2. Қайталақтау. Бір сөзді яки лебізді қайта-қайта айту
қайталақтау деп аталады. Ондай қайта-қайта айту нәрсенің
өзіне яки ғамалына көбірек назар салғызу үшін істеледі. «Кітап-
ты әпер деймін, кітапты» дегенде кітапқа назар салғызу үшін кі-
тапты қайта-қайта айтамыз. Бару ғамалына назар салғызу үшін.
«Қарай-қарай көзім талды» дегенде яки «Сұрай-сұрай мезі
қылды» дегенде көздің талуының, мезілеудің себебіне көбірек
назар түсіру үшін «қарау» мен «сұрау» қайта-қайта айтылып
тұр. Сол сияқты бір сөзді қайта-қайта айту шығарма сөздерде
де болады. Шығарушы бірдемеге көбірек назар салғысы кел-
генде соны қайта-қайта айтады.
М ы с а л д а р:
Мен кетемін, кетемін,
Мен кеткенмен айдалаға кетпеймін.
Айналып елді өтемін.
Қадір білмес бұл итке,
Қарашы болып не етемін.
(Ер Тарғын)
Ой деген – у,
Ауызға салсаң, қандырад.
Ой деген – у,
Жанды есінен тандырад.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем
Күннен туған, гүннен туған Пайғамбар.
190
...............................................................
Күншығыстан таң келеді, мен келем,
Көк күңіренед, мен де көктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, күн берем!
(Мағжан)
Қазақ тілінде қайталақтау жоғарыда айтылған мәністен
басқа жөнмен де айтылады. Бірдеңенің көптігін көрсеткенде
соны қайта-қайта атап көрсетеміз. «Көре-көре көсем болар»,
«Сөйлей-сөйлей шешен болар» дегенде «көсем болу» мен
«шешен болудың» себептеріне назар салғызу мақсаты да бар.
«Көру» мен «сөйлеудің» көптігі де көрсетіледі.
М ы с а л д а р:
1. Жылы-жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.
Қатты-қатты сөйлесең
Кәпір діннен шығады.
2. Қора-қора қой жатыр,
Қарын-қарын май жатыр.
Түйе-түйе жүк жатыр.
Ауыл-ауыл ел жатыр.
3. Жол бойы көргеніміз егін де егін,
Қағазды жол-жол қылып сызды.
Биік-биік ағаштар тұр,
Басында бүркіт ұясы.
4. Асқар-асқар, асқар тау,
Асқардың ақ сұңқары
Ылдидың аңын шалар ма?!
Қазақ тілінде біреуге арнай сөйлегенде де бір сөз қайта-
қайта айтылады.
М ы с а л д а р:
1. А, Бозмұнай, Бозмұнай,
Берер ме екен бір Құдай?
191
Ертеменен кеткен қой
Жетермін бе, жаяулай?
Сен алпысқа жеткенде,
Мен елуден өткенде
Біздей екі сорлыға
Енді берсін не Құдай?!
(Ер Сайын)
Ей, Қарт Қожақ, Қарт Қожақ,
Атыңның басын тарт, Қожақ.
.................................................
2. Бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау,
Бұлдырап тұрған құрғыр тау.
Үш атамыз өткен тау,
Үш мың қара біткен тау.
................................................
(Радловтан)
Қожыр-қожыр тастарым,
Көзімнен ағар жастарым.
(Досқожа ақын)
Қайталақтау бір нәрсенің ғамалын, күйін еліктеген орын-
дарда келеді. М ы с а л д а р:
1. Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күрең мінген бар ма екен?!
Күдеріден бау тағып,
Күпі киген бар ма екен?!
2. Жалп-жалп еткен жапалақ
Жапалақ жазда кімге жолдас болмаған.
Жағы түкті хайуан
Мұңдантып кімді жаяу салмаған.
3. Алып-алып, алып басқан
Арабы торым өзіңсің.
Балдағы жауһар, сабы алтын
Алдаспан атым өзіңсің.
(Би сөзі)
192
4. Он екі айдың еркетайы Май келді,
Жұлдыздар да жымыңдады, ай күлді.
Қалың қардың құшағынан құтылып,
Сылдыр-сылдыр, сылдырлады, сай күлді.
.....................................................................
Сөйлетіп қоя берсек сөзге тақ-тақ,
Күлкісі күміс сылдыр емес, сақ-сақ.
......................................................................
Шық-шық деп соғып тұр.
Тоқтаусыз бұл сағат.
Дүниеде неғып тұр
Адамзат бір сағат
.....................................................................
Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.
(Мағжан)
Қайталақтаудың бір түрі еспелеу келеді. Арқан яки тарамыс
ескен сияқты алдыңғы пікірдің аяғын соңғы пікірге қатыстырып
қайта айтатын қазақта ақындар бар. Бір сөзді көп қайтара айтып
қайталақтағанда сөздің әсері мылжыңдықтың әсеріне айналып
кетеді; бір сөзді екі-үш қайтара айтқанда сөз пысықталған,
нығыздалған, ширатылған іспетті болады. Сондықтан еспе-
леп қайталақтауды шамалы қолданбаса, маңыздаудың орнына
мылжыңдау болып кетуі оңай.
Еспелеп қайталақтау мысалдары:
1. Тілегім күннен-күнге артылады,
Қазынаң бермегенге тартылады.
Жар болған тар болғанда пірлерді айтып,
Күндіз-түн қызыл тілім шарқ ұрады.
Күндіз-түн шарқ ұрады қызыл тілім,
Болмай тұр саудағыдай ашық күнім.
Бір Құдай жігіттікке қайғы салма,
Жасым бар жиырма жеті, тауық жылым.
193
Жасым бар жиырма жеті, жылым тауық,
Сөйледім құрбы ішінде болып сауық.
Райы ауруымның қайтпаған соң,
Дертімнен бұрынғыдан қылдым қауіп.
Дертімнен бұрынғыдан қауіп қылдым,
Шығарып ой сәулесін жарық қылдым.
Ойладым соның тілі тиді ме деп,
Назарда Ақымет пен Арық құлдың.
(Әбубәкір)
2. Бір Алла, мал мен басқа қаза бердің,
Күніме жаяулықпен жаза бердің.
Сіздерді көп беймаза еткенімнен,
Ұялып ортаңызға азар келдім.
Арқама тарыққанда сүйеуім деп,
Ортаңа бұл қазамды шаға келдім.
Ортаңа бұл қазамды келдім шаға,
Дос етпес, дұшпан болса етер таба.
Ер жаяу өз жұртында болмасын деп,
Бас болып ойға қалса әрбір аға.
Байларды сақау атты Алла сүйер
Мұсылман құл бір-біріне етсін пана.
Мұсылман құл етсін пана бір-біріне,
Паналық қайыр ықсан жан тіріде.
Біз қасық, халық дария түгесілмес,
Тілекші біз қартыңыз әр күнінде.
Тілекші әр күніңде біз қартыңыз.
Жомарттық етсең келер қуатыңыз.
Жыл сайын қажетімді сізден алып,
Келгенде болып қайтқай мұратымыз.
(Қубала ақын)
Достарыңызбен бөлісу: |