А и. жУмадулаева «Органикалық молекулардың функционалдық молекулардың тундыларының химиясы» пәнінен Зертханалық сабақтарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік НҰСҚау 5В01503 Химия білім беру бағдарламасы


Бензолды алу және оның қасиеттерін зерттеу



бет11/45
Дата02.02.2022
өлшемі473.25 Kb.
#455063
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Зертханалық жұмыс

Бензолды алу және оның қасиеттерін зерттеу

Реактивтер: Бензой қышқылы, металл натрий, натронды ізбес, кальций хлориді, азот қышқылы, күкірт қышқылы, ацетилен, этил спирті, кальций карбиді, бензол, толуол, ксилол, сірке қышқылы.

Бензой қышқылынан бензол алу. 2 г бснзой қышқыл натрий мен 4 г натронды ізбес қоспасын пробиркаға салып, аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындап, штативке аузын төмен қаратып, көлбеу бекітеді. Газ жүретін түтіктің екінші ұшын мұзы не қары бар ваннаға салынған суы бар стақанға батырады.

Қоспасы бар пробирканы алғаш баяу, содан кейін күшті қыздырады. Бөлініп шыққан бензол стақандағы су бетіне жиналады.



Оны судан бөліп алып, кальций хлориді көмегімен құрғатады. Кейде суы бар стақан орнына 3—4 мл азот қышқылы мен күкірт қышқылы (1:2) қоспасы құйылған пробирканы қояды. Ол кезде бензол азот қышқылымен әрекеттесіп, миндаль иісіндей иісі бар нитробензол түзеді. (Н24 мұнда катализатор ретінде қатысады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет