А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет66/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

Өрнекті сөйлемдер
Өрнекті сөйлемдер деп құрмалас сөйлемдердің бастары 
қосылып, кестелі болып құралуын айтамыз. Ондай сөйлемдер 
нақ текеметке яки кілемге салған түр сияқты болмағанмен 
өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда, дау-


203
ыс көтеріліп, төмендеп, әнше оралып, қайырылып отырады. 
Сондықтан өрнекті сөйлем оралым (яки шұбыртпа) деп атала-
ды. Оралым екі мүшелі болады. Бір мүшесінде пікір тақырыбы 
болады да, екіншісінде пікір баяны болады, сондықтан бас- 
тапқы тақырыпшы мүше делініп, екіншісі баяншы мүше де-
лініп айтылады. Өрнекті сөйлемді иіріп-жиырып, жай сөйлем- 
ге айналдыруға болады. Жай сөйлемді жайып, далитып, өрнекті 
сөйлемге айналдыруға болады, өйткені өрнекті сөйлем қанша 
үлкен болғанмен яғни ішіне кіретін сөйлемдер қанша көп 
болғанмен бәріне қазық болатын бас пікір жалғыз-ақ болады. 
Ол пікірді көп сөйлеммен ұлғайтып айтуға да, шағындап, аз 
сөйлеммен айтуға да болады. М ы с а л ы:
1. Қисапсыз бай болсаң да Қарынбайдай, 
Сақи боп мал шашсаң да Атымтайдай
Патшадай Әмір-Темір дін түзетіп, 
Болсаң да әйдік батыр Арыстандай, 
Болсаң да Жиреншедей тілге шешен, 
Ақырда жатар орның тар лақат жай.
 (Алтыбас Ақмолда)
Мұны шағындап аз сөйлеммен былай айтуға болады: «Бай 
да, сақи да, патша да, батыр да, шешен де – бәрі де ақырында 
бір өлмек».
2. «Халық басына қайғылы күндер туған заманда қайрат 
көрсетпеген азамат азамат емес» деген пікірді көп сөйлеммен 
ұлғайтып, былай айтуға болады: «Қаптаған қара бұлттай тор-
лап, түрлі пәле халық басына орнап, не қыларын біле алмай, 
ақылынан адасып, жұрт алақтап азаматын іздеген шақта, бар 
шырағын жақпай, бар қайратын сарып қылмай, өз басының 
амандығымен болып, ұранға шаппаған азамат – ол халық ал-
дында жоқ азамат, не ол жаны бар болғанмен, жануарлықтан 
шықпаған азамат. Не қызатын қанын, ашитын жанын басының 
пайдасына, бастықтық орынға, патшаның аңғарына сатқан аза-
мат болады».
(Темірше)


204
а) себепті оралым. Баяншы мүшесі тақырыпшы мүше- 
сін дәлелдей баяндағанда, оралым себепті деп аталады.
М ы с а л ы:
Көлден ұшқан қалбаймын
Жаманның тілін алмаймын, 
Хақ бұйырған сапардан 
Арыстаным, қалмаймын. 
Асыл достым, сөкпесең, 
Бұл сапарға бармаймын! 
Бұл олжадан алмаймын. 
Асқар тауды бел деген, 
Ақ бармақпен жем жеген, 
Ауырса жеммен емдеген, 
Өзінен басқа көрмеген
Өзінен басқа білмеген. 
Күтіп тұрған анасы –
Өзі әйелдің данасы, 
Тұлпар туған Бурылдың 
Қырық үш күні кем деген.
2. Кеткен кісі келе ме?! 
Алғанын Тәңірім бере ме?! 
Арыстан туған батырлар 
Қатынға билік бере ме?! 
Қатын тіліне ере ме?
Әр талапқа шығарда, 
Қатыным деп тұрар ма? 
Асыл туған Қобыланды 
Қатынға ақыл салған соң, 
Қатынның тілін алған соң
Неше батыр болса да, 
Басында билік жоқ адам, 
Арыстан туған құрдасжан, 
Қатын емей немене?!
3. А ... Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап 
би болайын деген ұл екенсің; Алдыңа келсе әділдігіңді аяма, 
аймағың кетпес қасыңнан. Қол бастап жол алайын деген ұл 


205
екенсің, жолдастың мыңын алма, бірін ал! Мың кісіге бір кісі 
олжа салатұғын, олжаңды аямасаң жолдасың қалмас жаныңнан. 
Жүз жиырма алтыға келіп отырмын. Жас күніңде қалың бер де, 
қатын ал; қартайған соң өкінбе, ұлым! Жігіттің хан болатын, 
қатынның ханым болатын уақыты сол. Қару жисаң, мылтық жи 
жаяу жүрсең – таяғың, қарның ашса – тамағың.
ә) Мақсатты оралымӨрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі 
тақырыпшы мүшесін мақсаттай баяндаса, оралым мақсатты 
деп аталады. М ы с а л:
Тобыршық атқа зор салды
Ақ алмасқа қол салды. 
Қамшы басты сауырға, 
Екпіні ұсап дауылға. 
Тобығы меңді торы атпен 
Қобыланды шапты ауылға 
Қатуланып қаттанып, 
Буырқанып бұрсанып, 
Мұздай темір құрсанып, 
Қабағынан қар жауып
Кірпігінен мұз тамып, 
Ар жақ пенен бер жаққа 
Найзасын ұстап бармаққа, 
Аттанбаққа қалмаққа 
Құдай жолы шалмаққа. 
Сөзге сынық қылды деп, 
Батыр кейіп келеді. 
Егер шықса алдынан 
Бұлаңдаған Кұртқаның 
Басын кесіп алмаққа.
б) Ұқсатпалы оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі 
тақырыпшы мүшесін ұқсата баяндаса, оралым ұқсатпалы деп 
аталады. М ы с а л:
1. Асыл туған Ақжүніс, 
Күнді бұлт құрсайды
Күнді байқай қарасам, 
Күн жауарға ұқсайды; 


206
Айды бұлт құрсайды; 
Айды байқап қарасам, 
Түн жауарға ұқсайды; 
Көгілдірін еріткен 
Көлдегі қулар шулайды; 
Шулағанға қарасам, 
Көктен сұңқар суылдап
Соғылғанға ұқсайды! 
Бойды байқап қарасам, 
Қол-аяғым созылып, 
Аузы-мұрным суынып 
Хақтың маған бұйрығы 
Таянғанға ұқсайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет