Дәріс №2 Тақырып. Жер бедері Жоспар: «Бедер», «Бедер пішіндері»



бет1/4
Дата21.05.2024
өлшемі24.92 Kb.
#501592
  1   2   3   4
2 дәріс


Дәріс №2
Тақырып. Жер бедері
Жоспар:
1. «Бедер», «Бедер пішіндері», «Бедер элементтері» туралы түсініктер.
2.Бедердің морфографиялық және морфометриялық сипаттамасы. Бедердің генезисі, жасы және оларды анықтау тәсілдері.
3. Бедердің қалыптасуындағы эндогендік және экзогендік процестер. Бедер пішіндерінің денудациялық және аккумуляциялық түрлері.
4.Бедердің морфография және морфометриясына байланысты жіктелуі. Бедерді зерттеуінің әдістемелік ұстанымдары.

Бедер – эндогендік жəне экзогендік үдерістердің өзара қарым-қатынас əрекетінен қалыптасқан құрлық беті жəне мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы.


Қысқаша айтқанда, бедер – жер беті пішіндерінің жиынтығы. Бедер жеке пішіндерден, ал пішіндер элементтерден құралады.
Бедер элементтері – жер бетінің жай категориясы, мысалы, жеке беткейлер, шыңдар, төбешіктің етегі жəне т.б. Бірнеше бедер элементтері бедер пішіндерін құрайды. Бедер пішіндері – биіктігі немесе тереңдігі, ұзындығы немесе ендігі бар жер бетінің көлемді табиғи құрылысы.
Бедер пішіндері – оңаша (жеке шоқы, төбешік), немесе ашық (сай, жыра), оң (дөңесті) жəне теріс (ойысты), жай жəне күрделі болып келеді. Экзогендік агенттер əрекетінен борпылдақ тау жыныстары үйіліп, шоғырлану арқылы аккумуляциялық бедер пішіндерін (құм төбе, құмшағыл) жəне ұзақ уақыт үгіліп, шайылу арқылы денудациялық немесе эрозиялық бедер пішіндерін (денудациялық жазықтарды, жыралар мен өзен аңғарларын) қалыптастырады.
Бедердің пішіндері мен элементтерін зерттеп білу олардың негізгі белгілерін, яғни морфометриясын, морфографиясын, қалыптасу тегін (морфогенезисін) жəне көнелігін (жасын) анықтауға мүмкіндік береді. Белгілі бір аумақтың бедерін зерттеу үшін ең алдымен оның морфографиялық жəне морфометриялық сипатын, яғни морфологиясын білу қажет.
Морфография – (гp. morphe – пішін+graphy – бейнелеу, суреттеу) бедердің сыртқы бейнесін, оның пішінін бейнелеу. Морфометрия (гр. mоrphe – пішін+metreo – өлшеу) – бедерге сандық сипаттама беру. Морфометриялық тəсілмен белгілі геоморфология аймақтарының бедер пішіндерін өлшеу үшін олардың ұзындығын, енін, биіктігін, тереңдігін жəне бедердің тілімделу жиілігін анықтайды. Морфометриялық мəліметтер көбіне топографиялық жəне аэрофото- жəне ғарыш материалдарын талдау нəтижесінде алынады. Жүргізілген өлшеулер мен есептеулер негізінде арнайы морфометриялық карталар жасалынады. Морфометриялық мəліметтер, əсіресе, жол құрылыстарын жобалауға, эрозия процесіне қарсы күрес жүргізуге, мұнайлыгазды тектоникалық құрылымдарды іздестіруге қажет.
Бедердің генетикалық типтері (генетические типы рельфа) дегеніміз – белгілі бір табиғат əрекетінен қалыптасқан морфографиялық (сырт бейнесі), морфометриялық (мөлшері) жəне морфогенезисі жағынан ұқсас жер беті пішіндерінің заңды түрде үйлескен табиғат құрылыстары. Мəселен, желдің əрекетінен пайда болған бедердің эолдық типі, мұздың əрекетінен қалыптасқан биік тау өлкелердегі бедердің мұздық типі, теңіз əрекетінен түзілген бедердің теңіздік типі жəне т.б.
Жер бедер пішіндері өздерінің мөлшеріне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді: а) бедердің планеталық пішіндері, 6) мегапішіндер, в) макропішіндер, г) мезопішіндер, д) микропішіндер, е) нано пішіндер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет