А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет113/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   222
1679742366435 (2)

Использованная литература: 
1. 
https://interactive-content.medium.com/
 
2. 
https://p.testix.me/40586e8834/a32bdba116/
 
Конхашова Г.М. 
Қарағанды аласы,. «Арман» КМҚК бөбекжайы  
«QR ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫМЕН ТАНЫСТЫРУ» 
 
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің ең басты көкейкесті мәселелерінің бірі білім сапасын 
арттыру, жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің 
мәртебесін көтеру. Сондықтан педагогтің алдында тұрған міндет оны насихаттап, оқыту 
болып табылады.
Жазуды, не оқуды білмейтін бүлдіршіндермен ауызекі сөйлесіп, тіл дамыту 
жұмыстарын жүргізіп, қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерін жаттатып, шығармаларын 
тыңдатудың рөлі ерекше. Осы мақсатта өзге ұлт мектеп жасына дейінгілермен жұмыс 
барысында балалар әдебиетінің негізін қалауда ерекше үлес қосқан аса көрнекті ағартушы 
Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын қолданамын.
Ұлы ағартушының алғашқы еңбектерін біздің уақытпен қатар алып қарасақ, ол кезде 
де, қазіргі кезде де жас ұрпаққа туған өлкесін, туған мәдениетін, туған тілін сүю - өз отбасын, 
өз тұрғын үйін, өзінің балабақшасын сүюден бастау алатынын бойларына сіңіру, 
қалыптастыру жетекші орында екенін көре аламыз. Ал мектеп жасына дейінгі балаларда 
әділеттілік, Отанға деген сүйіспеншілік, басқа ұлттардың балаларына төзімділік сияқты 


199 
күрделі сезімдер осы кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан балаларды отансүйгіштікке, 
адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу балабақша қабырғасынан бастау алғаны жөн. 
Патриоттық тәрбие мәселесінің тарихын зерттеу Ыбырай Алтынсарин шығармаларының 
өзекті тақырыптарының бірі. "Өзен", "Жаз" деген өлеңдерінде табиғат көріністерін суреттей 
отырып, елін, жерін, Отанын сүюге шақырады. Ал «Бір уыс мақта», «Әке мен бала», «Жаман 
жолдас», «Асыл шөп», «Мейірімді бала», «Мақта қыз бен мысық» әңгімелері арқылы жас 
ұрпақты еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, талапты болуға тәрбиелейді. Оның бұл 
педагогикалық қағидалары күні бүгінге дейін бала тәрбиесінде маңызын жойған жоқ.
Балабақшадағы мектеп жасына дейінгі өзге ұлт балаларына қазақ тілін тиімді де 
қызықтыра отырып үйрету үшін жаңа әдістер мен инновациялық технологияларды өз 
тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Бұл білім сапасын арттыруда жетекші орында тұр.
Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұраларымен таныстырып, өлеңдерін жаттатып, 
әңгімелерін драматизациялауда мектеп жасына дейінгі балалармен де, ата-аналармен де 
қазіргі заманғы инновациялық технологиялардың, интерактивті байланыс құралдарының бірі 
- QR кодтары белсенді қолданамын.
Білім беруде инновациялық технологияларды пайдалану 
уақытпен қатар жүруге және білім беру кеңістігін ашық етуге мүмкіндік береді. QR (Quick 
Response "жылдам жауап" деп аударылады) кодтар - бұл миниатюралық медиа. Бұл деректер 
ақ және қара квадраттар түрінде арнайы бағдарламалар немесе қызметтер арқылы кодталады 
(басқа түстерде де жасалуы мүмкін).
QR-код технологиясының көмегімен әр уақытта осы технологияның жаңалығын бере 
отырып, ата-аналардың үйде балаларымен бірге ұлы жазушының өмірі мен 
шығармашылығымен танысып, балалар өлеңдері мен әңгімелерін тыңдап, оларды жаттауға 
ұсыныс беріледі. Үй жағдайында ата-ана бұл технологияны қалай қолданады? Ол үшін QR 
код орнатылған бағдарлама бар смартфонның камерасын кодқа апару керек. Бағдарлама 
кодты ашады, содан кейін қажетті материал ашылып, қарастырылған белгілі бір әрекет 
орындалады. Бұл кез-келген телефоннан, гаджеттен қол жетімді заманауи байланыс 
форматы. Ақпаратты алу үшін ата – аналарға тек ғаламтор мен кіру кілтін пайдаланса 
жеткілікті. Ата-анамен жұмыс жасау кезінде QR кодын пайдаланудың артықшылықтары көп: 
a) педагог пен отбасының өзара байланысы үшін жағдай жасайды; 
б) ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттырады; 
в) ата-аналарды білім беру процесіне тартады. 
Ыбырай 
Алтынсаринің 
әдеби мұралары күні бүгінге дейін 
өзінің тәрбиелік мәнін жойған жоқ. 
Жоғарыда айтып өткендей, ұлы 
ағартушының шығармаларына тән 
нәрсе 
– 
еңбекқорлыққа, 
Отанын сүюге, білімді болуға, әділетті болып өсуге баулитын тәрбие 
мәселесі. Сондықтан, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұраларын 
мектеп жасына дейінгі балаларға насихаттауымыз керек. Халықта 
«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» 
деген мақал бар. Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке қадам басқан 


200 
бүгінгі таңда адамгершілігі мол, саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде Алтынсарин 
шығармаларының пайдаланудың берері мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет