А.Қ. Бекболғанова жаңа педагогикалық технологиялар оқу құралы талдықОРҒан 2013



бет11/19
Дата02.03.2020
өлшемі326.12 Kb.
#448068
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
18.jana (1)

Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:



  1. оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу;

  2. оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, көп санды оқушылардың жақсы үйренуіне көмектесу.

«Игеріп оқу» теориясы оқытудың өте өнімді тәсілі болып саналады, оның ең өзекті мәселесі - оқушылардың айтарлықтай үйрету нәтижесіне жете алмауы олардың ақыл - парасат жағындағы кемістігінен емес, қайта, өз ерекшеліктеріне сай келетін үйрену уакыты мен оқыту көмегінің жетіспеуінен болады, егер мектеп оларды лайықты үйрету жағдайымен қамтамасыз ететін борлса, онда оқушылар оқытқан нәрселерді игере алады.

«Игеріп оқу» теориясының іс жүзіндегі маңызын мынадай бірнеше жактардан көруге болады, олар:



  1. Мұғалімнің оқушыны үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне

мүмкіндік береді. Әрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына сендіреді, мұғалімде оқыту үміті, оқушыда оқу сенімі болады.

  1. «Игеріп оқудың» сәтті болу - болмауы оның «кері байланыс пен толықтыру» барыстарының сәтті орындалу - орындалмауына байланысты болады. Дәстүрлі сыныптык оқытудағы ең басты қайшылық - біртұтас оқыту мен жеке қажеттілік арасындағы қайшылық, бұл қайшылық кей оқушылардың білімді үйрену қызьғушылығын жояды, ал дербес оқытудағы «дер кезінде кері байланыс орнату, толықтыру, үйренуді дұрыс жолға салуды» сыныптағы оқытуға шеберлікпен қолданатын болса, онда қызықты оқыту ортасы калыптасып, біліміне карай оқыту, барлық окушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту сапасын жан - жақты көтеруге жол ашады, - деп санайды Блум.

  2. «Игеріп оқу» - «Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы

анықтаған окыту нысанасына сай жүргізіледі. Бұл мұғалімнің оқытудағы сұрақ қою, түсіндіру, жаттығуды орындату, тексеру жүргізу барысындағы білім мен біліктік қатынасын толық меңгеруге, қателіктерден сақтануға немесе түзетуге, оқушылардың ұқсамаған сатыдағы үйрену өресіне жетуіне пайдасын тигізеді.

  1. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға баллдық жүйе бойынша баға беру ғана емес, қайта олардың үйрену белсенділігін жоғарылату құралына айналдырады.

Мұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға кысым түсіру емес, кайта, табысқа жетудің шаттығын сыйлайды.

  1. «Игеріп оқу» теориясы окушылардың үйрену барысындағы

жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, әсіресе оқуда нашар оқитын окушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дәмін татуға көмектесуге ерекше мән береді.

Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі - кері байланыс пен толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан аяқ қайталанып отыруы. Кері байланыс пен толықтыру сәтті жүргізілсе, оқыту барысында жасалған әрбір қадамның нәтижелілігін тексеріп, мұғалім мен оқушының уақытын үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады.

Сондықтан кері байланыс пен толыктыру окыту барысын меңгеру мен үздіктендірудің маңызды кұралы саналады.



Жалпы алғанда "Нысаналы оқыту технологиясы" қазіргі заманғы оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп үйрену және өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жаксы үйлеседі. Бұл оқыту технологиясының дәстүрлі окытудан басты ерекшелігі де, басты айырмашылығы да осында.

Деңгейлеп оқыту технологиясы

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, саралап және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.



Бұлар:әңгімелесуші - оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші - оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады.

Қарапайым жаттығу - мысалдармен оларды бекіткеннен кейін,

жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.

Деңгейлік тапсырмаларға, төмендегідей талаптар қойылады, олар: Бірінші деңгейдегі тапсырмалар:



  1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек.

  2. Алдағы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.

  3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады.

Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде - олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

Екінші деңгейдегі тапсырмалар:


  1. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген болуы керек. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады. Олар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.

  2. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретіндей болуы керек.

Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Оларға логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар жатады.

Үшінші деңгейдегі тапсырмалар:



  1. Танымдық іздену түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс талдау мен қорытындылау және салыстыру арқылы негізін анықтау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.

Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа

тапсырмаларға тап болады да, мәселелік жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.



  1. Әртүрлі әдіс, тәсілдермен орындалатын тапсырмалар құрастыру және оны өздігімен орындау, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмаларды орындау. Ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

  2. Өздігімен орындалатын, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

Төртінші деңгей тапсырмалары:

1. Оқушылардың алған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару) тапсырмалар. Олар:

Бірінші деңгей үшін - игерілгенді пысықтау мен қайталауға,



командалар мен операторлар қызметін жаттауға арналған. Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге оларды, тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.

Оқытудың осы жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекетіне арналған тапсырмалар күнделігі төрт деңгей бойынша қарастырылады, оқытудың мәселелік принциптер бойынша жүргізіледі және барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.

Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбак, сөзжұмбақ, ребустар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп

ұпай алуға тырысқан, себебі, ертеңінде жаңа тақырып басталатынын біледі.



Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған. Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет? « - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешу жолдары қарастырылған.

Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі.

Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады. Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мек бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау тек бағалаудың ерекшелігі неде? Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрді әртүрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады. Денгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны «есепке» алынып отырылады.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай, белгілі бір межеге жетеді, бұл нақты пән бойынша ең нашар үлгіретін оқушыға тірек білімін ғана меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні бойынша жоғарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне, уақытты үнемдеуіне себеп болады.

Сонымен әр оқушының, әр пәннен 100% үлгерімге қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың ең төменгі талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту мәселесін шешеді.

Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы, Осылайша, бір деңгейден бір денгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.



Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін - 15 ұпай, үшінші деңгей үшін - 30 ұпай. Ең жоғары

деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.



Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарынды қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.

Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушы өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомосқа белгілеп отырады.



Жинаған ұпайларын оқушылар 2-ші кестеде әр сабақтың соңында нүктемен белгілеп отырады.

Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график

шығады. Ол - оқушының даму мониторингі деп аталады. Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгерген қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.

Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі. Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз, шпаргалкасыз орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің нақты алған білімдеріне тиісті ұпайларын алады.

Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылаумен сыртқы бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар да оқушылардың даму мониторингтеріне белгіленеді.

Оқушының даму мониторингі, оның жеке басының қабілегіне қарай, тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушының даму деңгейі - басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен - өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға деген ізгілік қатынасты көрсетеді.

Бағалау жүйесінің негізі болып оқушы білімнің ең төменгі деңгейі алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді.

Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс орындауы міндетті.

Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері- оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы

оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.



Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықталды.

Мазмұнға байланысты міндеттер:



  1. Әңгімені оқып танысады.

  2. Мазмұнын ашады.

  3. Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту сын тұрғысынан ойлауды дамытуға

байланысты болады.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:


  1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

  2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды. З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.

4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

Өзара құрмет сезімін тудыру және басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу оның тәрбиелік мәнін ашады.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды

бірнеше тақырыптар көлемінде өткізуге болады. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.

Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. Сын тұрғысынан ойлау құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызу қажет. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді,



өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.

Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі:








Ескілер

Жаңалар

Оқушы

  • білім мен дағдыны игереді;

  • оларды мүмкіндігінше көп көлемде игеру;

  • материалдың көлеміне қарай

  • өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жетілдіру;

  • білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен




бағдарлау;

  • таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;

  • білім беру мен өмір сүрудің мақсатын дайын түрде қабылдау;




  • бақылаудан құтылуға ұмтылу.

қамтамасыз етілетіндей игеріледі;

  • бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз - өзінің жеке мақсаттарының қисынын еркімен таңдау мүмкіндігінің болуы;

  • келтіру және оларға жету тәсілдерін қою;

  • дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу.

Оқу үрдісі

  • тәжірибе мен білімді беру;

  • тұрақты білім негізінде оқыту;

  • еске түсіру немесе елестету, келтіру, даярлық әдістерін қолдану;

  • білім беру және оқу бағдарламаларының қатаңдығы.

  • оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру;

  • сыни тұрғыдан, талдауға бейім, логикалық ойлау негізінде оқыту;

  • өнімді іс-әрекет тәсілін оқыту, білімді алу тәсілдерін үйрену;

  • оқу және білім беру бағдарламаларының

икемділігі.

Нәтиже

  • оқушыларды болашақ тынышты, бір қалыпты, жоспарлы өмірге дайындау;

  • жоғарыдан сирек жаңа кіріспелер.

  • қазіргі мектепте, қазіргі ұжымда жайлы «өмірге» жағдай жасау;

  • өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру;

  • білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдіс.

Сонымен сыни тұрғыдан ойлау бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас

тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.

Оқытудың компьютерлік технологиясы

Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында:

«Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет. Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын.» деп атап өтті.

Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру- жауапкершілік сезімі мол, терең білімді, жаңа қоғамды жасаушы мамандар санының арта түсуін талап етеді. Білім берудің пәндік құрамы да толықтырыла түсуде. Информатика - іргелі және қолданбалы ғылым түрінде өндірістік күшті дамытудың және жаңа ақпараттық технологияның базасы ретінде, адамзат білімі жүйесіне өз үлесін қосып отыр және дербес меңгеруді талап етеді. Ақпараттандыруда - білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда ол заманауи технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып оларға ықпал етеді. Бұл мәселеде әсіресе жоғары кәсіби білім беруді жетілдірудің алатын орны ерекше.



Ақпараттық технология – объектінің, үрдістің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтер жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс.

Компьютерлік технология – компьютерлік өңдеу базасындағы ақпараттық технология.

Қоғамды ақпараттандыру келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:

-қоғам мүшелері әрекеттерінің тұрақты кеңейетін, баспа түрінде жинақталған ғылыми, өндірістік интеллектуалдық потенциалын белсенді пайдалану;

-қоғамдық өндірістің барлық салаларының дамуын іске асыратын ғылыми және өндірістік ақпараттық технологияларды интеграциялау;

-пайдаланылатын мәліметтердің нақтылығын, бейнеленетін ақпараттардың визуалдылығын, қоғамның кез-келген мүшесінің сенімді ақпарат көздерін пайдалануын, ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерісінің басым бағыттарының бірі білімді ақпараттандыру – білім беру саласын әдістемелік және техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбие берудің психологиялық- педагогикалық мақсаттарына негізделген заманауи технологияларды оңтайлы пайдалану болып табылады. Бұл үдеріс төмендегі әрекеттерді іске асырады:



    • білім беру жүйесін басқару механизмдерін автоматтандырылған ғылыми-педагогикалық қорларды, коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде жетілдіру;

    • қазіргі заманғы қоғамды ақпараттандыру шартында тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің ұйымдастырылған формаларын әдістерін, сұрыптау стратегиялары мен әдістемесін жетілдіру;

    • оқушылардың интеллектуалдық дамуына, өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға, ақпараттық-оқу, тәжірибелік-зерттеу әрекеттерін іске асыруға, ақпараттарды өңдеу бойынша өзіндік жұмыстардың әртүрлілігіне бағдарланған оқытудың әдістемелік жүйелерін құру;

    • оқушылардың білім деңгейін бағалау мен бақылауды айқындаушы компьютерлік тестілік бағдарлама жасау әдістемесін құру және қолдану.

Жалпы оқу орындарында ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттарын төмендегідей етіп бөлуге болады:

    • әр сабақта автоматтандырылған оқу жүйесін қолдану;

    • білім беруде ақпараттық білім ортасын мамандыққа байланысты қолдану ерекшеліктерін пайдаланып оқыту;

    • психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ақпараттық білім ортасын қолдану.

  1. Ақпараттық технологиялардың негізінде оқу-әрбие үдерісінің

барлық деңгейін қарқындату бағытында, яғни

    • оқыту үдерісі сапасы мен тиімділігін көтеру;

    • танымдық іс-әрекет белсенділігін көтеру;

    • пәнаралық байланыстарды тереңдету;

    • қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.

  1. Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту, ақпаратық қоғам жағдайындағы өмірге өзіндік дайындықтар, яғни

    • түрлі ойлау қабілеттерін дамыту;

    • байланыс жолдарына қажетті қабілеттілігін дамыту;

    • күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну;

    • компьютерлік графика мен мультимедиа технологияларын пайдаланып, эстетикалық тәрбие беру;

    • ақпаратты өңдеу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;

    • жағдайды немесе мәселені моделдей білуді дамыту;

    • тәжірибелі-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.

  1. Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни

    • ақпаратты сауатты тұлғаны даярлау;

    • тұтынушыны компьютер құралдарымен дайындау;

    • информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру.

Компьютерлік оқыту жүйесі:

Компьютерлік оқыту жүйесі – қашықтықтан оқыту білім беру үрдісінде кең түрде қолданылатын оқу белгілерінің бағдарламалық құралдары және мынандай жағдайлар туғызады:



    • оқыту үрдісін саралау және даралау;

    • білім алушы қателерінің диагностикасымен және кері байланысын тексеру;

    • өзін-өзі бақылау және оқу-танымдық іс-әрекетіне өзіндік түзетулерді қамтамасыз ету;

    • компьютердегі көп еңбек сіңіруді керек қылатын есептеулер есебінен оқыту мерзімін қысқарту;

    • көзбен шолу оқу ақпаратына демонстрация жасау;

    • құбылыстар мен үрдістерді үлгілеу және боямалау;

    • эксперимент пен тәжірибелерді, зертханалық жұмыстарды виртуалды шындық жағдайында жүргізу;

    • қолайлы шешімдерді қабылдауда іскерлік таныту;

    • ойын жағдайларын қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын арттыру;

    • танымдық мәдениетін және т.б. жеткізе білу. Аудио-бейне оқу материалдары және т.б.

Аудио-бейне оқу материалдары магниттік тасымалдауыштарда жазылады, білім алушыға магнитофонның, бейне магнитофондар немесе CD-ROM лазерлі жинақ-дисктердің көмегімен берілуі керек. Компьютерлік желілер- байланыс каналдарымен қосылған әр алуан түрлі ақпараттар мен компьютерлер жиынтығын қамтитын оқыту құралдары. Қашықтықтан оқытуда кең қолданылатын интегралды құрал ғаламдық желі INTERNET болып табылады.

Педагогикалық әдебиеттерде өте көп кездесетін бұл түсініктің анықтамаларын кең мағыналы талдау, оларды түсіндірудің екі негізгі тәсілін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші тәсіл, оқытудың ақпараттық технологиясын үйренушілердің таным деңгейінің заңдылықтарына сәйкес және ақпараттық өнімдерді аз шығынмен құру, жіберу, сақтау және бейнелеуді сипаттайтын мәліметтерді өңдеудің ең жаңа әдістері және құрылғыларын оқыту жүйесіне енгізу жиынтығын қолдану арқылы ұйымдастырылған дидактикалық үдеріс ретінде қарастыруды ұсынады. Екінші тәсіл қолданыстағы ақпараттық құралдар негізгі орынға ие болатын оқытудың белгілі бір техникалық ортасын құруды қарастырады.

Бірінші жағдайда технология - оқыту үдерісі ретінде қаралса, екіншісінде - оқу үдерісінде ерекше бағдарламалық-техникалық құралдарды қолдану жайлы сөз қозғалады.

Соңғы 10 жыл ішінде таратылған, білім беруді ақпараттандыру мәселелеріне арналған ғылыми, ғылыми-танымдық және ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді талдау, бүгінгі күнде шартты түрде техногенді деп атауға болатын екінші тәсілдің тиімді екенін айқындайды.



ХХ ғасырдың 80 - 90 жылдарында компьютерлік техника мен бағдарламалық жасақтаманың қарқынды дамуы оларды білім беру үдерісіне белсенді түрде енгізу қажеттілігіне алып келді. Бірақ оларды меңгеру, әсіресе оларды педагогикалық тәжірибеде қолдану сол кездегі оқу орындарының барлығына бірдей мүмкін болмады.

Сәйкес дайындық пен біліктілікке ие техникалық ғылым көшбасшы қызметін атқарды. Бағдарламалауға келмейтін, пән саласы нашар құрылымға ие болған гуманитарлық ғылымның бағыттары артта қалды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерте алатын психологиялық - педагогикалық зерттеулер көп өткізілсе де, мұның барлығы білім беруді ақпараттандырудың дидактикалық-әдістемесін және теориялық - әдістемелік негіздерін жасап шығарудың информатика саласындағы ғылыми - техникалық дағдарыстан әлде қайда артта қалуына алып келіп отыр.

Гуманитарлық бағытта білім беруде компьютерлік технологияларды қолдануға деген әртүрлі көзқарастар бар. Пікірлер шекті өлшемдерде, яғни компьютерлік технологияларды материалды меңгеруде қолдануды толық терістеу мен компьютерлік оқытудың мүмкіндіктерін толық қолдану аралығында өзгеріп отыр. Алғашқы және басқа тәсілдерде өзінің оң және кері әсерлеріне ие деген пікір туындауда. Осы екі әдістің нашар және күшті жақтары бойынша сөз етуді тоқтатып, қазіргі білім берудің басты мақсатына назар аудару қажет. Ал, ол білім беруді тәжірибеге мүмкіндігінше көп жақындатудан құралады.

Оқытудың компьютерлік технологиясына өту, оларды жасап шығаруға сынақтан өткізу мен енгізілуіне жағдай жасау, олардың дәстүрлі әдістермен сәйкес келу тәсілдерін іздеу өте күрделі болып, олар көптеген психологиялық - педагогикалық, оқу - әдістемелік және басқа да мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың ішіндегі негізгі бағыттар:



  1. Білім беру үдерісіне компьютерлік технологияларды енгізу мәселесіне қатысты бірыңғай ғылыми - әдістемелік тәсілді енгізу жолдары.

  2. Тәжірибелікқ тұрғыда оқу үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану әдіс - тәсілдерін ұсыну.

  3. Білім беру мекемесін материалдық - техникалық базасын жабдықтау.

  4. Қажетті әдістемелік құралдарды іздеу, өңдеу және жасап шығару. Қазіргі оқыту үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану -

заңды құбылыс. Бірақ оларды оқыту барысында қолданудың тиімділігі көп жағдайда «оқытушы - оқушы» деген күрделі қарым - қатынас жүйесінен туындайтын күрделі байланыс жиынтығындағы олардың алатын орнына тәуелді компьютерлік технологиялар оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасайды.

Бұрынғы кезде оқытушыларға әр бір оқушыны оқытудың жеке тәсілін табу қиын болатын. Ал қазір, компьютерлік желілер мен онлайндық

құралдарды қолданудың арқасында жаңа ақпаратты әрбір оқушының жеке сұранысына сай жеткізу мүмкіндігін алды.

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан келесідей қорытынды шығаруға болады: білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі келесі себептермен анықталады, олар:



    • білім берудің жекешелендірудегі ақпараттың технологиялардың көптеген мүмкіндіктері;

    • ақпараттық технологияларды қолданғанда және білім берудің сезімталдығын арттыру кезінде оқушылардың дағдысын жетілдіру;

    • байланыстардың кең өрісін қамтамасыз ету;

    • оқушылардың өз бетінше белсенді жұмыс атқаруына жағдай жасау;

    • кез-келген адаммен оның кеңістіктегі орнына және уақыттың айырмашылығына қарамастан интернет арқылы қарым - қатынас жасау;

    • оқу материалын сипаттаудағы, әсіресе динамикадағы құрылыстарды моделдеудегі көрнекіліктің жоғарылығы;

    • ақпараттық технологиялардың дамып келе жатқан барлық интерактивті мүмкіндіктері;

    • оқушыға ыңғайлы кез - келген уақытта ақпараттық технологиялардың қажеттілігі.

Қорыта айтқанда, білімді ақпараттандыру аясында білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, қабылданған білім құрылымының сапасын қалыптастырады.

Модульдік оқыту технологиясы

Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.

Осыдан келіп оқытушының жұмысында және оқу үрдісінің құрылымында өзгерістер болды. Атап айтсақ, білімді толық меңгерту әдістемесінде оқытушының жұмысы мынадай жүйеде құрылады (М.М.Жанпейісова бойынша):

Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;

Топта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;

Оқытушының материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.);

Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;

Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін сұхбаттық қарым - қатынас негізінде оқушының танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру;

Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;

Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы, т.б.) жүргізу.

Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін – өзі бекіту, қарым – қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклы ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен түрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер 7-12 сағаттан түратын оқу модулінің

неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімге 1-

2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.



Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы

құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Содан кейін оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша, сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық үрдіс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Бұл технологияны қолдану барысында мен оқу материалдарын дайындау көп уақыт талап ететінін байқадым. Ал қазіргі заманғы интерактивті құрылғылар дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге азайту мүмкіндігін береді. Сонымен қатар электронды материалдар қайта өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы болап табылады. Сонымен бірге интерактивті құралғыларды сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін, дайындықтарын арттыра түседі.

Модульдік оқыту технологиясы баланың тұлғалық психикалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Ал модульдік технологияны

интерактивті құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру сабаққа дайындық кезеңінде көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы педагогикалық ғылым білім мазмұнын бұрынғыдан өзгеше қарастырады. Қоғамда дамытушы, тұлғаға бағытталған технологиялардың енгізілу қажеттілігі туындап отырғаны айқын.

Бұл технологияның ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқу модулінің құрылымы кіріспеден, сұхбат (сөйлесу) және қорытынды бөлімнен тұрады.

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген

оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

Модульдік оқыту білім мазмұны , білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Алға қойған келелі мәселе – оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде білім алуына кепілдік береді.

Зер сала қарасақ, оқушынынң білімді меңгеру деңгейі талдаудан бастап, жинақтау мен бағалауда жоғарылай түседі. Технологияның да негізгі ерекшелігі осында. Оқушы бітімін шығармашылық деңгейде жетелеуде мәселе қойып оқытудың алар орны да ерекше.

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде білім алуына кепілдік береді.

Модельде 3 деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі.



3 деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар орындауы, білуі міндетті. 2 деңгей – бұған қарағанда күрделірек, ал 1 деңгейді – өзіндік пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай алады. Бағалау: 3 деңгей – «3», 2 деңгей - «4», 1 деңгей – «5» деген бағаның тапсырмасы. Тапсырманы орындау кезіндегі оқытушының ынтасы, жұмыс істеуге деген құштарлығы білім беру жүйесінде нәтижеге жеткізеді. Оқушылардың тапсырманы өз бетімен орындауы – шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сонымен қатар, топ оқушыларының қай пәнге икемді екенін байқап, әрі қарай дамытуға көп көмегін тигізеді. Оқушылар 1 деңгейді орындауға еліктеп, сабақтан тыс уақытта да өз бетімен жұмыс істеуге отыратын болады.

Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс- әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет