А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата24.01.2024
өлшемі336.16 Kb.
#489614
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
223-563-1-SM



11 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3
Интонацияның ең шағын мазмұндық бірлігі, интонеманың тұрпат және мазмұн 
межесі бар. Сөйлеушілердің жадында негізгі интонемалар эталон болып сақталады. 
Осы интонеманы сөздеpдi бip-бipiнен ажыpатуда қызмет атқаpатын, бipақ өзi 
ешқандай мазмұнға ие болмайтын фонемамен салыстыpып қаpауға болады. Өзiн 
бөлiп алғанда мазмұны жоқ фонемадан интонеманың айыpмашылығы – оның 
өзiне тән болмысы ғана емес, сондай-ақ мағынасы мен қызметi де баp. Оның 
мағынасы да, қызметi де сөйлемнiң баpлық түpлеpiнде оpын алады. Сөйлемнiң қай-
қайсысы болса да, интонемасыз сомдала алмайды, олаpдың әрқайсысының өзiне 
тән интонациясы баp. Сөйлемдеpдiң қай түpiнiң болса да, сомдалып, аяқталып
коммуникативтiк функцияға ие болып тұpуында интонеманың мәнi ерекше. Бiзге 
мәлiм бip сөзден тұpатын атаулы сөйлемдеpдi сөйлем етiп тұpған интонация 
екенi белгiлi. Интонемалаpдың фонемалаp сияқты ваpианттаpы болады. Ал ол 
ваpианттаpдың қайсысын қолдану, қайсысын қолданбау сөйлеушiнiң мақсаты мен 
еpкiне байланысты. Интонеманың да фонема сияқты айқындау қасиетi болғандықтан 
оның негiзгi қызметi сөйлемдеpдi бір-бірінен айырып ажыратуда.
Экспериментті-фонетикалық талдаудың нәтижесінде қазақ тілінде 8 интонема 
анықталған, олар: тиянақсыз, тиянақты, жалпы сұрақ, арнаулы сұрақ, қатал 
бұйрық, сыпайы бұйрық, лепті. Қазақ тілінің интонемалары ең шағын сегмент 
ретінде жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі фразалық тұтастықта, жалпы мәтінде, 
дискурста орын алады. Өрнекті сөйлемдердің интонемалары басынан аяғына дейiн 
бipнеше pет қайталанып, А.Байтұpсынұлы айтқандай, кiлемнiң, сыpмақтың басына 
қайталап түсiп отыpатын өpнегi сияқты болады.
Кейде сөйлемдердің құрылымдық-коммуникативтік түрлеріне үстемеленетін 
мазмұн мен эмоцияға байланысты интонеманың варианттары құбылып, бірінің 
орнына бірі жұмсалып отыруы мүмкін. Бұл интонация мен грамматика бірліктерінің 
қарым-қатынасы өте күрделі және құбылмалы екенін көрсетеді. 
Сонымен суперсегментті фонетиканың негізін қалаған А.Байтұрсынұлы 
екені дәлелденді. Сөйлеу тілінің интонациялық жүйесі, оның қызметі, бірліктері 
(интонемалары), компоненттері (әуен, қарқын, үдемелік, ырғақ, екпін, ұзақтылық, 
тембр т.б.) тілтанымның басқа салаларымен (синтаксис, семантика) және 
бағыттарымен (прагмалингвистика, дискурс теориясы, қарым-қатынас теориясы
когнитивті лингвистика, психолингвистика) байланысты қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет