А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014


Ландшафтты карталар құрастыру әдісі



бет30/32
Дата06.12.2023
өлшемі3.14 Mb.
#485706
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ

10.3 Ландшафтты карталар құрастыру әдісі

Ұсақмасштабты ландшафтты карталар көбінесе орташа масштабты жалпыгеографиялық карталар арқылы құрастырылады. Ол карталардың ландшафтты жүктемесі бай, себебі онда ландшафт компоненттері туралы мәліметтері бар салалық тақырыптық карталар пайдалынады. Сонымен қатар климат, гидрологиялық және гидрогеологиялық анықтамалар, салалық әдебиеттер мен картографиялық көздер, ландшафттық компоненттердің аймақтық зерттеулер нәтижелері пайдаланылады. Ұсақ масштабты карталарды құрастыру кезінде аумақты далалық және стационарлық зерттеулер кезіндегі алынған материалдар қолданылады.Соңғы жылдары ара қашықтық зерттеулер мен ғарыштық суреттер кеңінен қолданылуда.


Ірі масштабтағы ландшафттық түсірістер кеңістіктегі ТАК орналасуын және олардың қасиеттрін зерттеу мақсатында шектеулі аудандарда жүргізіледі. Тек, ТАК-ы ірі масштабта зерттеу, сипаттау және картографиялаудан кейін ғана нақты сандық көрсеткіштер алыну мүмкін. Олар табиғатты болып жатқан өзгерістерді – табиғи және адам әсерінен болатын - болжауға қажет.
Далалық ландшафттық зерттеулердің нысаны ретінде табиғат факторларының әсерінен әр түрлі рангтегі жүйедегі аймақтық кешендер табылады. Негізгі таксономиялық бірліктердің (ландшафттардың) аймақты ерекшеленуінің басты ролін геология-геоморфологиялық факторлар атқарады. Оның нәтижесінде ландшафттық бірлікте су - климаттық ерекшеліктер пайда болады, ал олар өз ретімен өсімдіктер мен топырақты анықтайды. Далалық жұмыстарда аймақтың морфологиялық құрылымы анықталып, табиғи ортамен байланысатын компоненттердің географиялық дифференциациясы зерттеледі, анықталады, зиянды табиғат апаттар үрдістерінің (тауларда) қозғалыс көрсеткіштері, әр түрлі рангтегі ТАК картографияланады. Ландшафт компоненттерінің байланысы жүйелік, кешенді талдануы түсіріс негізінде орындалады.
Далалық картографиялау әдістерінің барлық түрі ландшафттардың морфологиялық шекараларын анықтау әдісімен тығыз байланысты. Шекаралары әрқашанда сызықтық болып келеді, көршілес ТАК тәуелсіз болады. Ал көршілес ТАК контрасты дәрежесі оның генезисімен, адам шаруашылығы әсерінен олардың табиғи қасиеттерінің өзгеруіменен байланысты. Ландшафттың нақты морфологиялық бірлігінің пайда болу тәсілі неғұрлым жақын болса, соншалықты олардың сыртқы бейнесі ерекшеленеді және осы бірліктерді жалпы көзбен шолу негізінде бөлу күрделі болады.
Түсіріс кезінде ландшафтты көлдеңінен түсіру әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдістің ең басты құндылығы - ТАК табиғат компоненттерінің арасындағы байланысты (вертикалды құрылым) және кешендердің бір-біріне қажеттілігін (горизонтальды құрылым) анықтау болып табылады. Кешенді кескіндерде ландшафттардың морфологиялық құрылымын құрайтын ұқсас фациялар мен шатқалдар айқындалады, бедер пішіндері, тау жыныстар құрамы және жер асты суларының деңгейіне байланысты басымды және қосымша шатқалдар және күрделі ТАК-ға тән заңдылықтар анықталады.
Далалық түсіріс нәтижесінде жасалған ландшафттық карталарда табиғат кешенінің нақты суреті беріледі. Карталарда табиғи факторлар байланысы көрсетіледі.
Ландшафттарды зерттеуде стационарлық жағдайда жүргізілетін зерттеулер үлкен роль атқарады. Себебі, ТАК-ң ландшафттық құрылымын функциялы зерттеу керек. ТАК-ң құрылым арасында және кешен мен қоршаған ортаның арасында тығыз қарым-қатынас пен байланыстар бар. Ол байланыстар жалпы кешен негізінде жақтан заттардың, энергияның және ақпараттың әртүрлі үрдістер арқылы жүреді. Үрдістер ұзақтылғымен, қарқындылығымен және әртүрлілігімен сипатталады. Үрдістерді тану үшін стационарлы әдіс қолданылады, олар, мүмкіндік болса алауан аймақтарға ұқсас, кішігірім учаскелерде жүргізіледі.
Стационарда екі түрлі үрдістер бақыланады: эволюциялы және маусымдық. Ұзақ уақыт бойы жиі жүргізілген бақылаулар арқылы өзгерістіредің түрі мен қарқындылығы, сапасы анықталады. Сондай-ақ, ТАК-ді динамикада зерттеуге, кешеннің дамуын және өзгеру бағыты мен жылдамдығын анықтайтын басымды байланыстар мен факторларды анықтауға болады.
Геожүйелердің функциялы негізінде физика-механикалық, химиялық және биологиялық үрдістер жатыр. Зерттеуде әртүрлі әдістерді қолдану табиғи кешендердегі үрдістердің құрылымын ашуға және ТАК маусымдық динамикасы мен ритмикасының заңдылықтарын анықтауға болатынын көрсетеді. Әртүрлі әдістермен алынған мәліметтердің мазмұнды географиялық интерпретациясы салыстырмалы-географиялық әдіс арқылы жасалады.
Ландшафттарды далалық және стационарлық жағдайдағы зерттеу әдістерінің материалдары, түрлі маңызы бар ұсақ масштабты карталарды жасауда, әр түрлі мазмұндағы карталарды сонымен қатар, жалпы географиялық карталарды сараптау және талдауда қолданылады.
Ландшафт карталарын құрастыру мен жаңарту үшін ғарыштық суреттер қолданылады, олар ландшафттардың кеңістікте таралу заңдылықтарын анықтауға, сонымен қатар табиғат кешенінің морфологиялық құрылымын сурет арқылы зерттеуге көмектеседі. Ғарыштық суреттердің көмегімен ландшафттардың ішкі құрылымын – типологиялық негізде зерттеу мүмкіншілігі пайда болды.
Суреттермен жұмыс істеу кезінде ландшафттар зерттеуінің екі әдісі -жалпыдан жекеге және жекеден жалпыға - әдістері қолданылады.
Бұл суреттер ұсақ масштабты карталарды құрастыруда тікелей бұрмалаусыз, ал ірі масштабты түсірілімдерде шектеулі көлемде ғана кішірейтуде маңызды болып саналады. Суреттерде жалпылау процесі жеңілденді, карталардың нақтылығы ұлғайды, табиғи жүйелердің жағдайын зерттеу мүмкіншілік пайда болды.
Ұсақ масштабты ландшафт карталарының мазмұны мен легендасын құрастыруда және олар арқылы ірі масштабты карталар жасауда бірінші сәйкесті рангтегі геожүйе анықталады, олар карта керекті толықтылық пен бөлшетенуімен көрсетілуі мүмкін. Мысалы, ұсақмасштабты ландшафт карталарында (масштабы 1:1 млн. Ұсақ) аймақтық деңгейдегі геожүйелерді көрсетуге болады. Картографиялаудың негізгі бірлігі – ландшафт – бұл карталарда бір тұтас түзілім ретінде жеткілікті нақтылықпен көрсетіледі.
Картадағы ландшафттардың морфологиялық бейнесінен басқа ландшафттардың геожүйелермен байланысы көрсетіледі. Соңғысы ландшафттардың классификациясының легендасы арқылы жүзеге асады. Үлкен аумақтарда картаны құрастыру кезінде оның легендасы көп жағдайда график түрінде құрастырылады. Бұл ландшафттардың жіктеу түрін анық және көрнекті көрсетуге мүмкіндік береді, вертикальды бағытта – геожүйенің жоғары таксономиялық дәрежесі, ал горизонтальды бағытта – ландшафттың типті және типшелері көрінеді. Легенданың мұндай жүйесі ыңғайлы, себебі ол ландшафттарды мәтінді түрде қысқа сипаттауға мүмкіндік береді және картаны түспен безендірілгенін тез анықтауға болады.
Легенданы құрастырып болғаннан кейін, басқа жағдайларда ұсақмасштабты ландшафтты караталардың негізі шолу-топографиялық және табиғаттың тақырыптық карталы көмегімен құрастырлады. Бұл карталар арқылы түрлі рангтегі геожүйелер анықталады. Бедер арқылы морфоқұрлым ерекшеліктерімен ажыратылатын учаскелер, бедер тілімдену тереңдігі, тығыздылығы анықталады; гидрографиялық тор сумен қамтамассыз етілу деңгейін анықтайды; топырақ-өсімдік сондай-ақ, ландшафт геожүйелердің – саздар, тақырлар, баптақтар- шекаралары құрастырылатын ландшафтты картаға өзгеріссіз көшірілуі мүмкін.
Шолу-топографиялық карталардың жоғары ақпараттылығы табиғи кешендердің генетикалық ерекшеліктерін және құрлымдарын анықтай отырып ландшафттарды жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.
Ландшафттық карталар мазмұнынын құрастыруда тақырыптық карталардың да мәңыздылығы зор. Геологиялық карталар көмегімен жер қабатының құрылымын сараптайды; тау жыныстардың гидротермальды формация мен фациялардың пайда болуына әсер ететін гидротермальды процесстің даму аймағы болып табылатын терең жарылымдар, олар геожүйелерді ұйымдастыру геоқұрылымның аумақтық бірқалыптылығын зерттеуде үлкен роль атқарады; ал төрттік шөгінділер барлық жерлерде топырақ түзуші жыныстар болып табылады, олардың құрамымен байланысты әртүрлі топырақ түрлері кейде типтері қалыптасады, бұл табиғат кешенінің топырақ жамылғысы құрылымының басты ерекшелігі.
Геоморфологиялық карталар арқылы жүргізілген жер бедерінің сараптамасы табиғи кешендер құрылымын, олардың көлемі мен шекарасын, ал морфоқұрылымдық көрсеткіштер арқылы - аумақтың ландшафттық дифференциалды ерекшеліктерін анықтауға болады. Бұл картада көрсетілген жер бедерінің жеке пішіндері (шұңқырлар, шығару конустары) жеке геожүйелер болып табылады.
Геоботаникалық және топырақ карталарында аумақтың ландштафарын толық көрсетуге болады. Бұл карталарда геожүйенің көптеген динамикалық қасиеттері ашылады және онда бірқатар экзогенді үрдістердің қарқындылығы көрінеді. Сондай-ақ, бұндай карталарда антропогендік әсерден болған өзгерістер де көрсетіледі. Топырақ және өсімдік карталары арқылы табиғи кешендердің шекаралары анықталады да ландшафт түзуші процесстер айқындалады.
Ландшафттық карталарды құрастыру көп жағдайда жалпы географиялық және тақырыптық карталардан алынатын ақпараттың талдауына негізделеді. Алынған ақпарат құрастыратын картаның мақсаты мен масштабына сәйкес, оның нақтылығын, табиғи кешендердің дұрыс анықталған шекараларын, мазмұнының толықтылығын қамтамасыз етеді.
Карта құрастыру кезінде жеке ландшафттарды анықтаумен бірге оларды жүйелейді, әрбір анықталған ландшафттарды өз түріне жатқызады. Нәтижесінде, алғашқасында карта легендасы болып ландшафттар түрлерінің номенклатурасы келеді.
Ландшафттық карталардың безендіруінде бір тұтастылық жоқ. Әдеттегідей ТАК-ң сапалы айырмашылықтары түспен көрсетіледі. Ландшафттардың табиғи ерекшеліктерін түстер арқылы беруге тырысады. Мысалы, қызыл сарғыш және қызыл түспен аридті аймақтардағы геожүйелерді көрсетеді, ал жасыл және көк түс – солтүстік орман аумақтарындағы ландшафттарды. Антропогендік ландшафттар штриховкамен көрсетіледі, ал жеке элементтерді сипаттау үшін ареалдар, масштабтан тыс шартты белгілер (мысалы, өсімдіктер, жазықтар, төбешіктер, тасты шағылдар және т.б. көрсету үшін) пайдаланылады. Табиғи кешендер арасындағы шекаралар сызықтық белгілермен беріледі. Алайда картада және легендада кейбір ландшафттар индекстеледі, бірақ нақты индексациялау жүйесі жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет