А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет9/32
Дата06.12.2023
өлшемі3.14 Mb.
#485706
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ

Платформалар екі ярусты құрлымға ие және олар қатпарлы фундамент пен платформа қабынан (чехол) тұрады. Платформаның фундаменті жер бетіне қалқан шеңберінде шығады. Бұл жағдайда ол картала әртүрлі қатпарлы дәуірдің зонасына, ал әрбір зона құрлымдық қабаттарға бөлінеді. Плита шеңберінде қатпарлы фундамент төмендейді де платформалық қабы жыныстарыны астына кетеді. Платформалық қабыршақ бірнеше құрлымдық қабаттарға бөлінеді, әрбір қабат платформалық қабыршақтың түзілу дәуіріне жауап бедері. Бұл жағдайда төменгі қабаттың ажыратып көрсеткен дұрыс, себебі, ол платформаның ең алғашқы кезеңде дамыған, құрамды ерекше және үзіліп-үзіліп таралуын сипаттайды. Әдетте, палеозой қабатын мезозой қабатынан бөліп көрсетеді, себебі, палеозой ең көп таралған.
Қатпарлы фундаменттің бедер құрлысын қабатты бояу түсті - изогипс -изосызықтармен көрсетеді. Изогипстер тереңдік деңгейіне байланысты боялынады: тереңдеген сайын ашық түсті болады.
Карта қосымша магматизмді, борпылдақты және жанартау жыныстар формациясын, әртүрлі қатпарлы құрлымдардың типтерін және жарылымдарды, метаморфизмді сипаттайды.
Картада тектоникалық жағдайды сипаттау үшін интрузивті жыныстардың массивтері көрсетіледі. Олардың қазіргі кездегі кескінде көлемі, морфологиялық түрі, формациясы, петрографиялық құрамы, жасы және аумақтың тектоникалық дамуымен байланысы беріледі. Тектоникалық карталарда барлық құрлымдық қабаттарда интрузиялар беріледі. Барлық магмалық жыныстар түспен (құрамы), сондай-ақ, жасы мен құрамы индекспен көрсетіледі. Кейбір қабаттарда түстер бірдей болу мүмкін, ол жағдайда индекстермен ажыратылады.
Геосинклинальды жүйесінің даму тарихын сипаттайтын жанартау және борпылдақты жыныстардың маңызды формациялар типтері штрихты шарты белгілермен беріледі. Мысалы, моласс формациясы (териген жыныстары) геосинклинальдардың аяқталу (орогенді) кезеңіне тән. Бұл жағдайда, формациялардың пайдалы қазбалармен байланысын көрсеткен дұрыс: көмір, кремний-карбонатты т.б.
Картада сондай-ақ, платформалық қабаттың бұзылмаған жыныстарының астында көміліп қалған құрлымдар көрсетіледі. Олар масштабтан тыс көлемі әртүрлі белгілермен беріледі. Тектоникалық карталарда жарылымдары көрсету маңызды. Жарылымдар масштабтан тыс сызықты белгілермен көрсетіледі. Барлық жағдайда, үзілмеген бір сызықпен анықталған жарылымдар, ал болжамды жарылымдар үзінді сызықтармен беріледі.
Арнайы тектоникалық карталардың ішінде ең үлкен практикалық маңызды - бұл жаңа тектоника карталары. Мұндай карталар үшін күрделі кешенді легендалар пайдалынады. Жаңа тектоника карталарының легендасында

  • әртүрлі бағыттағы және жылжу қарқындылғымен сипатталатын әртүрлі қатардағы жаңа құрлымдық түрлер;

  • неоген-антропоген уақытындағы жер қабыршағының төмендеу немесе көтерілу қосынды көрсеткіштері;

  • тектоникалық құрлымдардың әртүрлі элементтері көрсетіледі.

Жаңа тектоника картасын құрастыру әдістемесі жеке тектоникалық картасын құрастыру принципінен басқаша болып келеді. Тектоникалық карталарда жаңа құрлымдардың пайда болуыменен жер қабыршағының ұзақ дамуы көрсетіледі. Жаңа тектоника карталарында бір кезеңнің қозғалыстары көрсетіледі. Олар жалпы құрлымға әсер етпейді және содан кейін болатын қозғалыстармен күрделенбейді. Жаңа тектоника карталары қазіргі, неоген-төрттік уақытындағы жер қабыршағының негізгі құрлымдарындағы тектоникалық қозғалыстар даму заңдылықтарын сипаттайды.
Қазіргі уақыттағы тектоникалық қозғалыстар түрі, бағыты және қарқындылығы бойынша ерекшеленеді, бірақ, әдісінің жеткіліксіздігіне және горизонтальды қозғалыстардың көрсетілмеуіне байланысты неотектоникалық карталар тек ғана жер қабыршағының вертикальды қозғалыстарын бейнелейді.
Неотектоникалық карталарда әртүрлі бағыттағы және қарқынды жаңа қозғалыстарға ие жаңа құрылымдар түспен беріледі. Бірдей деформациялық сызықтармен түрлі қатардағы құрлымдық түрлерін көрсететін жалпы деформациялар изобазамен көрсетіледі. Әрбір аудан бір түстің әр алуан түрімен беріледі. Қозғалыстар қарқындылығы әрбір геоқұрлымдық аудандар үшін бекітілеен түспен көрсетіледі. Картаны безендіру үшін қабылданған толық бір шарт жоқ, бірақ сары-қоңыр түспен платформалық, ал қызыл түспен – жылжымалы аудандарды сипаттайды.
Сонымен қатар, неотектоникалық карталар мазмұнына әртүрлі қатардағы жаңа құрлымдар кіреді. Жер қабыршығының қазіргі кезде қозғалыстар инверсиясына ұшыраған учаскелер легендада жеке көрсетіледі. Карталарда қазіргі кезде пайда болған құрлымдардың төменгі түрлері - қатпарлар, жарылымдар және флексуралар сипатталады. Ареал мен белгілермен неоген-төрттік уақытында болған вулканизм, неоинтрузиялар және жаңа формациялар (терригенді, хемогенді және эффузивті) көрсетіледі. Төменгі қатардағы құрлымдар түрлері масштабтап тыс белгілермен және әртүрлі суретегі және түстегі ареал белгісімен беріледі.
Жаңа қозғалыстар бірнеше түрлерімен және бейнелеу мүмкіндігімен сипатталады, олардың барлығын бір картада көрсету мүмкін емес. Сондықтан, кейбіреулерін қосымша карталардың және атластардағы карталардың мазмұнына кіргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет