А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор



бет2/4
Дата03.07.2016
өлшемі385.5 Kb.
#175556
1   2   3   4

4-Сабақ

4.1 Фонетика. Қ, Ғ төл дыбыстары; жуан негіздер, айтылуы; ілгерінді ықпал; кейінді ықпал.

4.2 Грамматика: Өздік есімдігі. Жіктік жалғаулар. Етістік.

4.3 Лексика: Өзім туралы.
1-жаттығу. Оқып шығып, ғ мен қ дыбыстарының айтылуын түсіндіріңіз.

баға — бақа шағын - жақын

ғана — қана бағыт - бақыт

таға — тақа шоғыр — шоқыр

жаға — жақын соғым — соқыр

маған — Мақан нағыз — нақыс


2-жаттығу. Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап, жуан және жіңішке негіздерге бөліңіздер. Орыс тіліне аударыңыздар.
Орындық, қарындаш, керемет, тәрелке, оқыту-
шы, дәптер, терезе, оқушы, сен, оқулык, тақта, қыз, қазақ, қаз, институт, лицей, перде, карта, адам, студент, аудитория, университет, кітапхана, сабақ, асхана, колледж, ән.


к-г

жидек «ягода» кешік «опаздывай»

жидегі «его ягода»

кешігу «опаздывать»



қ-ғ

қасық «ложка» жақ «зажигай»

қасығы «его ложка»

жағу «зажигать»



п-б

доп «мяч»

тап «найди»



добы «его мяч»

табу «найти»




3-жаттығу. Бұйрық рай етістікті тұйық етістікке айналдырып, орыс тіліне аударыңыз.

Жап, соқ, тап, қызық, теп, асық, тақ, шық, кеп, бақ, шап, жақ, ақ, кешік, қақ, сеп.



4-жаттығу. Етістіктерді бұйрық райының болымсыз түріне айналдырыңыз.

Үлгі: жалғау «соединять» — жалға «соединяй» ~ жалғама «не соединяй»;.

Жоғалу «пропадать», тағу «прикрепить», ағу «течь», шығу «выходить», бағалау «ценить», жағу «зажигать», соғу «бить», жолығу «наведываться» асығу «торопиться» ағару «белеть» шығару «выводить» бағу «ухаживать»
Өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады.

Өздік есімдігі тәуелденіп барып қана септеледі. Мысалы: өзім, өзіміздің, өз - өзіне, өзіме, өзінен.


5-жаттығу. Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз.

1.Сделайте это сами. 2.Это упражнение выполняйте сами. 3.Ты знай это сам. 4.Свой дом есть свой дом. 5.Сами идите в гости, у меня нет времени. 6.Начни сам. 7.Его самого нет дома. 8.Скажите сами. 9.Пусть каждый принесет сам. 10.Сам себя похвали.


6-жаттығу. Мына мақал-мәтелдерді оқып, аударыңыз. Есімдіктерді теріп жазып, қандай есімдік екенін айтыңыз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

Әркімдікі өзіне,

Ай көрінер көзіне.

Өзім білем деген өрге баспас.

Жаман еш нәрсе біле алмайды,

Жұмсасаң тіл алмайды,

Өзі біліп пайдасын қыла алмайды.

Көкек өз атын өзі шақырады.


Жіктік жалғауы (личные окончания) жалғанған сөз сөйлемдебаяндауыш кызметін атқарып, сөйлемің аяғында тұрады. Бұлар есімдерге де (именные части речи), етістіктерге де (глагол) жалғанады. Жіктік жалғауы есімдерге жалғанғанда кім? қандай? нешеу? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтар жіктік жалғауының ыңғайына қарай өзгеріп отырады. Мысалы: оқытушымын, инженерсіз, оқушысыңдар, жақсымын, жақсысың, біріншімін, екіншісің, он сегіздемін, үлкенсіңдер, үйдеміз т.б.


жекеше

Мен студентпін(-пын,-бын, -бін,-мын,-мін)

Сен студентсің (-сың)

Сіз студентсіз (-сыз)

Ол студент


көпше

Біз студентпіз (-пыз,-быз,-біз,-мыз,-міз)

Сендер студентсіңдер (-сыңдар)

Сіздер студентсіздер (-сыздар)

Олар студенттер


7-жаттығу. Кестеден жалғаулардың лайықтысын жалғап, жекешесін бір бағанға, көпшесін екінші бағанға көшіріп жазыңыз.

Мен Абзал... . Біз егіз... . Мен мұғалім... . Cіз дәрігер... . Cен жігіт... . Біз қазақ... . Сендер жалқау... . Мен жалғыз... . Сен биолог... . Сіздер осында... . Мен елуде... . Сіз үлкен... . Біз жас... . Сен ақылды... . Біз күшті... . Мен бірінші... . Сіз инженер... . Сен кішкентай... . Біз жақсы... . Сіз отыз... . Мен Ораз... . Мен студент... . Сіздер қонақ... . Мен геолог... . Мен дүнген... . Біз корей... . Сендер бала... .


8-жаттығу. Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз, сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.
Вы студенты. Вы хорошие. Вы хорошие студенты. Вы инженеры. Вы хорошие. Вы на заводе хорошие инженеры. Ты в школе. Ты ученик. Ты ленивый. Ты ленивый ученик в школе. Ты ученик. Ты в школе. Ты ленивый. Ты в школе ленивый ученик. 4. Вы преподаватель. Вы в университе­те. Вы строгий (қатал). Вы в университете строгий преподаватель. 5. Она девочка. Она большая. Она дома. 6. Они врачи. Они известные (әйгілі). Они в городе. Они в городе известные врачи.

9-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Мен мұғаліммін, сен ... . 2. Мен қазақпын, сен ... . 3. Ол үлкен, сендер ... 4. Біз отыздамыз, сендер ... . 5. Сен қаладасың, ол ... . 6. Ол әжесінде, Сіз ... . 7. Мен Алматыданмын, сендер ... . 8. Бала сабақта, мен ... . 9. Сендер үйдесіңдер, олар ... . 10. Мен дүкендемін, сен ....


10-жаттығу. Төмендегі сұраулы сөйлемдерді не кұптаңыз, не теріске шыға­рыңыз.

а) 1. Сіз студентсіз бе? 2. Сіз ауылдасыз ба? 3. Сіз үлкенсіз бе, кішісіз бе? 4. Сіз қазақсыз ба? 5. Сіз жиырмадасыз ба? 6. Сіз бүгін үйдесіз бе? 7. Сіз Павлодардансыз ба? 8. Сіз үйленгенсіз бе (тұрмыстасыз ба)?

ә) 1. Сіздің жолдасыңыз студент пе? 2. Ол ауылдан ба? 3. Ол үлкен бе, кіші ме? 4. Ол қазақ па? 5. Ол жиырмада ма? 6. Ол бүгін үйде ме? 7. Ол қаладан ба? 8. Ол үйленген бе (тұрмыста ма)?
Етістік негізді туынды етістіктер туынды етістіктерден де, сондай ақ есім негізді етістіктерден де жасала береді. Мысалы: кел- тір, көр- ін, ой- ла- н, бас- та- л. Осыған сәйкес етістіктердің жұрнақтары бір құрамды болып келеді. Мысалы: кел- тір дегенде – бір құрамды, ой- ла- н дегенде екі құрамды, ой-ла- н- дыр дегенде үш құрамды. Етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар негізінен мыналар:

Жұрнақтар

Негізгі сөздер

Туынды етістіктер

-ла/-ле;

-да/-де;


-та/-те

ой «мысль»

арман «мечта»

бас «начало»


ой-ла-у «думать»

арман-да-у «мечтать»

бас-та-у «начинать»


-лас/-лес;

-дас/-тес;

-тас/-тес


бір «один»

ақыл «ум»

сот «суд»


бір-лес-у «объединяться»

ақыл-дас-у «советоваться»

сот-тас-у «судиться»


-а/е


ат «имя»

түн «ночь»



ат-а-у «называть»

түн-е-у «ночевать»




-қар/кер;

-ғар/гер



бас «голова»

ес «память»



бас-қар-у «возглавлять»

ес-кер-у «помнить»



-ар/ер


ақ «белый»

көк «синий/зеленый»



ағ-ар-у «белеть»

көг-ер-у «синеть/зеленеть»




11-жаттығу. Тыңдап, оқыңыз. Туынды етістіктер қай жұрнақ арқылы жасалып тұрғанын айтыңыз. Етістіктерді дәптерлеріңізге көшіріңіз. Жұрнақтардың астын сызыңыз.
аяқтау «заканчивать» ақылдасу « советоваться»

ескеру «помнить» қателесу «ошибаться»

басқару «возглавлять» атау «называть»

есептеу «считать» түнеу «ночевать»

емдеу «лечить» ағару «белеть»

көгеру «зеленеть» теңеу «выравнивать»

сәлемдесу « здороваться» әзірлеу «готовить»

жасару « молодеть» қысқару «укорачиваться

босау «освободиться» тістеу «кусать»

біресу «объединяться» ойлау «думать»

шегелеу «забивать» шаңдау «пылиться»

сарғайю «желтеть» анықтау «уточнять»

суреттеу «обрисовать» амандасу «здороваться»

армандау «мечтать» бағалау «ценить»

белгілеу «отмечать» билеу «танцевать»

жамандау «оговаривать» кеңею «расширяться»

гүлдеу « цвести» жақсару «улучшаться»

құттықтау «поздравлять» тазалау «чистить»

мерекелеу «праздновать» мейрамдау «праздновать»

тұздау «солить» іздеу «искать»

істеу «делать» хабарлау «известить»

көбею «увеличиваться» азаю «уменьшаться»



Жіктік жалғауының қысқарған түрі жедел өткен шақтағы етістіктен кейін жалғанады:


жекеше

Мен аяқтадым

Сен аяқтадың

Сіз аяқтадыңыз

Ол аяқтады


көпше

Біз аяқтадық

Сендер аяқтадыңдар

Сіздер аяқтадыңыздар

Олар аяқтады



11-жаттығу. Мына етістіктерді үш жақта жіктеп, сөйлем құраңыздар.

Ақылдасты, есептеді, қателесті, амандасты, келісті, ескертті, ойлады, көрді.


13-жаттығу. Мәтінді оқып, өзіңіз туралы әңгімелеңіз. Жаңа сөздерді сөздік дәптеріңізге жазып, аударыңыз.
Өзім туралы

Мен Әлішермін, фамилиям Нұғман. Мен он сегіздемін. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бірінші курсының студентімін.

Біздің университетімізде студенттер бірлестігі бар. Мен сол бірлестіктің мүшесімін. Біз университет және қала көлемінде өткізілетін шараларды ұйымдастыруға және жастар мәселесін шешуге ат салысамыз. Бірлестік мүшелері - әр түрлі факультеттің 1-4 курс студенттері.

Біздің отбасымыз өте үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, апам, қарындасым және мен. Ағамнан басқасы Павлодардамыз. Атам мен әжем – егде адамдар, олар – зейнеткерлер. Әкем – кәсіпкер. Шешем – дәрігер. Ағам Астанада министрлікте жұмыс істейді.. Апам тұрмыста. Қарындасым мектепте оқушы. Біз үлкен жекеменшік үйде тұрамыз.

Біздің үйіміз қаланың шетінде орналасқан. Отбасымыз жақсы және тату.

5-Сабақ

5.1 Фонетика: Ң дыбысы, ерекшелігі, дыбысталуы. Буын түрлері.

5.2 Грамматика: Сын есім, дара, күрделі түрлері.Синонимдер.

5.3 Лексика: Досым туралы.

1-жаттығу. Төмендегі сөздерді оқып, айтылуына көңіл аударыңыз.

ең - «самый» ен - «ширина»

оң - «правый» он - «десять»

тоң - «мерзлота» тон - «шуба»

мең - «родинка» мен - «я»

сең - «льдина» сен - «ты»

шың - «вершина» шын - «действительный»

кен - «руда» кең - «просторный»

таңу «завязывать» тану «опознавать»
2-жаттығу. Оқып шығып, жуан және жіңішке буынды сөздерге бөліңіз. Екпіннің үнемі соңғы буынға түсетінін есте сақтаңыз.

Аң, таң, шаң, жең, оң, маң, мың, шың, тең, тың, алаң, аңду, шапшаңц, кеңсе, жаңбыр, маңдай, каңтар, маңыз, елең, саңырауқұлақ, жеңілдік, еңбек, ертең, таңертең, сараңдық, тереңдету, тоңазытқыш, жаңалық, меңгерді, коңырау, теңіз.


Сын есім қазақ тілінде мағынасына қарай сапалық (негізгі) және қатыстық болып бөлінеді. Сапалық сын есімдер заттың сапасы мен сынын білдіреді:


Заттың сапасы мен сыны



Мысалдар

1. Түс

ақ «белый», қара «черный», қызыл «красный», сары «желтый», көк «синий», жасыл «зеленый», қоңыр «коричневый, сұр «серый»

2. Көлем, мөлшер

үлкен «большой», кішкене «маленький», кең «широкий», тар «узкий», биік «высокий», қысқа «короткий»

3. Характер или свойство

жуас «смирный», тентек «озорной», сұлу «красивый», жалқау «ленивый», қатты «твердый»

4. Вкус

ащы «горький», тәтті «сладкий», дәмді «вкусный», тұщы «пресный», қышқыл «кислый»


5. Форма



домалак, «круглый», жалпақ «плоский», томпақ «выпуклый», кисъқ «кривой», тузу «ровный», сопақ «продолговатый», қырлы «граненный», дөңгелек «круглый»


Қатыстық (туынды) сын есімдер келесі жұрнақтар арқылы жасалады:


Жұрнақтары мен мағынасы

Негізгі түбір

Туынды сын есімдер

-лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті указывает на отношение одного предмета к другому

тау «гора» куш «сила» ен «ширина»

тау-лы «горный» күшті «сильный» енді «широкий»

-дай/-дей, -тай/-тей указы­вает на качество предмета от­носительно другого предмета

бала «ребенок» сут «молоко» к;ыз «девушка»

бала-дай «как ребенок» сүт-тей «как молоко» қыз-дай «как девушка»

лык/-л1к, -дык/-д1к, -тык/-тж образует прилагательные от слов, заимствованных из русского языка

инженер компьютер математика

инженер-лік «инженерный» компьтерлік «компьютерньй» математика-лык, «математи­ческий»


-сыз/-сіз

образует отрицательные

прилагательные


бұлт «облако» су «вода» тіс «зуб»

бұлт-сыз «безоблачный» су-сыз «безводный» тіссіз «беззубый»

-қы/-кі, -ғы/-гі указывает на отношение во времени

күз «осень» жаз «лето» қыс «зима» көктем «весна»

күзгі «осенний» жазғы «летний» қысқы «зимний» көктемгі «весенний»

Шырай дегеніміз - бір сынды әртүрлі дәрежеде көрсету арқылы заттардың бір-бірінен не артық, не кем екендігін білдіретін сапалық көрсеткіш. Ол келесі түрлерге бөлінеді:
Салыстырмалы шырай




Жұрнактар

Мысалдар

1

1


-тау/-теу

-лау/-леу

-дау/-деу


ақ-тау, көк-теу,- биік-теу, суық,-тау, бос-тау, шикі-леу, сары-лау, қара-лау, нашар-лау, қу-лау, боз-дау, қызыл-дау, кең-деу, жуан-дау, жасыл-дау

2

2


-рақ/-рек; -ырақ/-ірек

үлкен-ірек, аласа-рақ, кіші-рек, биіг-ірек, жақсы-рақ, жиі-рек; әдемі-рек, таза-рақ

Күшейтпелі (асырмалы) шырай






Сөздер

Мысалдар

1) путем сочетания

положительной

степени

с наречиями



өте «очень»

аса «наиболее»

тым «слишком»

ең «самый» и др.



өте жақсы «очень хорошо» аса қара «слишком черный» тым биік «слишком высокий» ең әдемі «самый красивый»

2) путем удвоения первого слога прилагательного и добавления соединительного-п

-п

қап-қара «пречерный» сап-сары «прежелтый» аппақ «пребелый» қып-қызыл «красный-прекрасный»


3- жаттығу. Оқыңыз және сын есімнің жасалу тәсілін көрсетіңіз.

1. Бай – бір жұрттық, батыр - бір оқтық. 2. Ойлы, арлы адамға бір сөз де жетеді, ойсыз, арсыз адамға мың сөз де жетпейді. 3. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. 4. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. 5. Бейнетсіз рақат жоқ. 6. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер. 7. Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар. 8. Тіл буынсыз, ой түпсіз. 9. Үндемеген үйдей пәледен құтылады. 10. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 11. Білімді өлсе, қағазда аты қалар, ұста өлсе, істеген заты қалар. 12. Өнерлі өрге жүзеді. 13. Аш адам ұрысқақ, ақсақ қой тырысқақ.


4- жаттығу. Мына сын есімдерге қарама – қарсы мәнді сын есім тауып, екеуін де салыстырмалы және асырмалы шырайларға қойыңыз.

а) кір, ащы, алыс, көп, биік, ақ, суық, үлкен, жақсы, кең, қисық, ауыр, жалпақ, арық;

ә) жаман, жақын, аз, кіші, ыстық, тұщы, тар, аласа, қара, таза, түзу, жіңішке, жеңіл, семіз.
5- жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

плохой хуже очень плохой

синий синее синий- пресиний

дорогой дороже очень дорогой

прохладный прохладнее очень прохладный

кривой кривее совсем кривой

веселый веселее очень веселый

легкий легче совсем легкий

молодой моложе совсем молодой

старый старше очень старый

новый новее самый новый

серый серее очень серый

красивый красивее очень красивый

сильный сильнее самый сильный

мягкий мягче очень мягкий

далекий дальше очень далекий


Синонимдер – айтылуы, естілуі, жазылуы әркелкі, мағыналары бір-біріне жуық сөздер. Синонимдер кем дегенде екі сөзден болады. Одан да көп сөзден болуы да мүмкін. Синонимдердің сыртқы формалары мынадай болып келеді:

1) екі сөздің сырт формасы мүлдем басқа болып келіп синонимдер жасалады: адам-кісі, ел-халық, алыс-қашық, әдейі-қасақана, үлкен-зор, надан-топас, нану-сену, т.б.;

кейде синонимдік қатарға енген сөздердің бірді-екілі дыбыстарында ғана өзгеріс болып келеді: мағлұмат-мәлімет;

түбірлерге қосымшалар қосылып, негізгі түбір мен туынды түбір біріне-бір синоним болады: жара-жарақат, ағын-ағыс, ық-ықтасын, қап-қапшақ, келін-келіншек.


6-тапсырма. Берілген сөздердің ішінен синонимдерді тауып, өзара топтаңыздар.
Мол, шаршау, мақсат, жаға, мақұлдау, қамығу, жорта, қарғу, көп, тоқтау, ұрсу, сәлемдесу, қажу, жанында, сүйеніш, зерігу, есею, секіру, әдейі, мұрат, аялдау, титықтау, ырғу, өңір, сауық, дәм, шама, аяу, таяныш, шалдығу, қасақана, ер жету, жекіру, қоштау, амандасу, есіркеу, мөлшер, тамақ, қоныс, ұсақ, жиек, сарай, дем алу, жаны ашу, мұңаю, сылтау, алап, майда, торығу, болдыру, тағым, нарық, мекен, аймақ, баға, ас, қасына, жай, желеу, ұлпа.
7-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді жазып алыңыз. Өз досыңыз туралы әңгімелеңіз.
Менің досым

Достық – адамдардың бір- бірімен жаны қалап, шын жақын көріп, қалтықсыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Бұрынғы халық даналығы айтқандай: «Көп ақшаң болғанша көп досың болсын».

Әрине, достық- әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір – бріне пейілі ықыласы түскен, жан- жүрегі қалаған, көз қарасы мен ой- ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Ал мен өз досым туралы айтатын болсам, ол адам менің жүрегімде ерекше орынды иеленді. Оның ол орынды иеленуі, оның адамгершілігі мол, сыпайы, тәрбиелі, инабатты, қарапайым, ақылды, өзіне не тілесе басқаға да соны тілейтін адам болғаны үшін. Қиналған шағында әрдайым қасынан табылып, ақылын айтып, қолынан келгенінше көмегін аямайтын сондай керемет жан. Ата бабамыздың «Аққуды атпа, досынды сатпа» - деген керемет мақалы бар. Дос деген әр уақытта сені жаманнан қорғаймын деп, өз жанын құрбан ететін адам.
8-тапсырма. Мына сөздердің синонимдерін өздеріңіз ойлап табыңыздар.

Абайлау, абырой, адал, аласа, абыржу, қомсыну, қадір, жол, ынта, икемдік, жомарт, жақын, батыл, қиын, жұмсақ, шелек, әдет, үлкен, жиын, пысық, болжал, ылғал, сабырлы, көлем, арман, әрең, өте, кінә, кедергі, дұғал, күңгірт, дауыс, тамақ, лас, бұйрық, мінез, реніш, құрбы, төңірек, белгі, жайдары, құрғақ, ақырын, ақыл.



9-тапсырма. Төмендегі сын есімдерді аударыңыз, осы сөздерді қолдану арқылы көршіңізді суреттеңіз
Ұзын бойлы, мейірімді, ақжарқын, жуас, жігерлі, тапал, көңілді, қатыгез, қабағы қатулы, азулы, сүйкімді, жайдарлы. Қой көзді, момын, ұзын шашты, қысқа шашты, бұйра шашты, сымбатты, орта бойлы, толықша, арықша, келбетті, аққұба, қараторы, еңбекқор, жалқаулау, әзілқой, үндемес, сөзуар, алғыр, тапқыр, елгезек, пысық.
10-тапсырма. Мақалдардың мәнін ашыңыз. Жаттап алыңыз.
Аттыға жаяу жолдас болмас.

Жақсы дос үшін жан пида.

Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам.

Өз басынды жауға берсең де,

Жолдасыңды жауға берме.


6-Сабақ

6.1 Фонетика: Ң дыбысы, ерекшелігін қайталау

6.2 Грамматика: Зат есім. Дара, күрделі зат есімдер. Жалпылау есімдігі. Омонимдер.

6.3 Лексика: Отбасы.(Туыстық қатынастар)
1-жаттығу. Сөздікті пайдалана отырып, келесі сөздерге қарсы мәнді сөздерді тауып жазыңыздар.
Ауыр, ескі, жарық, тар, жомарт, жеңіліс.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып, түрлерін ажыратыңыз.
Сен бала емес..., сендер үлкен... ..., сендер университетте... ..., сен он сегізде..., Сенің ін... мектепте. Менің ағам... жеке фирмасы бар. Сенің аға... жиырмада. Ол студенттік кеңес... төрағасы. Мен экономика факультеті... студентімін. Сіз... әпке..., біз дәрігер...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет