278
шешім қабылдауға, сондай-ақ бір әрекеттен екіншісіне тез ауысуға көмектеседі. Балалардың
танымдық қабілеттеріне де компьютер жақсы әсер етеді.
Компьютерлік ойындарда виртуалды бейнелердің жарықтығы мен динамизмі баланы
өзіне тартады. Ол қызықты жаңа шындықты манипуляциялау қабілетіне ие болады. Ойын
шексіз мүмкіндіктер береді. Компьютер әлемі барлық жастағы балаларға арналған
компьютерлік ойындарды ұсынады. Олардың көмегімен балалар пішіндер мен түстерді
тануға, әріптер мен сандарды есте сақтауға үйренеді, логикалық ойлау, елестету қабілеттерін
дамытады. Дамытушылық компьютерлік ойындарын ойнайтын мектеп жасына дейінгі
балалардың ой-өрісі кең: олардың қоршаған әлем туралы түсініктері жақсы дамыған, әдетте
психикалық дамуы жағынан өз құрбыларынан озып кетеді, оқу материалын оңай меңгереді,
өз біліміне сенімді [3, 101 б].
Бағдарламалық материалды компьютердің көмегімен үйрену тиімдірек болуы мүмкін,
өйткені бала ерекше күш салмайды, оның эмоционалды және
бейнелі жады жұмыс істей
бастайды. Компьютерде жұмыс істеу баланың саусақтарының ұсақ моторикасын және қол-
көзді үйлестіруді дамытуға ықпал етеді. Бала өз қолының қозғалысын экранда бақылап
отырған нәтижелермен арақатынасын үйренеді. Көру-моторлық үйлестіру хатты меңгеруге
және сурет салуға негіз болады.
Ерекше білім қажеттілігі бар балалардың, әсіресі тіл ақау балаларды түзету-оқыту
барысы ұзақ уақытты талап етуімен қатар, баланың күш-қуатын біршама жұмсайды. Уақыт
өте келе, баланың өтілетін сабаққа қызығушылығы жойылып, «дұрыс және әдемі» сөздерді
айтуына уәжі жоғалады. Қазіргі таңда гипербелсенділік пен зейіннің жетіспеушілік белгілері
байқалған ерекше білім қажеттілігі бар балалар саны өсіп келеді. Осындай балаларды
оқытуға ерекше тәсіл талап етіледі. Соңдықтан ерекше білім қажеттілігі бар балалармен
әртүрлі компьютерлік бағдарламалар қолдану олардың түзету-оқыту сабақтарына деген
қызығушылығы мен белсенділігін көтереді.
Уәж мәселесі – түзету-оқыту жұмыста ең негізгілердің бірі болып саналады.
Тілді
түзету әдісін тым жиі қолдану және педагогтың баланың тілін дамытудағы ықыласы оң
серпін беру үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Ерекше білім қажеттілігі бар бала көп жағдайда
үйренгісі келмейді, оны күнделікті буындар мен сөздерді айту, бұзылған дыбыстардың
дұрыс айтылуын қалыптастыру мақсатымен суреттерді атау жалықтырып жібереді. Бұл
жағдайда, түзету барысын оңтайлы ету амалының бірі, тілді түзету үшін арналған
компьютерлік бағдарламалар мен ойнындары қажетке жарауы мүмкін.
Алайда, компьютермен жұмыс жасауда қауыпсіздік ережелерін білмеу,
апробацияланбаған және ғылыми негізсіз бағдарламаларды қолдану, тірі тілдік қатынастың
машинамен қатынасқа ауысуына, баланың көру мен жүйке жүйесіне зиян әкелуі мүмкін. Осы
орайда, компьютерді пайдалану арқылы түзету-оқыту сабақтарды
ұйымдастыру жөніндегі
мәселелерді қарастырамыз.
Педагогтың негізгі мақсаты - баланың басқа адамдармен толық қатынас жасауын іске
асыруда тілді түзету қажет екенін естен шығармауы тиіс. Осыған байланысты, компьютерді
қосымша құрал ретінде ұзаққа созылмаған уақыт ішінде жұмыс жасау үшін пайдалануға
кеңес беріледі. Ерекше баланың жүйке жүйесіне күш түсірмеу үшін, компьютермен жұмыс
5-15 минуттан аспауы тиіс. Сабақ басталмас бұрын, көз талудың алдын алу мақсатында
баламен көру жаттығуын өткізу ұсынылады. Компьютермен жұмыс жасау кезінде, баланың
назарын жүйелі түрде компьютерден әр 2 минут сайын бірнеше секундқа басқа іске аударып
отыру қажет. Ойын-сабақтың соңында көру жаттығулары қайталанып отырады [1, 25 б].
Балалармен ескі үлгідегі компьютерлерді пайдалануға жол берілмейді, компьютермен
жұмыс жасауда жұмыс мөлшерін азайту және баланың жасы мен бойына сай дұрыс
таңдалған жиһаз ерекше рөл атқарады. Компьютер жақсы желдетілген, күнделікті ылғалды
жиыстыру жүргізілетін бөлмеде орнатылуы тиіс. Бөлме жақсы,
біркелкі жарық болуы тиіс,
монитордың экранында дақтың болуына жол берілмейді.
Ерекше бала, сабақ кезінде компьютердің қейіпкерлерімен қарым-қатынаста бола
отырып, педагогтен осы және басқа тапсырманы орындау үшін не істеу қажет екенін сұрай
279
бастайды. Компьютердің «тәуелсіз» кейіпкері оған сыйлық «сыйласа» қуанады. Ал педагог
болса, баламен қоса бірге қуанады. Ол «компьютерлік досы» мен логопедтің өзін мақтауы
үшін үнемі өз қателерін жөндеуге ұмтылады. Нәтижесінде, бала таңертең оянған соң
анасынан сұрайды: «Біз бүгін логопедке барамыз ба?», және әр сабақты асыға күтеді. Бұған
қоса, «компьютердің» үй тапсырмаларын орындауға ұмтылады.
Компьютерлік ойын түзету-оқыту жалпы жұмысының бір бөлігі бола алады. Алғашқы
ойын-сабақтарда баланы компьютерлік ойындармен, оның кейіпкерлерімен, таныстырады,
бала үшін сабақтың мақсатын ойластырады. Осы тәсілді дыбыстарды түзету
жұмысы
барысында қолдануын қарастырайық. Тақырыбы: «Дұрыс сөйлеу әлеміне саяхат» деп
аталды. Ойын-сабақтың мақсаты - осы әлемге тап болу, компьютерлік кейіпкер балаға онда
тек ғана «дұрыс және әдемі» сөйлейтін балалардың баруына болатынын хабарлайды.
Балада ұсынылған жаттығуларды орындауға ынта байқала бастайды, өйткені ол
кеіпкермен ойнағысы келеді. Барлық даярлық және дыбыс қою кезеңдеріндегі сабақтар осы
көріністің негізінде құрылады, әрбір жаттығу мен ойын «Саяхат» тақырыбындағы ойын
кейіпкерлермен байланыстырылады [2, 7 б].
Бала бірте - бірте дыбыстың қалыптастыру кезеңіне келе бастайды, бұл кезде
жұмысқа компьютерді пайдалану кіргізіледі. Біздің балабақшада жасалған ойын-
тапсырмалар өте қысқа. Әр сабақта бала компьютермен 5
мунуттан аспайтын уақытта
«қатынас жасайды». Нәтижесінде, көптеген балалардың теріс әрекеттері басылады. Ол ойын
кейіпкердің ескертпесіне ренжімейді, өз қателерін жөндеу үшін тырысатын болады.
Тапсырманы орындалған соң, компьютер кейіпкерінен «сыйлық» алады (компьютердің
экранынан өте үлкен торт немесе ойыншық көрінеді), осы виртуальды сыйлыққа қуанып,
эмоционалды түрде жауап қайтарады.
Ойын-сабақ барысында компьютерді дұрыс пайдалану баланың уәжінің
жоғарылауына, баланың өз әрекетін сәйкес бағалауына, бала мен педагог арасында
ынтымақтастықтың қалыптасуына ықпалын тигізеді, бала
логопедтің кеңесін орындай
отырып, оны көмекшісі ретінде қабылдай бастайды.
Түзету-оқыту жұмыс нәтижесінде, тіл ақауы бар бала дыбыстардың дұрыс айтуын
үйренгенде арманы орындалады, ол ғажайып әлемге тап болады да сабақтардың аяқталуын
күтпей жетістіктеріне қуанады.
Қорыта келгенде, компьютерді пайдалану ерекше білім қажеттілігі бар балалардың тіл
кемістіктерін түзету жұмысының барысын жекелеп өткізуге жол береді, балаларда жағымды
сезімді тудыруға ықпал етеді, біздің ойымызша, түзету-оқыту жұмысының тиімділігі
айтарлықтай жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: