А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет103/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

жар-жар.
Жар-жар қыз ұзатар үйде ұзататын қызды жұ- 
бату үшін айтылатын өлең. Жар-жарды екі жақ болып бас-
тап, соңынан бір жақты етіп жібереді. Олай болу себебі: 
жұбатушының сөзіне әуелі жауап қайырылып отырады. Сонан 
соң жұбату сөз қыздың жақындарын жұбатуға ауып кетеді. Екі 
жақ болған жерінде жұбатушы жақ жігіттер болып, қарсы жағы 
қыздар болып айтады.
М ы с а л д а р: 
Ж ұ б а т у ш ы ж а ғ ы:
1) Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар! 
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар! 
Әкем-ай! – деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар! 
Әкең үшін қайын атаң онда болар, жар-жар!
Қ а р с ы ж а ғ ы:
Есік алды құба тал майда болсын, жар-жар! 
Ақ бетімді көретін айнам болсын, жар-жар! 
Қанша жақсы болғанмен қайын атамыз, жар-жар! 
Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар!


294
Ж ұ б а т у ш ы ж а ғ ы:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар! 
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар! 
Шешем-ай! – деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар!
Шеше орнына қайын енең онда болар, жар-жар!
Қ а р с ы ж а ғ ы:
Есік алды құба тал майда болсын, жар-жар! 
Ақ бетімді көретін айнам болсын, жар-жар! 
Қанша жақсы болғанмен қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын әжемдей қайдан болсын, жар-жар!
Мұнан әрі қарай аға, жеңге, сіңілі турасында да осы ретте 
айтылады.
Е с к е р т у: бастапқы ылғи айтылатын екі жол:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, 
Қырық кісінің ақылы ханда болар, –
дегеннің орнына:
Алып келген базардан қара насар
Құйрық сәукеле шашың басар, – 
деп те айтылады. Жауаптағы айтылатын екі жол:
Есік алды құба тал майда болсын, 
Ақ бетімді көретін айнам болсын, – 
дегеннің орнына:
Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, 
деп айтылады.
2) Қыздың жақындары туралы айтылатын жар-жар былай 
келеді:
Шымылдығың серпе сал, көрсін әкең, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып төксін әкең, жар-жар!
Жылда-жылда ноғайдан пұл аламын, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым десін әкең, жар-жар!
Шымылдығың серпе сал, көрсін шешең, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып төксін шешең, жар-жар!
Жылда-жылда боқшама бояушы едім, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым десін шешең, жар-жар!
Осы ретпен ағасы, жеңгесі, сіңілісі, інісі туралы да айтыла-
ды.


295


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет