А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Пайдаланылатын әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет49/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   222
1679742366435 (2)

Пайдаланылатын әдебиеттер: 
1. 
Б.Р. Айтмамбетова . Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы,1991. 
2. 
Калинина, Т. В. Информационная компетентность педагога ДОУ 
3. 
Зелман, М. Измерение грамотности в информационных и коммуникационных 
технологиях, Компьютерные инструменты в образовании. – 2007.


83 
Батталова А. 
Балқаш қаласы, «Ер Төстік» КМҚК бөбекжайы 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕ
ІТ ҚОЛДАНУ 
 
Eртeңгi кeлeр күннiң бүгiннeн гөрi нұрлы болуына ықпал eтiп, адамзат қоғамын алға 
апаратын күш – тeк бiлiм. Пeдагогикалық тeхнология мeн жаңаша әдістер арқылы балаға
білім беруде тәрбиешінің iс-әрeкeтi бірінші орында. Тәуелсіздік туын берік көтерген 
еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңа бағыт, тың көзқарас бүгінгі таңда жұмыстың белсенді 
әрекеттерін жүргізуді көздейді.
Қазіргі жылдам ақпараттар ағынына толы цифрландырылған қоғамда адам баласының 
дүние танымы мен өмірге көзқарастары, құндылықтары мен мінез-құлқы да өзгеруде. 
Осыған орай, қазіргі заман педагогикасы креативті, яғни, тапқыр, ұтқыр, жасампаз ұрпақ 
тәрбиелеуді мақсат етіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мәселеге 
байланысты «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты 
жолдауында: «Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес 
ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, 
тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз» – деп атап көрсеткен. [1].
Мен қазіргі кезеңде білім берудің оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, 
инновациялық-педагогикалық технологияларды игерген, технологиялық-педагогикалық 
диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі 
сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік 
даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагог-зерттеуші, ойшыл педагог , зерделі бала 
болу қажет деп ойлаймын. Балабакшада ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әдіс-
тәсілдер тәрбиешінің
шығармашыл, жаңа технологияны жетік меңгеруімен бағаланып 
дәлелденеді деп түсінемін. Түрлі бейнематериалдар, қызықты жұмыс –баланың назарын бір 
арнаға тоғыстырып, ұйымдастырылған іс әрекетті
нақтылай түседі деп ойлаймын.
Қазіргі таңда балалар көп уақыттарын гаджеттер немесе теледидармен өткізеді. 
Балабақшада білім мен тәрбие құстың қос қанатындай қатар берілу керек,сондықтан 
балаларды қызықтырақ көңілін аулау, ойын технологиясына негізделеді. Ойын үстінде 
баланың сұранысы мен тәрбиешінің тапсырмасы ұштасады. Баланың ойынға деген ынта-
ықыласы артады. «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл-ой 
тәрбиесі болмайды»- деп бекер айтылмаса керек.
Ойынның ой дамытатынын ескере отырып, ұйымдастырылған іс-әрекетте мақсаты 
мен мазмұнына қарай ойын түрлерін іріктеп, жүргіземін. Демек мектепке дейінгі кезеңдерде 
тәрбиеші балалардың қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту маңызды, 
өйткені баланың тек сөйлеу тілін ғана дамытып қоймай, баланың қолын қаламмен жазуға 
машықтауға үйрету де педагогтердің еншісінде.
Ойындар мен жаттығуларды жас ерекшелігіне, яғни мектепке дейінгі балаларға 
лайықтап оңайдан күрделіге қарай ұштастыра отырып еңбектенсе, өнімді қабілет 
қалыптасады деп ойлаймын. Ең қарапайым және маңызды ұсақ қол моторикасын 
жылдамдататын ойындарды balakai.kz, zhasorken.kz сияқты интернет-ресурстарды 
пайдаланып, өзімнің ұйымдастырылған іс-әрекетімде қолданамын /1-cурет/ 


84 
Cурет №1. Balakai.kz, zhasorken.kz , «Балапан» арнасы арқылы 
ІТ құзіреттілікті қалыптастыру 
Пазл, мозайка, құрастырғыш лего, моншақпен жұмыс жасау, саусақпен ойындар, қол 
білезігі мен саусаққа массаж, мүсіндеу, илеу, жапсыру сияқты ойындарды «Үou tube» желісі 
арқылы қайталап, осы ойындарды ойнау нәтижесінде баланың бойында байқағыштық, 
төзімділік, табандылық секілді қасиеттер көрініс тапты. 
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалармен «Санамақ», «Ұшты-ұшты» 
сияқты үйрену ойындарына баулу, ойлау қабілетін арттыру, және т.б. балаларға ән, дене 
шынықтыру ойындары («Тепкіш», «Атаман доп») күш сынасу арналған қызықты, күлдіргі 
ойындарды да ойнатамын. Таңертеңгі қабылдауда, ұйымдасқан іс-әрекет барысында, 
жобалау жұмыстарында, күннің екінші жартысында, серуен кезінде ұлттық ойын түрлерін 
қолдануға болады. 
Өзімнің ұйымдастырылған іс-әрекетімде ұлттық ойындарды оқыту-тәрбиелеу 
үдерісінде мақсатты және жүйелі түрде «Play market» қосымшасынан «Ұлттық ойындар» 
жүктеп қолданамын /2-сурет/. Қолдану барысында бұл мектеп жасына дейінгі балалардың 
креативтік әлеуетінің қарқынды дамуына әсер ететіндігін байқадым.
№2 сурет. «Play market» қосымшасы арқылы «Ұлттық ойындар» ресурсын қолдану 
Ойын адамның өміртанымындағы алғашқы қадам. Бір қарағанда қарапайым ғана 
құбылыс, іс әрекет іспетті көрінгенімен, мазмұндық, рөлдік, ұжымдық ойындар баланың 
зейінін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда үлкен маңызды рөл атқарады. Баланың 
тапқырлығы мен байқағыштығын осы ойындар арқылы жетілдіремін. Ұйымдастырылған іс-
әрекет барысында жиі пайдаланатын ойынның мазмұндық түрлеріне: түрлі ойын жаттығу, 
дидактикалық мақсаттағы ойындар,грамматикалық ойындар, сөздік, логикалық ойын 
есептер, сергіту сәттерін жатқызамын . 
Бала бойындағы қабілет, дарын, талант, бақша ағаштарындай бабын білсе, жайқалып 
өсетіні анық. Адам көңілінен орын алатын әдістемедегі тамаша әдіс-тәсілдер бала 
болашағының жарқын болуына ықпал етеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға лайықты ұлттық ойындардың ішіндегі заманауи 
ойындар қатарына компьютерлік ойындарды қосып отырмыз. Ғылым мен техниканың 
қарыштаған заманында асыл мұрамызға қызықтырудың бір жолы – мектеп жасына дейінгі 
балаларға икемделген ұлттық ойындардың компьютерлік нұсқаларын ұсыну деуге болады. 
Бұл мәселеде компьютерлік ойындарды жасап, әлемге таратудан алдына жан салмайтын 
елдермен теңесе алмасақ та, ойындарымыздың компьютерлік нұсқалары арқылы жас 
ұрпақтың ұлттық дүние танымының қалыптасуына, соныменқатар, тапқыр да ұтқыр 


85 
ойлайтын, креативтік әлеуеті дамыған тұлға тәрбиелеуге ықпал етер едік. Тағылым мен 
тәрбиеге толы ұрпақ тәрбиелеу әр педагогтің алдындағы зор міндет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет