А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет102/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

2. ғұрып сөзі. Ғұрыптама. Ғұрып сөзі деп ғұрып сарыны-
мен яғни ғұрып бойынша істелетін істерге байлаулы сөздер 
айтылады. Мәселен: той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, 
жарапазан.
той бастар. Тойдың кешкі ойынын біреу өлеңмен бастай-
ды. Сонда айтылатын өлең той бастар деп айтылады. 
М ы с а л:
Кете Шернияз ақынның Баймағамбет правительдің қызы 
Ақыл Қаныкейдің тойын бастағаны:
Ассалаумағалайкум, алдияр хан! 
Қорқады өлім десе шыбындай жан. 
Сыйынып бір Құдайға, сөз сөйлейін, 
Тіліме жәрдем болғай бір Алладан.
Әуелі паруардегер соны айтайын
Жаратқан иемді айтпай, нені айтамын. 
Той қылса қара қазақ әркім де айтар, 
Бұл тойда топтан озған мен айтайын.


292
Сөйлемес бөтен қазақ мен тұрғанда, 
Аузымда тәңірі берген жел тұрғанда. 
Мен кімге сөз сөйле деп жалынамын
Өлеңім айтатұғын кең тұрғанда. 
Бұ тойда не берсе де мен аламын, 
Дәнеңе жоң шұқанаққа көл тұрғанда. 
Құдайым қуат бергей таңдайыма,
Әр түрлі өлең келді жағдайыма.
Тойында Байекемнің сөз сөйлейін, 
Бітпесе өсек қылып маңдайыма.
Байеке баласында жаман бар ма, 
Баласы жаман деген заман бар ма?! 
Той етіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы, 
Болған соң хақ бұйрығы амал бар ма?!
Атаңыз қиналады кетеді деп, 
Қайсы қыз шырағыма жетеді деп. 
Көшкенде көштің көркі көгершінім, 
Қадірі кетсе мұның өтеді деп.
Атаңыз қиналады сіз кеткенге
Көзінің қарашығы қыз кеткенге. 
Табылмас Байекеме сіздей бала 
Алты жүз арғымақпен іздеткенге.
Атаңның қиналғанын көріп келдім, 
Май салған қорғасындай еріп келдім. 
Ау Ата–Ау Анадан қалған жол деп, 
Насихат білгенімше беріп келдім.
Той етіп қыз ұзатпақ хақ бұйрығы
Адам мен Ау Ананың тап бұйрығы. 
Біздерге жеңешең де еріп келген 
Біреудің әспеттенген ақ құйрығы.


293
Той етсе, әдепсіз қыз көп жылайды, 
Айтсын деп бауырмал қыз деп жылайды. 
Той етіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы, 
Болған соң хақ бұйрығы, тек жылайды.
Алғаның хан Жәңгірдей бақты болсын, 
Алтыннан күміс пенен тақты болсын. 
Ақ үйің ойда тұрған қырға қонсын, 
Ақ тісің аузыңды ашсаң нұрға толсын. 
Үйіңе үлде менен бүлде толсын, 
Болмаса күндіз пұрсат, түнде толсын. 
Жасаған айтқан сөзім түс келтіріп, 
Үйіңе қыдыр Ілияс келіп қонсын.
Басымды қоса берме төменменен
Семірмес қаз ормаса, жегенменен. 
Алдыңа аз ғана сөз әңгіме айттым, 
Асылдың азы жақсы дегенменен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет