А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет14/32
Дата06.12.2023
өлшемі3.14 Mb.
#485706
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ

5.4 Морфогенетикалық принцип бойынша
құрастырылған карталар

Морфогенетикалық принцип бойынша құрастырылған ірі масштабты геоморфологиялық картаның негізгі нысаны – бедердің жеке пішіндері мен элементтері және олардың генезисі. Жоғарыда айтылғандай, бедер элементтері жер беті бедерінің ең жай категориясы, бұған жеке беткейлер, кертпештер, шыңдар, төбелер, төбешік етектері, өзен жағалары және т.б. жатады. Бедер пішіндері - көлемді келген табиғат құрылымының ірі түрлері. Олардың биіктігі (не болмаса тереңдігі), ұзындығы және ендігі бар, оң немесе дөңес және ойыс пішіндер болады. Аумақтың биіктігі жер бетінің орташа гипсометриялық деңгейінен жоғары болса, оларды оң (дөңес) бедерлер дейді, ал жер бетінің орташа гипсометриялық деңгейінен төмен болса - теріс ойпаң пішіндер деп аталады.


Орта масштабты геоморфологиялық картаның негізгі нысаны - бедердің генетикалық типтері. Бедердің генетикалық типтері белгілі бір табиғат әрекетінен қалыптасқан, морфологиялық, морфометриялық және генезис жағынан ұқсас жер беті пішіндерінің табиғат құрылыстары. Мысалы, жел әрекетінен пайда болған бедердің эолды типі, мұздық әрекетінен қалыптасқан бедердің мұздықты типі, теңіз әрекетінен түзілген бедердің теңізді типі және т.б.
Ұсақ масштабты геоморфология карталарының негізгі картографиялау нысаны - бедердің класы (таулар, жазықтар, төбелер) және класс тармақтары, одан кейін, қажетті болса, бедердің генетикалық типтері.
Геоморфология картасын құрастыру үшін оған сәйкес шартты белгілер жасалынады. Гесморфологиялы шартты белгілер дегеніміз - бұл картадағы бедердің әр түрлі таксонометриялық жиынтығының шартты белгілер жүйесі. Ол геоморфология картасын құрайтын негізгі және қажетті бөлігінің бірі. Шартты белгілерсіз геоморфология картасы өзінің мазмұнды сипаттамасын толық түсіндіре алмайды.
Әр аумақтың бедер пішіндері морфология, генезис және жасы жағынан ажыратылады. Баска әдістермен құрастырылған шартты белгілермен салыстырғанда, бедердің морфогенетикалық принциппен жүйелі түрде жіктелуі ең қолайлы әдіс, себебі, ол бедер туралы мәліметтерді картаның бетіне толық бере алады. Бұндай жағдайда бедердің әр генетикалық типіне, картаның шартты белгілерінде көрсетілген түсі сәйкес келу керек: аллювийлі генезисіне -жасыл, денудация бедерлеріне - қоңыр, эолды пішіндеріне - сары бояу, ал жеке бедер пішіндері мен элементтері (жыралар, сайлар, төбешіктер, шүңқырлар, арналар, террасалар, кертпештер, беткейлер және т.б. арнайы бекітілген шартты белгілермен көрсетіледі. Сөйтіп, морфогенетикалық принциппен жасалған геоморфология картаның шартты белгілерін сапалы (түрлі-түсті) фонымен, әр түрлі бедер-сызаттармен, сызық белгілермен және әріп индекстерімен дайындап құрастыру қажет.
Ipi масштабты геоморфологиялық картаны құрастыру үшін келесі тәртіпті қолдану керек:

  1. географиялық негізін дайындау; аумағы топографиялық картаға сәйкес келген калька бетіне барлық гидрография торын, негізгі елді мекендерді, градус торларын және жолдарды түсіру, осылардың жиынтығы картаның географиялық негізін құрайды;

  2. алдын-ала жасалып қойған геоморфология шартты белгілер бойынша даярланған калька бетіне бедердің негізгі генетикалық түрін (типін), пішіндерін және жеке элементтерін, мысалы, әр еністіктегі беткейлер мен кертпештер және алаңшалар, жеке төбешіктер мен шоқылар, жыралар-сайлар және олардың генезисін белгілеу; олар бірімен-бірі геоморфология шекараларымен, қара түсті сызықтармен бөлінеді; бұдан басқа бедердің жеке пішіндері мен элементтері арнайы белгілермен көрсетіледі.

  3. шартты белгілермен сәйкес бедердің генетикалық типтерін сапалы (түрлі-түсті) фонмен бояу;

  4. түрлі-түсті фонмен немесе индекстермен бедер пішіндері мен элементтердің жасын көрсету;

  5. арнайы шартты белгілермен қазіргі геоморфологиялық үрдістерді (үгілу, жыралық эрозия, гравитациялық үрдістер, өзеннің эрозия мен аккумуляция үрдістері, эолды және антропогенді үрдістер) бейнелеу;

  6. картадағы рамкадан тыс шартты белгілерді безендіру: рамканың жоғарғы жағына картаның атауын жазу, масштабын көрсету; рамканың төмен немесе оң жағында геоморфологиялы шартты белгілерін жазу; в) картаның төмен оң жағында карта құрастырушылардың аты-жөнін және картаның, құрастырылған жылын көрсету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет