А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата24.01.2024
өлшемі336.16 Kb.
#489614
1   2   3   4   5   6   7   8   9
223-563-1-SM

Ключевые слова: родной язык, система образования, правописание, звуковой 
состав, модель письма, текст, грамматическая закономерность, орфография, слог, 
реформа алфавита.
B. Momynova
Chief Researcher of the Institute of Linguistics named after A.Baitursynov,
Doctor of philological sciences, professor
Almaty, Kazakhstan
GRAPHICS AND SPELLING OF THE NEWSPAPER «QAZAQ»
Abstract: A. Baitursynov deeply knew the phonetic and grammatical laws of the 
Kazakh language. Knowing the laws of the Kazakh language, he perfectly understood that 
the old Arabic script created inconveniences for the Kazakhs, and, having reformed the 
graphics, he created a new Kazakh alphabet, called “tote zhazu». So he became a reformer 


13 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3
of the Kazakh alphabet. In 1913 - 1918. the newspaper “Kazakh» was published with the 
use of the new alphabet of A. Baitursynov, and in it this alphabet was tested. The peculiarities 
of the new spelling in the article are confirmed by reliable linguistic data, examples from 
newspaper texts.
Key words: mother tongue, education system, spelling, sound composition, writing 
model, text, grammatical pattern, spelling, syllable, alphabet reform.
Қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдыздарының бірі, ұлы ағартушы 
Ахмет Байтұрсынұлы 1895-1909 жылдар аралығында ауылдық, болыстық бастауыш 
мектептер мен бес-алты жылдық екі кластық училищелерде мұғалім бола жүріп, 
ана тілінде оқыту жүйесін жетілдірумен, төл оқулықтар, тілашарлар дайындаумен 
тікелей айналысады. Осы жолда қазақ балаларының сауатын қазақша аштыратын 
«Әліппе», өзге де оқулықтардың жоқтығына көзі жетеді, өзі оларды жаңадан түзбекші 
болады. Мақсат жолында еңбектеніп, талаптана жүріп, жалпы қазақ тілінің ғылыми 
тұрғыдан зерттелмегеніне, жүйеленбегеніне көңіл аударады. Сондықтан ең алдымен 
қазақ тілінің дыбыстық құрамын зерттеуге кіріседі. Сонан соң өзі анықтаған қазақ 
тілінің дыбыстық, өзге де грамматикалық заңдылықтары негізінде жаңа алфавит 
және жазу үлгісін жасайды. Өзіне дейінгі қазақ жұртының пайдаланып, тұтынып 
келген араб жазуында қазақ тілі үшін қолайсыздықтардың бар екенін дәлелдеп
жазуды жетілдіріп, «дәйекшені» енгізеді. А. Байтұрсынұлы 1912 жылы алғашқы 
әліппесін – «Оқу құралын» [1] бастырып шығарады. Сол жылдарда осы даулы мәсе-
леге арналған «Жазу тәртібі» (Айқап, 1912, №9-10), «Жазу мәселесі» («Қазақ», 1913, 
№34-35) т.б. мақалаларын жариялайды. 
Ағартушының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, 
әсіресе мұғалімдер қауымы жақсы қабылдады. Себебі, оның алфавитке жасаған 
реформасы ескі араб жазуының кемшіліктерінен адаланған, әрі қазақ тілінің таби-
ғатына жақын, әрі барынша ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен, 1912 жыл-
дардан бастап А.Байтұрсынұлының осы алфавитті негізге алып жасаған жаңа жазуы 
(ол «Жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла бастады [2]. Міне, «Қазақ» 
газеті осы «жаңа емле» жүйесімен жарық көрген еді және жаңа басылым көтерген 
мәселелер әлеуметтік жүгімен қоса оқуға оңай емле жүйесімен де бұқараны баурап 
алды. Ал бұл жаңа жазу жүйесінің 1924 жылы Қазақ-қырғыз білімпаздарының тұң-
ғыш съезінде (Орынбор, маусымның 12-сі) бекітілуі, латын алфавитіне көшу кезінде 
бір топ қазақ зиялыларының оны қорғауы – басқа бір өзекті мәселенің арқауы. 
«Қазақ» газетінің тілі, жазу жүйесінің жетілгендігі туралы сөз қозғағанда оның 
бетіндегі барша мақала, хат-хабарлар тілінің сөйлеу тіліне жақын, бұқара халыққа 
түсінікті, ұғынықты түрде берілгендігін және аса қажетті, мұқтаж мәселелерді көте-
руімен байланысты екенін айта кету артықтық етпейді. 
Әрі барлық материалдар шығарушылар тарапынан сол тұстағы заман деңгейіне 
сай редакцияланып, тілі ұшталып отырған. Жалпы газеттің тілі жөнінде оның шы-
ғарушысы А.Байтұрсынұлы былай деп жазады: «Ғарабы, парсы сөздер көп кіріскен 
тіл – әдеби тіл. Неғұрлым ғарабы, парсы сөздер көп қосылса, неғұрлым қара халық 
түсінуге ауыр, тіпті түсінбейтін болса, соғұрлы әдебирек болады деп тұтынған жол-
дан шыққан тіл. Бұл тіл халықтан тумаған, жаны жоқ тіл ... Әдеби тілді сүйетін 
бауырларымызға газетті қазақтың қара тілімен жазғанымыз ұнамсыз көрінсе, ол 
кемшілігімізге кешу өтінеміз. Жұрт үшін шығарылған нәрсе жұртқа жақын болуы 
тиіс» [3].


14
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3
Сонымен бірге ол «Шора» журналына жазған (1913, №4) «Қазақша сөз жазушы-
ларға» деген мақаласында да бұл ойын былайша нақтылай түседі: «Қырық мысал», 
«Маса» турасында айтатыным: олар халық үшін жазылған нәрсе, халық айтуынша 
жазылған. Өз тілімізден шығарып, емле түзгенше, халықтың айту ауанынан шықпай-
мыз. Басқаларда даяр емле бар ғой, соны алайық деп, қисық емлеменен тілімізді 
қисайтпаймыз. Тілдің ауанына қарамай, харіптің, емленің ауанына бұрып тілдің 
көркін бұзған, әдеби тілімен жазамыз деп, жат тілмен жазып, өз тілінен айрылған 
басқа түріктердің ізіне түсіп, тілімізді аздырғанды мақұл көрмейміз. «Вахыт» пен 
«Шора»-ны оқығанда қолымызға лұғат кітабын алып отырып оқимыз... Біздің қазақ-
тың ісі жаңа басталып келеді. Не болары белгісіз. Қазақ я құрып жоқ болар, я өз 
тілімен де өзгелердей тіршілік етер. 20-ншы ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай 
асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Ата-
ның аздырмай берген мүлкін қолымызға алып, быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс 
болмас».
Осы тұстағы, қосып айта кетер бір жайт – Ахмет Байтұрсынұлы бастаған қазақ 
зиялылары о бастан-ақ қазақ әдеби тілінің (яғни оқығандар тілінің – Б.М.) қабыр-
ғалы қазақ тілінен, яғни қалың жұртшылықтың (көпшілігі хат танымайтын) ауызекі 
тілінен ауытқып, алшақтап кетпеуіне көп көңіл бөлді. Орыс және Европа тілдеріндегі 
«ақсүйектер» тілін, олардың халық тілінен мүлдем қашықтап, жат болып кеткенін 
білетін Ахмет Байтұрсынов сынды зиялылар әу бастан-ақ бұл бағытқа қарсы күрес 
ашты, әрбір мақала, сөйлеген сөздерінде оған тойтарыс беріп отырды. Халық тілі 
мен ғылым тілін (яғни, оқығандар тілін – Б.М.) жақындастырудың, жымдастырудың 
жолы ретінде термин сөзді қалың көпшілікке түсінікті халық тілінен алу ұсынылды. 
А. Байтұрсынов бұл ойын съезде шығып сөйлеген сөздерінің бәрінде үнемі қайталап 
отырды. Сол арқылы әдеби тіл тым «ақсүйектеніп», қалың бұқарадан алыстап кет-
кен өзге туыстас түркі жұртының ғалымдарына ой салғысы келді. Мәселен, ол бір 
жарыссөзге шыққанында былай деп өз ойын нығыздай түсті: «Мы, казахи, с самого 
начала возникновения своего печатного слова стали держаться иного принципа, чем 
другие. Мы имели ввиду всегда народную массу и старались, чтобы произведения 
печати были в полной мере доступной всем мало-мальски грамотным казахам, а 
через них и неграмотным. Мы старались, чтобы каждая мысль, брошенная в толщу 
населения, могла быть подхвачена каждым, чтобы зародить в массе интерес к знанию 
и зарядить его знанием для правильного понимания окружающей действитель-
ности. Первым условием, необходимым для достижения этой цели, мы считаем 
доступность языка произведений для массы. В силу этого приходилось выражать 
на родном языке и такие понятия и идеи, которых раньше у народа не было и кото-
рым теперь поневоле пришлось облечься в казахские слова и выражения» [4]. Шын-
дығында, газеттегі материалдардың бәрі де қазақ үшін маңызды әрі жаңалыққа толы 
еді. Енді мәтіндердің емле ерекшеліктерін анықтау үшін мәтіннің нақты үлгісін 
(қалай жазылса, сол үлгіні сақтап, бірақ кирилл қаріптеріне көшіріп) оқып көрелік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет