А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет28/32
Дата06.12.2023
өлшемі3.14 Mb.
#485706
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ

Бақылау сұрақтары:

  1. Өсімдік карталарының типтері?

  2. Өсімдік карталарының мазмұнында не көрсетіледі?

  3. Картаның легендасын құрастыру тәсілі.

  4. Өсімдік карталарын безендіру әдістері.

  5. Карталарды құрастыру принциптері.

10. ЛАНДШАФТТЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ


10.1 Карталардың түрлері және мыңыздылығы

Ландшафтты карталар әртүрлі категориялы және қандай болсын таксономиялық деңгейдегі табиғи-аймақты кешендерді – ландшафттарды- зерттеудің графикалық нәтижесі болып саналады. Табиғи-аймақтық кешен (ТАК) – бұл қоршаған орта және кешен бөліктері арасындағы түра және кері байланысты күрделі динамикалық жүйелер. Ландшафтты карталарды зерттеу ТАК-ң генетикалық және динамикалық байланыстары, табиғи ортаның кеңістікті дифференциациясының заңдылықтары және факторлары туралы көрініс береді. Ландшафтты карталар көптеген өндіріс және ғылыми мақсаттарында, сондай ақ кешенді аймақтық жоспарлауда, денсаулықта, табиғатты қорғау жұмыстарында кеңінен қолданылады. Әртүрлі мақсатты қолданбалы карталар сериясы және бағалау және болжау карталары пайда болды.


Тақырып бойынша ландшафтты карталар физикалық-географиялық карталарға жатады, ал ол ландшафтты, физикалық-географиялық аудандастыру және табиғи зоналар картасына бөлінеді. Мақсаты және мазмұны бойынша ландшафтты карталар аумақтың ландшафтты құрлымын көрсететін жалпы ғылыми және түрлі саладағы ғылыми-әдістемелік мақсатқа арналған арнайы (қолданбалы) карталар деп ажыратылады. Олар: агроландшафттық, инженерлі, мелиоративті, рекреациялы, медикалық-географиялық, табиғатты қорғау, экологиялық карталары болуы мүмкін.
Ландшафтты карталар әртүрлі масштабтта құрастырылады: ірі, орта және ұсақ. Ұсақмасштабы картографиялау камералды әдіспен құрастырылады. Орташамасштабты картографиялауда картаның нақтылықтануына байланысты далалық жұмыстар қосылады. Ірімасштабты картографиялауда (ауданы шектеледі) жаппай далалық түсірістер, ландшафттық кескіндеу және стационарлы бақылау нәтижесін өндеу әдістерімен байланысты.
Ұсақмасштабты зерттеулерде аймақты деңгейдегі ТАК-ң ландшафтты құрлымы: олардың ішкі құрлыстары, ландшафттардың сыртқы (кеңістікті, генетикалық, динамикалық және уақыттылы) байланыстары зерттеледі.
Ірімасштабты зерттеулерде қарапайым табиғи кешендердің қасиеттреі, динамикасы, байланыстары және заңдылықтары зерттеледі.
Ландшатты карталар арасында мазмұны бойынша жалпығылыми және тақырыптық (қолданбалы) карталар ажыратылады.
Жалпығылыми карталар зерттеу аймақтың морфологиялық дифференциациясы, олардың сапалық және сандық сипаттамасын көрсетеді. Тақырыптық карталар практикалық мақсатта пайдаланады.
Географиялық ландшафт деген генетикалық біртұтас геожүйе. «Ландшафт» таксономиялық тыс термині. Ландшафттарға географиялық кешендердің өзгерілуімен вертикальды, горизонтальды және уақытылы құрлымдар тән. Ішкіқұрлысының күрделігі және масштабыменен ажыратылытын әр деңгейдегі ландшафттар өздерінің ерекше функциялы және динамикалық заңдылықтарына ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет