А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет217/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   222
1679742366435 (2)

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. 
Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. – Алматы -Білім, 2007. 
2. 
Жақыпов С.М., Бизақова Ф. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық 
жаттығулар (оқу құралы) – Тараз– Қорғау, 2007. 
3. 
Чечел, И.Д. Жобалар әдісі: Нәтижелерді субъективті және объективті бағалау–Мектеп 
директоры. - 1998. - №4.
4. 
Полат, Е.С. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық және ақпараттық 
технологиялар: оқу құралы. Мәскеу –Академия, 2001.
Шахбанова Г.Р. 
Теміртау қаласы, «Ақбота» КМҚК бөбекжайы 
 
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ
ПАЙДАЛАНУ 
Мектепке дейінгі мекемеде, педагогтің басты міндеті – білімді, жан-жақты рухани 
дамыған, болашағына мол үміт артатын, толыққанды, дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығару. 
Ақпараттық технологияның басты мақсаты – бала белсенділігін қалыптастыру, өз 
бетінше шешім қабылдауды дағдыландыру. 
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау 
азамат өсіру әр отбасының, бөбекжайымыздың жалпы халықтың қасиетті борышы екені 
баршамызға аян. Ақпараттық білім беру құралдарына: аудио, видео, компьютер
интерактивті тақта, интернет мультимедиалық құрал, желі сайттары тағы басқалары жатады. 
Қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды кез-келген білім ордасында кеңінен 
қолдана аламыз. Саралап айтар болсақ: 


380 
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. 
Мұнда негізінен бала қабілеті мен бейімділігі басты назарда болуы керек. Жаттықтырушы 
ұйымдастырылған іс-әрекетін тартымды етіп өткізу үшін теория мен практиканы 
ұштастырып, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану қажет. 
Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қимылды ойындарын, әртүрлі жарыс 
түрлерін өткізіп отырамын. Балалардың танымдық қабілеттерін арттырып, салауатты өмір 
сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін біз педагогтар жасөспірімдерге 
түсіндіреміз. 
Ақпараттық технологиялардың ерекшелігі – білімді жатқа меңгерту емес, балалардың 
өз бетінше меңгеруіне ұмтылатындығында. Заманауи жұмсақ текшелерді яғни (кубиктер) 
таңғы жаттығуларда пайдалана отырып, балалардың сабаққа деген қызығушылығын 
арттырамын. Менің мақсатым балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, әртүрлі 
жаттығулар арқылы дамыта отырып, ұйымшылдық, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін 
қалыптастыру. Балалардың денсаулығын нығайтуда спортқа әуестендіріп, күн тәртібі 
ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтырып, 
салауаттылыққа тәрбиелеуіміз қажет деп білемін. Жан - жақты физикалық жетілген және 
денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу – әрбір ата -ана мен балабақшаның міндеті.
Бала денсаулығын сақтау, түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары, ойындар 
арқылы іске асырылады. Инновациялық тәсілдерге жету мақсатында, балабақшамызда 
физикалық қасиеттерді дамыту бойынша жаңа модельдер: жұмсақ текшелерді, 
секірткіштерді, құрсауларды, таяқшаларды, бала денсаулығы үшін тиімді пайдаланамын. 
Жаңа модельдер Сан Пин талаптарына сай. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында міндетті 
түрде, қауіпсіздік ережесін ескеремін.
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада 
балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін 
ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі 
балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері 
тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен 
көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу 
іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған 
жөн деп санаймын. 
Ұлттық құндылықтарымызды дамыту мақсатында балаларға 
«Кеңістікті бақыла» атты көрнекілік жасағанымды көрсеткім 
келеді. Сурет 1. 
Бала асықтың бағыты арқылы оң қол және сол қолды біледі. 
Сурет 2. 
Бағыт арқылы жоғары - төмен иілуді үйренеді. 
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында ақпараттық технологияныңбірі-
интербелсенді тақтаны тиімді пайдаланамын. 
Интербелсенді тақта арқылы балалар, ұлттық ойындарды, атақты 
спортшыларды, әуен арқылы әртүрлі қимыл - қозғалыс жаттығуларын
бірге қызығып қайталайды. Сурет 3-4. 
Сурет 3
Сурет 4 


381 
Балабақшамызда отбасы және бала арасындағы ынтымақтықты күшейту үшін «Дені 
сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты отбасылық ойын - сауық сайысын өткіздім. Ойын шарты 
IV-кезеңнен тұрды. Сурет 5. Ата-аналар өз балаларымен барынша жеңімпаз болуға ат 
салысты. Балабақша атынан ата - аналарға мадақтау қағаздары берілді. Жарыс соңында ата - 
аналарда өз ризашылықтарын білдірді. Сурет 6. 
Сурет 5 Сурет 6
Дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекетінде қимыл - қозғалысты, түрлі 
жаттығуларды, дененің мәдениетті қалыптасуын, жалпы дамыту машықтарын үйренеміз.
Бөбекжайымызда дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына 3-рет 
өткізіледі. Уақыттың ұзақтығы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Ұйымдастырылған іс-әрект барысы бөбекжайымыздың сабақ кестесіне байланысты 
спорт залда және таза ауада дене шынықтыру сабағын өткіземін. 
Дене шынықтыру іс-әректінде балалардың тапсырмаларды орындауда жинаған 
ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, білімдеріне талдау жасап 
отырамын. Бөбекжайымыздың жақсы жұмыс жасап жатқанын ата-аналар akbota_bobekzhaiy
инстаграм желісі арқылы қарап, бақылап отырады. Дене шынықтыру іс-әрекеті бойынша 
ақпараттық технологияларды жұмыс барысында көп қолданамын. Қазіргі заман талабына сай 
жас ұрпақты жан-жақты дамыған, ақпараттық технологиялардың қыр-сырын жақсы 
меңгерген тұлға етіп қалыптастыру біздің басты міндетіміз.
Жалпы айтар болсам, сабақ барысында балалардың спортқа деген қызығушылығы 
күшейеді, дене бітімі машықтанады, ойлау қабілеті артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды. 
Қорытындылай келе, мектепке дейінгі мекемеде жаңа технологияларды қолдану заман 
талабы. Дегенмен, оны жүзеге асыру үшін балабақша мен педагогтар сол жаңа 
технологияларды меңгерген болуы тиіс. 
Заманауи және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаттықтыру арқылы 
мынадай жетістіктерге қол жеткіздім. Әр бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланды, әр 
баланың жеке қабілеті анықталды; бір−бірімен бәсекеге түсе алады, өзін – өзі бағалай біледі, 
қорытынды жасай алады.
Сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, 
үшеуімен болады бақытты өмір», -деп мектепке дейінгі мекемелердің әрбір ісі жан-жақты 
жарасымды, рухани бай тәрбие берумен қатар, денсаулығы мықты болашақ ұрпақ өсіруге 
бағыттау баршамыздың міндетіміз. 
Деннің саулығын, жанның сұлулығын, рухтың биіктігін, өмір салауаттылығын 
қалыптастыратын дене шынықтыру пәні – менің сүйікті кәсібім! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет