А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет2/32
Дата06.12.2023
өлшемі3.14 Mb.
#485706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ РЕТІНДЕГІ

ТАБИҒАТТЫ КАРТОГРАФИЯЛАУ

Ғылым мен техниканың қазіргі кездегі жетістіктері табиғатты толығыменен зерттеу, оны тану, ресурстарын есептеу, оларды тиімді пайдалану және қорғау әдістерін құрастыру мақсатына мүмкіншілік береді. Географияда нақты ғылымдарды пайдалану әрқашан картографиямен байланысты болды. Табиғатты зерттеудегі жаңа картографиялық құжаттарды дайындау және оларды толық және жан-жақты пайдалану, табиғи байлықтардың аймақтық (кеңістіктік, үшөлшемді) таралуын анықтауға, есептеуге, оларды игеру және қайта қалпына келтіру әдістерін анықтауға, жаңа аймақтарды тиімді игеруін болжауға мүмкіндік береді.


Карталар қолдану сферасы кеңеюде. Жер туралы картаны пайдаланбайтын бір де бір ғылым жоқ. Олардың маңызы халық шаруашылығында өте жоғары. Қазіргі кезде ауылшаруашылық өндірісін жоспарлау мен жобалаудың барлық түрлерінде, табиғи ресурстарды пайдалану мақсатымен әртүрлі инженерлік құрлыстарда, басқа жұмыстарда табиғи жағдайды бағалау үшін карта қажет. Соңғы кездерде картографиялық әдіс барлық салаларда өте қажет: медициналық географияда, планетологияда және т.б. Карталардың жаңа түрлері пайда болды: табиғи ортаны оңтайландыру (оптимизация), табиғатты қорғау, ғарыштық геологиялық, ғарыштық тектоникалық және т.б.
Табиғатты картографиялаудың тақырыптары мен міндеттері әртүрлі. Оны зерттеу мақсатында картографиялау екі бағытқа бөлінеді:

  • мазмұнды (географиялық), ғылыми негізде карта құрастыру принциптері мен әдістерін дайындау үшін табиғаттың заңдарын зерттеуге негізделеді;

  • техникалық - құбылыстарды объективті және тура бекіту, оларды бейнелеу, графикалық өндеу, көбейту және басу әдістерін құрастырады.

Кеңістік зерттеудің картографиялық әдісі – табиғатты зерттеудегі негізгі бір әдіс. Оған келесі жағдайда карта құрастыру жұмыстары кіреді:
далалық және стационарлы зерттеулерде құбылыстарды бақылаған кезде;

  • картографиялық емес көздер негізінде, сонымен бірге математикалық және химиялық зерттеу әдістер нәтижесінде;

  • жалпылау (генерализация) әдісін кеңінен қолдану арқылы әртүрлі тақырыпты картографиялық көздер бойынша немесе бір карта негізінде екінші мазмұны жаңа карта құрастыру.

Табиғи орта зерттеунің бөлігі ретіндегі картографиялау жергілікті жер табиғатын толығымен қамтуы немесе табиғаттың жеке құбылыстарын сипаттау мүмкін. Осыған байланысты картографиялау кешенді немесе салалы болуы мүмкін,
Картографиялаудың бағыттары аймақтық қамтауы және карталар типтері бойынша ажыратылады. Табиғатты картографиялауға әртүрлі деңгейдегі карталар мазмұнын дайындау және карталар құрастыру процесі кіреді. Олар жергілікті, (ірі масштабты), аймақтық (орташа масштабты) және ғаламшарлық (ұсақ масштабты) карталарға бөлінеді.
Картографиялаудың масштабы картаның мақсатына байланысты.
Бұрыңғы КРСО карталары ірі және орташа масштабта болды. Ұсақ масштабты карталар көп жағдайда аумақты қамту бойынша көлемі және масштабтары стандартқа сәйкес келмейді.
Табиғатты кешенді зерттеу бойынша карталар қатарында жеке карталар - бір тақырып және нақты мақсатқа арналған (оның ішінде, жеке нысандарды, құбылыстарды немесе олардың көрсеткіштерін тіркейтін фактологиялық карталар);





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет