметрлері айтарлықтай жақсы.
Бұған қоса, сатып алу бағасы қолжетімді. Ал «Мерседес» — толық
жабдықталған, əрі молшылық пен беделді білдіретін көлік.
Тұтынушылардың сұраныстары сұранымдарға жинақталады.
Сұраным — қанағаттандырылатын қажеттіліктердің жиынтығы.
Қажеттілік тұрғысынан сұранымның үш түрі бар:
— сатып алушының аса қажетті қызметтер мен тауарларға
деген сұранысы;
— сатып алушының аса қажет емес қызметтер мен тауарларға
деген сұранысы;
— сатып алушының жаңа тауарлар мен қызметтерге сұранысы.
Осылардың ішінде аса қажетті тауарларға деген сұраныс елеулі
орын алады. Бұл тауарлар адамдардың қалыпты тіршілік əрекетін
қамтамасыз етеді. Аса қажет емес
тауарларға деген сұраныс
айтарлықтай аз болғанмен, өмірде кездесетін сұраныс. «Нарықтық
жаңалық» деп аталатын тауарлар үлкен сұранысқа ие. Егер бұрын
қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді өтейтін болса,
олардың
бағасы тұтынушының төлем қабілеттілігі шегінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: