Жоспар: Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер туралы түсінік Оңашаланған айқындауышты сөйлемдердің ерекшеліктері Мазмұны



Дата06.05.2023
өлшемі16.25 Kb.
#473284
Қаз т сро 14


Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер
Жоспар:
1.Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер туралы түсінік
2. Оңашаланған айқындауышты сөйлемдердің ерекшеліктері
Мазмұны:
Қазақ тілінде жалпы айқындауыштардың өзі үш түрге бөлінеді: қосалқыайқындауыш, қосарлы айқындауыш және оңашаланған айқындауыш. Оңашаланған айқындауыш өзатына сай айқындалатын сөзбен тығыз байланысты келді. Айқындалатын сөзді не сөздер тіркесін негізгі сөз, негізгі сөз тіркестері деп қарап, айқындаушы бөлшекті тәуелді, бағынышты топ деп қарауымыз керек. Сөйтіп оңашаланған айқындауышты сөйлемдер дегеніміз белгілі бір сөйлем мүшесін түрлі жақтардан айқындап дәлдей түсу жағдайында қалыптасып отырады. Осыған орай да мұндай сөйлемдер не болмаса осыған ұқсаса конструкциялар өздері айқындайтын сөзден кейін жұмсалады. Оңашаланған сөйлемдер мен бағыныңқы сөйлемдердің кейде жақындасып келетіндігі кейбір түркі тілдерінің әдебиеттерінде де сөз болады. Мәселен осы жайды башқұрт тілінің маманы К.З.Ахметов нақтылы сөйлемдерді талдай көрсетеді.
1. Без, йәйләүгә килеп еткәс, аттарзы тұғарып, һалқын алдырырға була, ағас күләгәһенә бәйләп күйзык (М.Ғ.).
2. Тау араһы һалкынсарак хәлгә кергәс,йылкылар әкренләп тау араһына ашарға тарала башланылар (М.Ғ.)
Автор осы сөйлемдердің алғашқысын оңашаланған пысықтауыш, екіншісіндегіні – бағыныңқылы сөйлем деп таниды.
Оңашаланған айқындауыштың кейбр түрлері тілімізде бұрыннан да болды. Әйтсе де оның кеңінен етек алып, белгілі бір жүйеде жиі қолдана бастауы, М.Б.Балақаев айтқандай, соңғы жылдардың жемесімен, орыс тілінің игілікті әсерімен тығыз байланысты.
Кейбір оңашаланған айқындауыштар сабақтас құрмаластың құрылысын еске түсіреді әсіресе оның мына тәріздес түрлерін айтамыз: «Полкан, ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр... (Ы.Алтынсарин). Міне, осы сөйлемдегі ит те болса сөзі аз алдына оңашаланып, өзінен бұрынғы қимыл иесі Полканның не екенідігін білдіруде айқындауыш мәнінде жұмсалған. Бұлайша жұмсалуда ол сөйлемдік ұрылысқада ие болған, алайда бұл жердегі сөйлем – жеке өз алдына сөйлем емес, бастауышты айқындау барысына байланысты айтылған тәуелді конструкция. Сөйтіп, осындай құрылыстағы сөйлемдердің ішінен сөйлем шығып жатады, алайда олар бағыныңқы болып танылмай, айқындауыштық мәнінде көрінеді.
А.Жапаров оңашаланған мүшелерді өз атқаратын қызметіне сай сөйлемнің «түсіндірме мүшелері» деп атайды. Оңашаланған айқындауыштың негізгі қызметі өзінен бұрынғы сөйлем мүшесінің мән-жайн толықтырып, соны айқындау болып табылады. Осыған орай айқындауыш мүшелер оңашадан айтылады да, өз алдына интонациялық жікке ие болады. Ал айқындалатын сөздер сөйлемнің барлық мүшесі де болып келе береді. Осындай құрылыста келетін оңашаланған айқындауышты сөйлемдерді өзара саралағанда, олардың қолданысы төмендігіше болады.
1. Бастауышты айқындай қолданылған оңашаланған мүшелер. Мұның өзінде оңашаланған мүшелер бір сапада қолданыла бермейді. Бірде оңашаланған мүшелер айқындайтын бастауыш сөзмен үйлесе айтылып, сол қимыл иесінің сапалық қасиетін әр түрлі дәрежеде білдіріп тұрса, енді бірде оның амалдық, қимылдық жағдайын көрсетіп тұрады. Кей уақытта оңашаланған айқындауыштар өз бастауышының салыстырмасы ретінде де жұмсалады. Бұл жайлар мына тәріздес сөйлемдертабиғатынан анық байқалады.
Бастауыштың сапалық қасиетін айқындау: Жас ет, үйіткен қойдың еті болғанада да, мынатабаққа тағы да өзгеше дәм бітіріп нәр берді. Бірақ осындай шат шадыман думанның тап ортасында боларлық кісі қалыңдық болса, Ділдә болса, ол әлі көрінбейді (М.Әуезов). Үстінде жасыл плащ, басында қызыл орамал – үйден кеткендегі киімі - әлде не айтпақ еді? (Д.Досжанов). Міне, осы оңашаланған мүшелер өзінен бұрынғы бастауыш сөздерінің мазмұнын түрлі жақтарда айқындап, оның бойындағы қасиеттерді саралай көрсетіп тұр.
Ал мына төмендегі сөйлемдерде оңашаланған айқындауышты мүшелер бастауыш сөзінің амалдық, қимылдық қасиетін білідіре жұмсаған. Мұндайда оңашаланған мүшелер баяндауыш сөзінің тиянақсыз формасымен аяқталады да, бағыныңқы сөйле құрылысын еске түсіреді. Алайда бұл жердегі оңашаланған конструкция бастауыш сөзіне тікелей байланысты айтылып, соның қимылдық әрекетін не болмаса амалдық қасиетін білдіріп тұрады. Осыған орай ол айқындауыш мәнде жұмсалып, сөйлем мазмұнын ашуға селбесіп отырады. Оңашаланған мұндай айқындауыштардың түрлерін бағыныңқы сөйлемдерден ажыратып отыруымыз керек. Бастауыштың амалы, қимылдық әрекетін білдіретін мұндай оңашаланған айқындауышты сөйлемдер мына тәріздес болып келеді.
Азын аулағы болса, осы қыстау маңын қысы-жазы жесе де, Бөктер шөбінің тұмсығын сындыра алмайды. Барлық жастар, саят қызығына қызумен берілсе де, Абайдың ендігі ақындық бұйрығын ынталай тосты. Біздей сусағанға қай ғалым олса да, соңына түссе, алтынасыл қазынадай (М.Әуезов).....
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі әдебиет
1. Уәли Н.М Графика. Орфография. Орфоэпия. – Алматы, 2018. – 250 б.
2. Ерғалиев Қ.С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. Оқу құралы.-Павлодар: ПМПИ баспасы, 2019. –135 б.
3. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын меңгертуде IT-технологияны пайдалану / А. С. Шардарбекұлы, 2019.
4. Мамаділ А.Е., Ерғалиев Қ. С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. Оқу құралы. Павлодар: ПМПИ баспасы, 2019. - 135 б.
5. Ибраимова Ж.Т. Қазақ тілі (пунктуация). (Оқу-əдістемелік құралы). - Алматы 2019.
6. Л. Ибраймова, А. Шормакова. Тіл білімінің өзекті мәселелері (мәтін). Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019.
Қосымша әдебиет
7. Орфографиялық сөздік. Алтыншы басылым. Құрастырушы: Н.Уәли, Қ.Кудеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова. –Алматы: Дәуір, 2018.- 720 б.
8. Ажарбеков Э.Н. Орфография және пунктуация мәселелері.
– Алматы, 2014
9. Қадырқұлов Қ. Емле ережесінің негізі — дыбыстық жүйенің дұрыстығы. –Алматы, 2018.
10. Қыдырниязова, А. . Орфография және тыныс белгілері.
- Астана: Фолиант, 2018. - 184б. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет