Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары
Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына қосылуы туралы алға қандай мақсат қойылып отыр?
«Тәлім - тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді», - деген тұжырымдаманың авторы кім?
Педагогикалық шеберхана технологиясы оқытушыдан нені талап
етеді?
Шеберхананы құрушы шебер қағидасы қандай?
Жаңа оқыту технологияларының ішінде компьютермен оқыту
технологиясының орны қандай?
Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегенімізді қалай түсінесіз?
Жас балаларға компьютердің қаншалықты қажеті бар?
Ю.Первин және оның әріптестерінің жеткіншектерге ерте жастан информатикадан дәріс беру жөніндегі тұжырымдарын қалай түсінесіз?
В.Буцик кіші мектеп жасындағыларға бастауыш компьютерлік сауат берудің қандай әдістемесін ұсынады?
Е.Смирнов та өзінің тұжырымдамасында қандай негіздерді енгізе отырып, әдістемелік жүйе ұсынады?
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
«Информатика элементтерін оқыту» тақырыбында баяндама жасаңыз.
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың
негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісіне элекрондық оқулықтарды енгізу туралы конспект жасаңыз.
«Электрондық оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім» тақырыбында реферат дайындаңыз.
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары
Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістерді қалай жетілдіруге болады?
А) оқыту үрдісін озық технологиялармен Б) ішкі себептермен
С) қаржыландырумен Д) мониторингпен
Е) білім беру жүйесімен
Шеберхананы құрушы шебер қағидасы неге негізделеді?
А) оқушы әрекетінің еркіндігіне, оның тұлғалық ерекшелігіне; ой талғамына құрметпен қарауға
Б) оқушылардың біліміне, ой еркіндігіне құрметпен қарау С) оқулықтар арқылы
Д) дәрістер жинағы арқылы жүргізілген сабақтарға құрметпен қарау Е) оқушылар арқылы жүргізілетін шараларға құрметпен қарау
Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз...
А) оқушының жеке басына көп байланысты болатын ерекше психофизиологиялық үрдістің өтілуі
Б) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру С) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
Д) оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасын жүйелі ұйымдастыру
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
В.Буцик кіші мектеп жасындағыларға бастауыш компьютерлік сауат берудің қандай әдістемесін ұсынады?
А) бірінші және төртінші сынып аралығында сызбалық және мәтіндік редакторлардың көмегі арқылы орындалатын тапсырмаларды біртіндеп күрделендіріп беру
Б) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру
С) дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі - бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыру
Д) оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасын жүйелі ұйымдастыру
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
Қазіргі уақытта кіші мектеп жасындағыларды оқыту үшін компьютерді пайдалану жөнінде неше бағытты айтуға болады?
А) төрт Б) бес С) алты Д) жеті Е) сегіз
Электрондық оқулықтардың қанша тиімді қосымша мүмкіндіктері
бар?
А) екі Б) төрт С) үш Д) бес Е) бір
Электрондық оқулықтардағы белгілі бір тақырыпқа қатысты
материал қанша экрандық беттен артық болмауы керек?
А) 2-3 экрандық беттен Б) 1-2 экрандық беттен С) 4-5 экрандық беттен Д) 6-7 экрандық беттен Е) 8-9 экрандық беттен
Қолданбалы бағдарлама арқылы нені жасауға мүмкіндік бар? А) презентация
Б) оқулық
С) дәрістерді Д) кітапты
Е) дәптерді
Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі қандай бағдарлама болып табылады?
А) MICROSOFT OFFICE кестесімен бірге қойылатын Місrosof Power Point қолданбалы бағдарламасы
Б) MICROSOFT OFFICE кестесімен бірге қойылатын Місrosof
бағдарламасы
С) MICROSOFT OFFICE кестесімен бірге қойылатын бағдарлама
Д) MICROSOFT OFFICE кестесімен бірге қойылатын кез-келген қолданбалы бағдарламасы
Е) MICROSOFT OFFICE кестесімен бірге қойылатын Місrosof ХР бағдарламасы.
Слайдтар неден тұрады? А) әр текті нысаңдардан
Б) оқу бағдарламаларынан С) жаңа кітап жазудан
Д) дәрістер жинағынан Е) жұмыс жоспарынан
Достарыңызбен бөлісу: |