А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Тарату мен өткізудің құрамына 3 элемент кіреді



Pdf көрінісі
бет74/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   165
Маркетинг (1)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Жинау
Тарату мен өткізудің құрамына 3 элемент кіреді: тасы-
малдау, сақтау, тұтынушылармен байланыс. Өнім соңғы тұтыну-
шыларға өндірушіден тауар қозғалысы каналдары арқылы 
аттандырылуы мүмкін. Өндіріс ағымдағы сұраныстан жиі асып 
кететін болғандықтан, өнім сақталу керек. Ақырғысы, өнім мен 
қызметтерді тұтынушыларға сату үшін сатушыны немесе дүкенді, 
оның жұмыс уақытын білу қажет жəне тиісті жабдықтарға ие 
болып, артық өнімдерде басқара білу керек. 
Өткізу каналдары жинау, тарату, іріктеуден тұратын сұрыптау 
үрдісіне қатысып, өндірушіге өнімін сатуға көмектесе алады жəне 
өндіруші мен соңғы тұтынушының мақсаттарының арасындағы 
айырмашылықтарды еңсереді. Жинау — үнемді тасымалдау 
үшін түрлі өндірушілерден шағын партияларды жинау бойынша 
көтерме қызмет. Тарату — өнімнің əртүрлі тұтынушылық 
нарықтарға бағытталуымен байланысты көтерме-бөлшек сауда 
қызметі. Іріктеу — тұтынушылардың əртүрлі маркалар, бағалар 
мен үлгілерді таңдауға мүмкіндік алуына бағытталған, өнімнің 
ауқымды ассортиментін жасау бойынша бөлшек сауда қызметі. 
Əдетте, өндірушілер өнім түрлерінің шектеулі санын үлкен 
көлемде өндіргенді жəне өзінің барлық шығарылымын сату үшін 
мүмкіндігінше аз келісімдер жасағанды дұрыс көреді. Алайда, 
соңғы тұтынушы маркасы, түсі, мөлшері жəне сапасы əртүрлі 
тауарларды таңдағанды, əрі бір жолы сатып алғанда тауарды аз 
Тарату жəне өтім
Маркетингтік зерт-
теулер
Сатылымдар
Қозғалыс
Баға қалыптасуы
Өнімді жоспарлау
Тұтынушыларға 
қызмет көрсету
Тауар қоғалысы 
каналы орындай-
тын қызметтер


124
125
көлемде сатып алғанды жөн санайды. Бұған қоса, өндірушілерге 
сағат 9-дан 17-ге дейін өнімді фабрикадан сатқан, сонымен қатар, 
сауда қызметкерлерінің аз болғаны жөн болар еді. Тұтынушы 
тұрғылықты жерге жақын маңда сауда жасағанды, дүкенге 
демалыс күндері жəне кешкі уақытта барғанды қалайды жəне оған 
сауда қызметкерінің көмегі міндетті түрде қажет болады. Сұрыптау 
үрдісінің көмегімен делдарлар өндірушілер мен тұтынушылардың 
арасындағы барлық қиындықтарды жеңе алады.
Тауар қозғалысының қызмет көрсету деңгейі келесі факторларға 
байланысты:
— тапсырыстың орындалу жылдамдығына (тапсырысты жөнел-
ту уақыты мен тауарды алғанға дейінгі уақыт);
— арнайы тапсырыс бойынша тауарды жылдам жеткізу мүм-
кіндігі; 
— егер тауардан ақау табылса, жеткізілген тауарды кері қа-
былдауға жəне тауарды сапалы тауарға алмастыруға дайын болу;
— сатып алушының қалауы бойынша жүкті тиеудің түрлі
партиялығын (бір көлік орны ретінде қарастырылатын өнімнің 
орауыштағы саны) қамтамасыз ету;
— көліктің анағұрлым сəйкес келетін түрін пайдалана білу; 
— қызмет көрсетудің жоғары дəрежеде тиімділігі;
— жақсы жолға қойылған қойма торабы;
— өндірістен алынып тасталған тауарларды қосқанда, номен-
клатурадағы барлық тауарлардың қосалқы бөлшектерінің болуы;
— тауар қозғалысының сатып алушыларға қызмет көрсетілетін 
баға деңгейі. Жақсы жұмыс істейтін тауар қозғалысы тапсырысты 
алғаннан кейінгі тауарды жеткізу мерзімі жеткізудің қашықтығына 
қарамастан уақытылы болатынына кепілдік береді, ал осы мер-
зімдегі тапсырысты орындау ықтималдығы 91—96 %-ға тең. 
Тауар қозғалысы қызметінің жұмыс тиімділігін бақылау үшін 
жалпы шығындар формуласы пайдаланылады:
D = T + F + W + S,
D — тауар қозғалысындағы шығын сомасы, T — көлік шығын-
дары, F — тұрақты қойма шығындары, W — айнымалы қойма 
шығындары, S — кепілдендірілген мерзімде орындалмаған тап-
сырыс құны.
Тауар қозғалысы жүйесінің басшылары жеткізу тəсіліне, 
жүйедегі аралық звенолардың санына, орналастыру мен қойманың 
көлеміне, т.б. байланысты осы соманы барынша азайтуға ұмты-
луы керек. Сондықтан, қарастыралатын ұсыныстардың көп нұс-
қаларының болуы — тауар қозғалысын жобалау мен бақылау 
кезінедегі міндетті шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет