86
құбылыстар және олардың ішкі белгілері туралы алғашқы
қарапайым ұғымдарды ғылыми
сипатта беруге болатыны туралы идеялар пайдаланылады.
Сол себепті жобалау қызметін жүйелі ұйымдастыру үнемі жүргізілуі шарт. Ерте
жастағы балалардың ақыл – ойын, таным – түйсігін арттыру барасында зерттеу әдісіне баулу
аса үлкен қажеттілік. Әрине, ең бастысы топ мүшелерінің жасы мен қарым – қабілеттері
ескерілуі қажет.
Жалпы, балабақша тәрбиеленушілерінің бойында қоршаған ортаға деген құбылысты
кеңінен ашу үшін қарапайым элементтерді қолданған жөн. Ол тұрмыстық техника, жан –
жануар, өнер және өздерінің қолданатын заттарымен байланысты болғаны жақсы. Кіші
жастағы бүлдіршіндер кез – келген дүниеге ерекше ықылас білдіріп, асқан
ыждахаттылықпен назар аударады.
Сол себепті, ұстаздың ұсынған дүниесі
оларға ерекше
әсер ететіні анық. Әсіресе, заманауи технологиялардың көмегімен жобалау әдісін
түрлендірсе, тіптен жақсы.
Бүгінгі таңда инновация кең етек алып, өзінің өзектілігін байқататыны жасырын емес.
Тың технологиялар тіршілігімізге тереңінен еніп, күнделікті тұрмыста да қолданылады. Сол
себепті, бүлдіршіндер үшін заманауи құрылғылар аса таңсық емес. Олар ақпараттық –
коммуникациялық құралдарды пайдалануға ерекше ынта қояды. Ал, тәрбиешімен бірлескен
жобалау әрекеті, сол қызығушылықты одан әрі арттырып, таным көкжиегін кеңейтіп, жан –
жақты ойлауына мүмкіндік береді.
Жалпы, жобалаудың артықшылықтары өте көп. Балабақша бүлдіршіндеріне берілген
тапсырмалар легі ата – аналарды да айналып өтпейтіні анық. Отбасында бірлескен
жұмыстар, баланың білімге деген ынтасын оятып, ата – анасына деген шексіз құрметін одан
әрі дамытады. Өзіне деген сенімділік ұлғайып, тұлғалық көзқарасы қалыптасады.
Ата – ана баланың қай салаға бейімі бар екенін аңғарып, зер сала қарайтын
дүниесімен жақын танысады. Бұл тіпті көбіне бүлдіршіннің сол салада терең дамуына негіз
болып, қосымша үйірмелерге қатысуына да түрткі болатын кездер де кездесетіндігін айта
кеткеніміз жөн. Жаңартылған білімді басшылыққа
ала отыра жобалау әдісін
ұйымдастырудың жетістіктері мынадай:
•
баланың ойлау қабілеті дамиды;
•
қоршаған ортаға қызығушылығы артады;
•
білімнің алғашқы іргетасы қаланады;
•
өзіне деген сенімділік артады;
•
есте сақтау қабілеттері дамиды;
•
жауапкершілік сезімі артады;
•
қызығушылығын айқындайды.
Кіші жастағы бүлдіршіндерді зерттеушілікпен айналысуына әрине, ең алдымен
мектепке дейінгі білім беру мекемесі педагогының түрткі болатыны анық. Сол себепті,
барлық жауапкершілік тәрбиешінің мойынында. Балалардың жас ерекшелігін ескеріп,
актуалды тақырыпты таңдап, оны заманауи технологиялар көмегімен ұсынуды жүйелі
жоспарлағаны абзал.
Кез – келген баланың білімге деген ынтасын оятып, үлкен өмірге бейімделуіне негіз
болатын жан – ол ұстаз. Сол себепті, балабақша қызметкерлерінің мойынына үлкен
жауапкершілік жүгі артылады. Біз бағбан тәріздіміз. Қанаттары қатаймаған, білімнің
алғашқы табалдырығына қадам басып, қоршаған ортаға таңдана қарайтын жандарға дұрыс
бағыт – бағдар беру барысында жаңылыспауымыз қажет.
Жаңа заман өзінің талап – тілегін айқындап, білім берудің өзгерістерін ұсынуда. Біз
әрине, барлық талапты ескеріп, заманауи үлгіде оқытуды басшылыққа алғанымыз жөн.
Қазіргі таңда барлық мекемелер ақпараттық – коммуникациялық
талаптарға сай екендігін
ескерсек, мультимедияны маңызды құрал ретінде сәтті пайдалана алудың мүмкіншілігінен
мүлт кетпегеніміз жөн.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің атқаратын маңызы орасаң зор. Ол тек
кішкентай бүлдіршіндердің қызықты уақыт өткізетін кезеңдері ғана емес, сонымен қатар
87
білімнің алғашқы іргетасы қаланатын орта. Тағылымды тәрбие мен танымдық ғылымға деген
көзқарас, зерттеушіліктің ең бірінші кірпіші қаланатын сәт. Олай болса, болашақтың іргесін
қалауда ат салысатын тұлғаларды тәрбиелеу барысында барынша жан – жақты әдіс –
тәсілдерді жүзеге асырғанымыз абзал. Өздеріне сенімді, ғылымға деген құлшыныстары
басым, білуге құштар балалар қатары көп болсын!
Достарыңызбен бөлісу: