А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет65/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

1. сӨз әУезДіліГі
Сөздің әуезділігі ішіндегі дауысты-дауыссыз дыбыстар 
оңтайлы орналасуынан болады. Дауысты дыбыстар мен дау-
ыссыз дыбыстар аралатпа болып келмеген жерде яғни кілең 
дауысты дыбыстар яки кілең дауыссыз дыбыстар қатар келген 
жерде сөз айтуға оңтайлы болмайды. Қазақ тілінде қайсысы да 
болса қатарынан бір жерде екі дыбыстан артық болып келмей-
ді.
Дауыссыз дыбыстардың қатарынан екеуі келуі сөйлеу 
әуезділігіне онша кемшілік келтірмейді. Дауыссыз дыбыс-
тар қатар келетін сөздер «жаттықтыру», «аптықтыру» деген 
сияқты болады. Бұларда қатар келген дауыссыз дыбыстар 
екеуден артық емес және сөздің үнін азайтып, айтуға онша 
оңтайсыздық келтіріп тұрған жоқ. Қазақ тілінде дауысты 
дыбыстардың қатарынан бір сөздің ішінде келуі тіпті бол-
майды. Қатарынан келетін кездері қос сөздерде, не екі сөздің 
бірінің аяғы, бірінің басы дауысты дыбыс болып келетін жерде 
болады. Мәселен, сары үй, торы айғыр, қазба үй, қара өлең, 
ата тегін қуса игі еді. Қара маса екен, бала емес, баласы еді, 
қырдағы үй, кесе-аяқ, мосы ағашы деген сияқты сөздер. Дауыс-
ты дыбыстардың бұл сияқты қатарынан келуі айтуға оңтайсыз 
болып, сөздің әуезділігін кемітеді. Бұл кемшілік қазақ тілінде 
көбінесе екі дыбыстың бірін айтып, бірін айтпаумен ғана сезіл-
мейді. Айтқанда «сары үй» демей, «сарүй» дейді. «Торы айғыр» 
демей, «торайғыр» дейді. Басқаларын да солайша бір дыбыс-
пен айтады. Мәселен, «қуса игі еді» деген сөздерді «қусегеді» 
етіп айтады. «Баласы екен» яки «бала екен» деп дыбыстарын 
түгелдемей-ақ, «баласекен», «балекен» дейді.


202
2. сӨйлеУ әУезДіліГі
Сөйлеу әуезділігі буын екпіні мен сөз екпінінің қолайлы 
орналасуынан болады. Әуелі буын екпіндерінің арасы тым 
жақын келсе иә алыс келсе, әуезділігінде кемшілік болады. 
Тым жақын болып келу өңшең қысқа сөздер бір өңкей келгенде 
болады да, тым алыс болып келу өңшең ұзын сөздер бірөңкей 
келгенде болады.
Сөйлеу әуезділігі түрлі сөздердің үндері орайласып, ұнам- 
ды құралуынан болады. Олай құрастыру сөйлеушінің яки 
жазушының шеберлігін талғайды. Сөздің кестесін келтіріп 
айту деген сөз Абайдың «тілге жеңіл» деген сөзі – бұлардың 
бәрі сөйлеу әуезділігіне тиісті сипат туралы айтылған сөздер. 
Сөз кестелі келсе, құлаққа жағымды болады. Құлаққа жағымды 
болуы әуезділік болады, сондықтан да ондай сөздердің сөйлем- 
дері өрнекті сөйлем деп аталады. Өрнекті сөйлемдердің 
өлеңдісі де, өлеңсізі де болады. Өлең біткеннің бәрі әуезді 
сөйлеу табына жатады.
Қысқасынан айтқанда, әуезділікке жағдайлы-жағдайсыз ке-
летін шарттар мынау:
Сөйлеу құлаққа жағымды болмайды:
а) дауысты-дауыссыз дыбыстар ұйлығып қатар келгенде;
б) сөйлемдер дұрыс жасалмаған кезде, мәселен, сөйлем 
мүшелері орнына қойылмағанда, иә тұрлаусыз мүшелері кө- 
бейіп, сөйлемді ауырлатқанда яки басыңқы сөйлем мен бағы- 
ныңқы сөйлемдер жапсарлары дұрыс келмегенде.
Сөйлеу құлаққа жағымды болады:
а) сөйлемдер дұрыс жасалғанда, өрнекті сөйлемдердің кес-
телері келісті жасалғанда.
б) өлеңді сөйлемдердің өлшеулері дұрыс келгенде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет