179
Сондықтан балабақшадағы педагог мамандардың алдына қазақ тіліне тән дыбыстарды
дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорларын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру, байланыстыра
сөйлеуге дағдыландыру, тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсаты
қойылған. Қазақ тіліне оқытудағы негізгі міндет өзіне айтылған сөзді түсінуге үйрету,
қоршаған заттар туралы қарапайым тіл құралымен өз ойларын, сезімдерін айта алуға үйрету
болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер бір орында тұрмай үнемі
ізденісте болып, өзі
жаңа әдіс - тәсілдерді тауып, іс жүзіне асырып отыру керек. Сонда ғана оның еңбегі жемісті,
нәтижелі болады. «Балбөбек» бөбекжайы КМҚК тәрбиеленетін өзге ұлт өкілдері
балаларының қазақ тілінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын,
танымдық белсенділігін, тіл үйренуге деген ынтасын арттыру үшін жаңа технологияларды
қолдана отырып, инновациялық әдістермен жұмыс жүргізуді жөн санаймыз.
Балабақшада тілдерді үйрету бойынша оқу қызметінің негізгі мақсаты айтылым мен
сөйлеу болып табылады. Оқу қызметінде бала тілін дамытатын
дидактикалық ойындар
ойнатылады. Балалардың қызығушылықтарын туғызатын дидактикалық ойындар оқу
тапсырмалары бойынша лексикалық, грамматикалық және фонетикалық болып бөлінеді.
Лексикалық ойындар жаңа сөздердің мағынасын ашып бекіту мақсатында жүргізіледі,
балалардың сөздік қорын кеңейтіп, бекітеді.
Грамматикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қорын белсендіреді.
«Дүкенде не сатылады?» сөздік ойынын ұсыну арқылы грамматикалық формалар мен
құрылымдарды меңгертуге болады. Ойынды лексикалық тұрғыда күрделендіруге болады.
«Дүкенде нан (сүт, май) сатылады», «Нан қандай? Дүкенде тағы не сатып алуға болады? Ал
кітап сатып алуға болады ма?» Сонымен қатар «Грамматикалық лото», «Қуыршақты
киіндіреміз» грамматикалық ойындарды қолдануға болады. [3, 14б]
Фонетикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тіліне тән дыбыстарды
дұрыс айтуға үйретеді. Фонетикалық ойындар балаларда қызығушылық туғызып, олардың
дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын меңгерулеріне мүмкіндік туғызады. [3, 10б]. Сонымен
қатар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы бойынша орыс
тілінде оқитын барлық жас ерекшелік топ балаларына қазақ тілін меңгерту үшін қажетті
тақырыптар мен сөздік қорын байыту мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекет барысында
фонетикалық жаттығуларға музыкалық әуен іріктеліп алынып, балаларға қазақ тіліне тән
дыбыстарды дұрыс айтқызу көзделеді. Сергіту сәті кезінде де музыкалық үзілістер видео,
аудио жазбалары арқылы балаларға қызықты болатындай іріктеліп алынған.
Олай болса, жаңа технология жаңа көзқарас демекші, мектеп жасына дейінгі балаларда
рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту мақсатында біз ұлттық салт дәстүрлерімізге,
қазақ халық ертегілеріне, қазақ шығармашылығына басты назар
аударып осы білімдердің
барлығын ойын түрінде ұсынамыз. Мысалы, ертегілерді ауызша айту тәсілінде Блум
текшесін қолданамыз. Авторы шетел ғалымы әрі психологы Бенджамин Блум. Бұл текше
сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдісі болып табылады. Блум текшесін ертегілер ғана
емес, ұйымдастырылған іс-әрекеттерде қарапайым сөйлемдер құра білуде және мұғалімнің
үлгісі бойынша заттарды сипаттауға, заттардың санын, қимылын, сынын білдіретін сөздерді
айта білуге үйретуде де қолданамыз.
Сондай-ақ, күнделікті өмірде жиі кездесетін сөздерді (туыстық қатынастар, тұрмыстық
заттар, табиғат құбылыстары және т.б.) қазақша дұрыс айту және түсіну дағдыларын
қалыптастыру мақсатында Луллия шеңберін қолданамыз. Бұл ойынның авторы француздық
Раймонд Луллия. Луллия шеңберін де барлық сабақтарды қолдануға болады. Бала сұрақты
естіп дұрыс ждауап беруге ұмтылады. Балаға дайын білім
бермей баланың тәжірибесіне
салмақ салып, ойлануына уақыт беріп, осы ойындарды ойнауға болады.
Жас бала жаңалыққа жаны құмар болады. Ойын барысында баланың өзіндік пікірі
қалыптасады. Бала қиялы дамиды, менің ойымша деген пікірі пайда болады. Өз өзіне
сенімділігі бекиды. Дүниетанымы кеңейеді. Ойын барысында баланың табиғи әуесқойлығы
оянып, сыни тұрғыда ойлауға итермелейді. Ең бастысы байланыстыра сөйлей отырып, сөздік
180
қоры толығады. Алайда, осы ойындарды қолданғанда жас ерекшеліктерін де ескеру қажет.
Осындай қызықты ойындар ойнау арқылы балада тілдік еліктеу пайда болады, практикалық
іс-әрекетпен баланың сөздік қоры байланысып, сөздік қоры дамиды. Мектеп жасына дейінгі
шақтағы балаға айналасындағы заттар қызықты болады, сондықтан ол
өзіне таныс емес
дыбыстарға эксперимент жасауға ұмтылады, ол дыбыстарды дұрыс айтуға талпынып, оны
әртүрлі комбинацияда қолдануға тырысады.
Мектеп жасына дейінгі баланың балабақшада алған білімі жүйелі түрде бекітіліп,
дамытылып отырылса, оның барлық өмірінде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: