А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет60/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

әсерлеу (лептеу)
Әсерлеу деп сөздің әсерін күшейтіп сөйлеуді айтамыз. 
Әсерлеу көңіл күйінен шығып, көңілге күй түсіреді. Көңіл 
қалыпты, тыныш күйінде тұрғандағы адамның аузынан шыққан 
сөз бен көңіл көтеріңкі иә бәсең уақытта адам аузынан шыққан 
сөздің екеуі бірдей болмайды. Әсерлеудің көбінесе айтыла-


186
тын түрлері мынау: Арнау; қайталақтау; шендестіру; дамыту; 
түйдектеу; бүкпелеу; кекесіндеу.
1. Арнау. Арнаудың өзі үш түрлі болады: 1. сұрай арнау; 2. 
зарлай арнау; 3. жарлай арнау.
1. Сұрай арнау мысалдары:
Не жазып ем, Құдай-ау, мен қазаққа?
Мүбтәла қып салғандай мұнша азапқа.
Адамшылық есебіне кірісіп,
Қолы жетсін дегеніміз бе азатқа?
Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным?
Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым?
Аштан өлген аталарың бар ма еді?
Тамақ үшін сатқан иттер иманын.
 (Маса)
У-шу боп қыбырлаған төрт түлік мал,
Есетін солтүстіктен салқын самал.
Апырым-ай! Қандай жауыз тағдыр деген,
Бұйырған тұтқын болып жат та, қамал.
 (Мағжан)
Барма, топқа шақырмай,
Жат үйіңде, шатылмай!
Шыдармын ба, япырым-ай,
Жатуға шықпай үйде енді!
Қатыныңның ойнасын,
Көрсең, білсең қоймасын.
Не ойлар едің өз басың?
Сонымен тең біз де енді.
 (Абай)
Алдымызда көрінген,
Балабамның таулары.
Артымызда көрінген,
Үргеніштің аңғары.


187
Енді бізге күн қайда,
Қайтып соған барғалы?
А, дариға, дүние-ай!
Көкірегімнің арманы.
Күндер қайда басқандай?!
Еттім қайрат мен жаста.
Хан қарадан жасқанбай
............................................
Құдірет Алла, не жаздым?
Бір сағатта тосқандай! 
(Жүсіпбек пен Ақыметбек)
Желі толған сар түйе
Ағажан, кімге тапсырдың?
Қора толған ақты қой
Ай көке, кімге тапсырдың?
Тоғай толған мың жылқы
Күн көке, кімге тапсырдың?
Тоқсанда әкең Тоқтарбай
Алпыста шешең Аналық
Бірге туған мен зарлық
Ақ көке, кімге тапсырдың?
 (Қобыланды батыр )
2. Зарлай арнау мысалдары:
Ойпырым-ай, Алла-ай, жасаған!
Қысылды ғой шыбын жан.
Қуат кеміп барады.
Көп болды мынау аққан қан,
Тәңірі, өзіңе жылайын!
Хал жоқ, қалай тұрайын?!
Жүректі жара жеп барад,
Жасаған-ау, қалай шыдайын?!
.................................................
Сауықшыл есіл елім-ай!
Сарыарқа сайран жерім-ай!
Күмістей таза суы бар,
Айдын шалқар көлім-ай!


188
...................................................
Қиналдың-ау, шыбын жан,
Тоқталсайшы ыстық қан!
Зарлайсың ғой жетім боп,
Бесікте қалған балапан!
 (Мағжан)
3. Жарлай арнау мысалдары:
Бұл сөзге құлағың сал, ақын інім,
Ой-пікір, рухымыз жақын інім!
Ағалық правосын қолыма алып,
Келемін айтайын деп, ақыл інім!
 (Маса)
Қара палуан Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек.
Жетім қалған халқыңа
Тұлға болып артыңа
Кім тиянақ қазық ед?!
 (Маса)
Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім,
Күйленіп, бұрынғыдай керне, көңілім!
Қамығып, жабырқадың неге мұндай?
Талпынып көкке құлаш серме, көңілім!
 (Сәкен)
Ассалаумағалейкум, батыр Ерден!
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы кердең.
Ішінде көп қарғаның бір бүркіттей,
Көзіме көрінесің келген жерден 
 (Орынбай ақын)
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!


189
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
(Алтынсары Ыбырай)
Пір Назар, Смайыл мен Жүсіп Назар!
Тілімді алсаң мұныңды қой, мырзалар!
Бар ма еді құлағыңда қалған нақыл,
«Тозған қудан топтанған қарға озар».
 (Бұдабай ақын)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет