Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар



жүктеу 357.84 Kb.
бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі357.84 Kb.
  1   2   3
Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 138 Қаулысы



      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 N 1196 Қаулыcымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы және "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 N 1196 Қаулыcымен.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн тағайындау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 шiлдедегi N 634 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 265-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат).

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2007 жылғы 23 ақпандағы
N 138 қаулысымен 
бекітiлген 

       Ескерту. Ереженің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "қаржы полициясы мен" және "қаржы полициясы," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

 Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар мен сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 N 1196 Қаулыcымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар мен сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы және «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және жоғарыда көрсетiлген адамдар санатына зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.


      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 N 1196 Қаулыcымен.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:


      мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген зейнет жасына жеткенде берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;

      мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылар - бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектiк туындаған, асыраушысынан айрылған кезде берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлемдер;

      Орталықтың бөлiмшелерi - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының қалалық, аудандық бөлiмшелерi;

      еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақы төлемi - бұрынғы әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң қатарындағы адамдарға, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалатын ай сайынғы ақшалай төлем;

      зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;

      зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне арналған лицензиялары бар ұйымдар, "Қазпочта" АҚ-тың аумақтық бөлiмшелерi;

      Орталықтың филиалдары - Орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.09.14 N 1196 Қаулыcымен.

2. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау тәртiбi

      3. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемiн (бұдан әрi – зейнетақылар) тағайындауды тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар:


      1) Қарулы Күштерде, әскери прокуратура, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарда және олардың бөлiмшелерiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi;
      2) iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында және олардың бөлiмшелерiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi;
      3) ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткерген әскери қызметшiлерге және қызметкерлерге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi;
      4) Президенттiң Күзет қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге және қызметкерлерге – Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi;
      5) Республикалық ұлан қызметінде өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы;
      6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінде қызмет атқарған арнайы атақтары бар адамдарға – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетi;
      7) «Сырбар» Сыртқы барлау қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге және қызметкерлерге – Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметi;
      8) прокуратура органдарында (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 N 1196 Қаулыcымен.

      3-1. Әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы тағайындауды осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.


      Ескерту. Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органдар кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарының қызмет өткергенiн және оның босатылу күнiндегi ақшалай үлесiнiң мөлшерiн растайтын құжаттардың тiзбесiн айқындайды. Құжаттар қабылдауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде ведомстволар мен аумақтық органдар (бұдан әрi - бөлiмшелер) жүзеге асырады.


      Көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдар өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, осы Ережені нақтылау жөніндегі нұсқаулықты қабылдайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 N 1196 Қаулыcымен.

      5. Зейнетақыларды тағайындауға өтiнiш берген адам тұрғылықты жерiндегi бөлiмшеге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi (жеке куәлiгi, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты, оралманның Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiнгi куәлiгi);

      3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);

      4) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6) банк мекемесiнде зейнетақы шотының (карт-шоттың) ашылғаны туралы құжаттың көшiрмесi;

      7) 3,5х4,5 фотосуретi (2 дана).
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.01 N 1427 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Бөлiмше осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдап, және осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес айқындалатын тiзбеге сәйкес құжаттарды талап ете отырып, келiп түскен күнiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде оларды осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жiбередi.

      7. Бөлiмше осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған не толық емес немесе сенiмсiз мәлiметтерi бар құжаттар ұсынылған жағдайда зейнетақы тағайындау туралы өтiнiштердi қабылдамайды.

      8. Бөлiмше өтiнiш берушiден зейнетақы тағайындау үшiн қабылданған құжаттар жиынтығының толықтығы, сондай-ақ құжаттар көшiрмелерiнiң сапасы үшiн жауапты болады.

      9. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органдар барлық қажеттi құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні iшiнде зейнетақы тағайындауды жүргiзедi, сондай-ақ алушының мәртебесiн растайтын ресми құжат болып табылатын куәлiк бередi.
      Куәлікке осы Ережеге 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша бет беріледі.

      10. Өтiнiш берушiнiң зейнетақыға құқығы болмауына байланысты зейнетақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, құжаттар осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органның бас тарту себептерi туралы хатымен бөлiмшеге қайтарылады.



3. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеудi жүзеге асыру тәртiбi

      11. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар/бөлiмшелер Орталықтың филиалдарына осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысанындағы хабарламаны қоса бере отырып, осы Ережеге 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес 1-BC, 1-ВС пос, 1-ИУ нысандары бойынша зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге арналған бiр данадағы үзiндi-көшiрменi жiбередi.

      12. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жыл сайынғы арттыруға, айлық есептiк көрсеткiштiң, ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi мөлшерiнiң өзгеруiне байланысты зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерi өзгерген жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк органдар/бөлiмшелер зейнетақылар мен жәрдемақылардың жаңа мөлшерi туралы үзiндi-көшiрме дайындайды және Орталықтың филиалдарына бiр данада жiбередi.
      Тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке шотының нөмiрi, туған күнi, тұрғылықты жерi өзгерген жағдайда, алушы тиiстi өзгерiстердi растайтын құжаттармен бiрге осы өзгерiстер туралы өтiнiш бередi. Деректемелердiң өзгергенi туралы белгi зейнетақы немесе жәрдемақы алушының iс-қағазының мұқабасына қойылады. Жаңа деректемелерi бар үзiндi-көшiрмелер Орталықтың филиалдарына жiберiледi. Орталықтың бөлiмшелерi үзiндi-көшiрме келiп түскен кезде Орталықтандырылған дерекқорға (бұдан әрi - ОДҚ) тиiстi өзгерiстер енгiзедi.

      13. Келiп түскен үзiндi-көшiрмелер Орталықтың филиалдарында осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысандағы тiркеу журналында тiркеледi.

      14. Орталықтың филиалдары зейнетақылар мен жәрдемақылардың тағайындалған/өзгерген мөлшерi туралы келiп түскен үзiндi-көшiрмелердi Орталықтың бөлiмшелерiне жiбередi.

      15. Орталықтың бөлiмшелерi үзiндi-көшiрмелер келiп түскен кезде оларды осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысандағы тiркеу журналдарына тiркейдi және ОДҚ-да алушылардың карточкаларын қалыптастырады әрi карточкаға тиiстi деректердi, не олар жөнiндегi өзгерiстердi енгiзедi.

      16. Алушылар бойынша енгiзiлген және қолдағы деректердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) бекiткен күн сайынғы төлем кестесiнiң негiзiнде Орталық зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге арналған бюджет қаражатына қажеттiлiктi қалыптастырады және оны төлем айының алдындағы айдың 25-i күнiне қарай Министрлiкке ұсынады.

      17. Министрлiк зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге арналған бюджет қаражатына қажеттiлiкке сәйкес төлем өтiнiмiн ұсынылған зейнетақылар мен жәрдемақылар төлемдерi кестесiне сәйкес қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне ұсынады.

      18. Орталық бюджет қаражатын алып, зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылардан ұстап қалуларға төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

      19. Орталық зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеудi Орталықтың бөлiмшелерi басып шығаратын және зейнетақы мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға беретiн, осы Ережеге 8, 9-қосымшаларға сәйкес 7, 7Д нысанындағы тiзiм-ведомостардың негiзiнде шоттарға есептеу жолымен, алушылардың үйiне жеткiзiп беру жолымен жүргiзедi.

      20. 7, 7Д нысанындағы тiзiм-ведомостар екi данада басылады және зейнетақы мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның және Орталықтың бөлiмшесiнiң қолымен және мөрiмен расталады әрi олардың әрқайсысында бiр-бiр данадан сақталады.

      21. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына, сексен жасқа толған зейнетақы алушыларға, бiрiншi топтағы мүгедектерге, сондай-ақ бөгде адамның күтiмiн қажет ететiн және денсаулық жағдайы бойынша зейнетақылар мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға бара алмайтын адамдарға зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды үйге жеткiзiп берудi жүргiзедi.

      22. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды беру жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде, зейнетақылар мен жәрдемақыларды алушылардың шотына есептелген сомалар шегiнде, сондай-ақ 7, 7Д нысанындағы тiзiм-ведомостар бойынша жүргiзiледi.

      23. Алатын төлемнiң түрiне қарай бұл мақсаттарға арналған шығыстар тиiстi бюджеттiк бағдарлама есебiнен жүзеге асырылады.



4. Интернаттық және мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелердегi адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу

      24. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушылардың интернаттық немесе мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемеге қабылданғаны туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органның/бөлiмшенiң хабарламасы негiзiнде (мұндай ақпаратты мiндеттi түрде көрсетiлген мекемелер уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға/бөлiмшелерге ұсынады) Орталықтың бөлiмшелерi алушының тұратын мекен-жайының өзгеруiмен және жеке шотының ауысуымен ОДҚ-қа белгi соғады.

      25. Интернаттық немесе мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын алушыларға зейнетақылар немесе жәрдемақылар төлеу интернаттық немесе мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекеменiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi. Сот шешiмi бойынша iс-әрекетке қабiлетсiз және қамқорлыққа (қорғаншылыққа) мұқтаж деп танылған, интернаттық және мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы зейнетақылар мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымда қамқоршылары (қорғаншылары) ашатын жеке шоттарына есептеледi.

5. Түзеу мекемелерiнде зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу

      26. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушылар бас бостандығынан айрылған жағдайда Орталық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тағайындаған зейнетақыны немесе жәрдемақыны сотталушылар жазасын өтеп жүрген түзеу мекемесiнiң арнайы шоттарына аударады.

      27. Сотталған зейнеткер немесе жәрдемақы алушы зейнетақы мен жәрдемақының қандай түрiн алғанын және оған зейнетақы немесе жәрдемақы қай уақытқа дейiн төленгенiн көрсете отырып, түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiне жазбаша өтiнiшпен жүгiнедi.
      Түзеу мекемесi өзiнiң орналасқан жерiндегi тиiстi бөлiмшеге хатпен өтiнiш жасайды, онда сотталушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, оның бұрынғы тұрған мекен-жайын, оған зейнетақының немесе жәрдемақының қай кезең үшiн төленгенiн, сондай-ақ жазасын өтеу мерзiмi мен түзеу мекемесiнiң деректемелерiн көрсетедi.

      28. Түзеу мекемесi орналасқан жердегi бөлiмшелер түзеу мекемесiнен хабарлама алған соң, сотталған зейнеткердiң немесе жәрдемақы алушының бұрынғы (сотталғанға дейiн) тұрған жерiндегi бөлiмшеден оның зейнетақы iсiн cұратады.


      Зейнетақы немесе жәрдемақы алушының бұрынғы тұрған жерiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган/бөлiмше Орталықтың бөлiмшесiне осы Ережеге 10, 11-қосымшаларға сәйкес алушының түзеу мекемесiнде болуына байланысты төлемнiң тоқтатыла тұрғаны туралы 1-Б/BC, 1-Б/BC пос нысанындағы хабарламаны ұсынады.
      Түзеу мекемесi орналасқан жердегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган/бөлiмше зейнетақы iсiн немесе жәрдемақы алушының iсiн алып, оны есепке қояды және үзiндi-көшiрменi зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуге Орталықтың бөлiмшесiне жiбередi.

      29. Орталықтың бөлiмшесi үзiндi-көшiрменiң негiзiнде тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақыны түзеу мекемесiнiң арнайы шотына аудару үшiн деректемелердi көрсете отырып, сотталған зейнеткердi немесе жәрдемақы алушыны ОДҚ-ға енгiзедi.



6. Тұрғылықты жерi өзгерген кезде азаматтарға зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу

      30. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға зейнетақы мен жәрдемақы тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркеуден шыққан айы қоса төленедi.

      31. Төлемнен алып тастау уәкiлеттi мемлекеттiк орган/бөлiмше ұсынатын 1-Б/ВС, 1-Б/ВС пос нысанындағы хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.

      32. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кетушiлерге зейнетақы немесе жәрдемақы төлеу жүргiзiлгеннен кейiн Орталықтың бөлiмшелерi ОДҚ-да белгi соғады.



7. Орталықтан жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi және қайтыс болған адамның отбасына берiлетiн бiржолғы жәрдемақыны төлеу тәртiбi

      33. Зейнетақылар немесе жәрдемақылар алушылар қайтыс болған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк органнан/бөлiмшеден келiп түскен 1-Б/ВС, 1-Б/ВС пос нысанындағы хабарламаның негiзiнде жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi және қайтыс болған адамның отбасына берiлетiн бiржолғы жәрдемақыны төлеуге арналған өтiнiмдер Орталыққа оның бөлiмшелерiнен филиалдар арқылы күн сайын жiберiледi.

      34. Жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi және отбасы мүшелерiне бiржолғы жәрдемақыны тағайындау үшiн жерлеудi жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға тұратын жерiндегi бөлiмшеге қажеттi құжаттар мен олардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiштi ұсынады. Құжаттардың көшiрмелерiн ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейiн бөлiмшенiң бастығы куәландыруға тиiс. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылған құжаттардың көшiрмелерiн қабылдауға жол берiледi.

      35. Жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлем мен отбасы мүшелерiне берiлетiн бiржолғы жәрдемақы мынадай құжаттардың негiзiнде төленеді:

      1) жерлеудi жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегi Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;

      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдары берген сақтандыру анықтамасы;

      4) қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi.


      Бұдан басқа, отбасы мүшелерiне берiлетiн бiржолғы жәрдемақыны төлеу үшiн қайтыс болған адаммен туыстық қатынастары туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмесi ұсынылады.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      36. Орталықтың бөлiмшесi жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi және қайтыс болған адамның отбасына берiлетiн бiржолғы жәрдемақыны алушылардың тiзiм-ведомосын осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.

      37. Өтiнiмдердiң негiзiнде Орталық жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемнiң және қайтыс болған адамның отбасына берiлетiн бiржолғы жәрдемақының мөлшерiн алушылардың көрсетiлген шоттарына қаржыландыруды жүзеге асырады.
      Орталық зейнетақылар мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымда ашылған шоттарға жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi және қайтыс болған адамның отбасына берiлетiн бiржолғы жәрдемақыны жеке тұлғаларға аударуды жүргiзедi.
      Орталық заңды тұлғаларға жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi олардың ағымдық шоттарына аударуды жүргiзедi.

      38. Жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемнiң және қайтыс болған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының отбасына берiлетiн бiржолғы жәрдемақының мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган/бөлiмше Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.

      39. Орталықтың бөлiмшелерi әрбiр зейнетақы мен жәрдемақы алушы бойынша жыл сайын 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, ал тоқтатылған төлемдер бойынша (төлем жабылған жағдайда) алыну айы бойынша өткен жыл iшiнде жүргiзiлген төлемдер туралы айлар бойынша ОДҚ-дан берiлген анықтамаларды уәкiлеттi мемлекеттiк органға/бөлiмшеге ұсынады.

     40. Орталықтың бөлiмшелерi жылына бiр рет бөлiмшелермен бiрлесiп, үзiндi-көшiрмелер мен хабарламалардың түгендемесiн жүргiзедi, ол аяқталғаннан кейiн актi жасалады.

Кеден органдарын қоспағанда, арнаулы   
мемлекеттік және құқық қорғау      
органдарының арнаулы атақтар, сыныптық  
шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ
әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық 
шендер алу және нысанды киiм киiп    
жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан  
бастап жойылған адамдарға зейнетақы   
төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
төлемін, мемлекеттік базалық әлеуметтік 
жәрдемақыларды тағайындау мен      
төлеудi жүзеге асыру ережесiне     
1-қосымша                

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің


2007.04.30 N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі),
2008.11.18 N 1068, 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі), 2012.09.14 N 1196 Қаулыларымен.

____________________________________


(зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын
органның атауы)       
  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет