А. Байтурсынов 1-том final indd


і. әуезе яки әңгіме түрлі сөздер



Pdf көрінісі
бет114/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

і. әуезе яки әңгіме түрлі сөздер:
1) Ертегі жыр, 2) тарихи жыр, 3) әуезе жыр, 4) ұлы әңгіме 
(роман), 5) ұзақ сөз, 6) аңыз өлең және әңгіме, 7) көңілді сөз, 
8) мысал, 9) ұсақ әңгімелер.


326
іі. толғау табына қарайтын сөздер:
Толғау түрлері де толып жатыр, оның ішіндегі негізгі түрлері 
мыналар:
1) Сап толғау, 2) марқайыс, 3) налыс (мұңайыс), 4) на-
мыстаныс, 5) сұқтаныс, 6) ойламалдау.
Ойламалдау түрі көп, ойламалдаудан бөлініп: 1) сөгіс 
толғауы яки даттау, 2) күліс толғауы яки күлкілеу, 3) масқаралау 
шығады.
Күлкілеудің өзі үш түрге бөлінеді: а) мазақ, ә) мысқыл,
б) қулық.
Қулық та екі түрлі: бірі – сықақ, екіншісі – әзіл.
ііі. Айтыс-тартыс табына қарайтын сөздер:
Айтыс-тартыс табына кіретін сөздер түрі де толып жатыр. 
Оның ішінде негізгі басты түрлері мыналар:
1) Айтыс сөз, 2) тартыс сөз.
Тартыстың өзі басты-басты үш тарау болып бөлінеді:
1) мерт яки әлектекті тартыс (трагедия), 2) сергелдең яки азап-
ты тартыс (драма), 3) арамтер яки әурешілік (комедия).
Тартыс күйге ән-күй қосылса, тартыс зауықты деп атала-
ды. Тартыс сөз қу тілді болса, қулықты деп аталады; қисыны 
қызық болса, күлдіргі тартыс болады; сиқыр мазмұнды тартыс 
сиқырлы деп аталады.
Қазақ әдебиетінде бұл түрлердің кейі бар, кейі жоқ. Кейі 
жеттікпеген, шалалау, балалау түрде. Бар түрлері төменде 
қазақ әдебиетінің жаңа дәуірінен басталып, тиісті сипаттары-
мен көрсетілмекші.
і. әуезе түрлері
1. ертегі жыр. Ертегі жыр деп өлеңмен айтылған ертегі 
айтылады. Сындар дәуірдің ертегісі бұрынғының ертегісінен 
сындарлығымен айрылады. Ақындар ескі ертегіні ажарлап
ертегі жыр етіп шығарады яки өз тақырыбымен, өз қиялынан 
шығарады. Жаңа дәуірдің ертегі жырлары Мағжан жазған 
Сыздық батыр турасындағы ертек, Пушкиннен аударылған 
«Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» сияқты ертегілері бо-
лады.


327


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет